ас
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
БҚО-да тағы бір ауданды су басып қалды
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су деңгейі артып, елді мекендерді тасқын су басты. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға басшылық етіп, төтенше жағдайлар қызметімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға толық көмек көрсетіледі - Құмар Ақсақалов
Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар орын алған облыстың оңтүстік аудандарындағы атқарылып жатқан шаралардың жай-жапсарымен өзі келіп танысты. Арқалықтағы сапарында қалаға қарасты Северный кентінің Пролетарская көшесіндегі ағын судың алдын алу жұмыстарын көріп, үйлерін су басқан тұрғындардың да ахуалдарына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысы тұрғындарының шығыны өтеледі
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аймақтағы су тасқынына байланысты тұрғындарды сабырға шақырып, арнайы құрылған комиссия шығындарды есептейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект саласында ықпалдастықты нығайту маңызды
Боао Азия форумының пленарлық сессиясындағы сөйлеген сөзінде Президент көлік-транзит ынтымақтастығы, азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық ынтымақтастық сынды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Президент БАФ қонақтарын Астана халықаралық форумына шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясында шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Әлемге әділдік қағидаттарына негізделген жаңа сауда жүйесі керек - Тоқаев
Фискальды және ақша-несие жүйесін жетілдіру, қаржы ағындарын кеңейту, институттардың сапасын арттыру шаралары нарықтық және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруға ықпал етеді, соның нәтижесінде аталған сала анағұрлым ашық, сенімді әрі қарқынды бола түседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Министрліктер су тасқынымен қалай күресіп жатыр?
Бүгін Бас прокуратурада су тасқыны бойынша барлық мүдделі органдарды тартумен ведомствоаралық жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Тоқыма-тігін саласы аяғына нық тұра алмай отыр
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев жеңіл өнеркәсіп туралы өзекті мәселе көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың ісі сотта қайта қаралады
Бүгін Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынған
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі ашық түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Наурыз, 2024
Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонында басшылық құраммен кеңес өткізді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштердің командалық құрамымен көшпелі жедел кеңес өтті.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Арқалық қаласының маңайындағы Әбдіғаппар хан, Екідің елді мекендерінің эвакуациялауға келісім берген тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Төтенше жағдай • 27 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Үкімет басшысы жағдайды өз бақылауына алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, сондай-ақ жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 27 Наурыз, 2024
Бұл сұраққа қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бақытжан Мәуленбердиев жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
Астанада 42 жастағы әйел көпірден секірмек болды (видео)
Полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Жол болмаса, қандай серпін, қандай даму болады?
«Ауыл» фракциясы депутаттары атынан Қарақат Әбден жолдардың сапасыздығына назар аударып, Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2024
Елордада жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жастар әдеби клубының алғашқы басқосуы өтті. Жиынға елдің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сыйлығының лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды. Бұған су тасқыны кезеңіне дайындықтың нашарлығы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысының оңтүстігіндегі тұрғындарды еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Әсіресе, Арқалықтың маңайындағы елді мекендер қиын жағдайда отыр. Күн райының күрт жылынуының салдарынан Арқалық қаласына қарасты бірнеше ауылды және Аманкелді кентін қызыл су басып қалған. Жангелдин ауданындағы жолды су шайып кетті. Апат аймағында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Үкімет • 27 Наурыз, 2024
Société Générale банкі өкілдерімен қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
«Қазгидромет» қызметінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Сырым ауданының орталығы Жымпиты мен жапсарлас Өлеңті ауылдарының өзен маңында орналасқан үйлерін су басу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері тасқынға қарсы күресте жүр
Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың бел ортасында Орал шаһарында орналасқан 5517 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы да жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр
Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында байқалды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2024
Қазақстан-Қытай форумы: Сауда және экономикалық ынтымақтастық кеңейтілді
Таяуда Астана қаласында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай – Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнінде экспорттаушылардың екінші форумы өтті.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Қарғын су: Ақтөбе облысында 74 адам эвакуацияланды
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылында 2 үйдің учаскесін су басып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Наурыз, 2024
«Үйден шыға алмай отырмыз». Ақтөбе облысында үйлер суға кетіп жатыр
Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Тараз тұрғыны алименттің орнына баспанасын берді
Сот орындаушылары алиментті мәжбүрлеу арқылы өндіреді. Сондықтан алименттен жалтару мүмкін емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Наурыз, 2024
Siri мен Алиса қазақ тілінде қашан сөйлейді?
Мәжіліс кулуарында Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов қазір IT секторы мен жасанды интеллект мәтінінде қазақ тілін дамыту өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.