министрлігі
Қазақстан • 23 Шілде, 2020
АШМ зертхана ғимараттарын Денсаулық сақтау министрлігіне беруге дайын
Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық зертхана ғимаратын ауылдық жерлерде COVID-19 вирусына ПТР-зерттеу жүргізу үшін уақытша Денсаулық сақтау министрлігіне қолдануға береді
Қазақстан • 22 Шілде, 2020
Экология министрлігі Waste to energy технология бойынша заң жобасын әзірледі
Бұл технология қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясына айналдыруды қамтамасыз етеді. Министрлік келесі жылы осындай зауыттарды салу үшін аукциондар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады бүгін Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтандағы брифингте.
Экология • 21 Шілде, 2020
Экология министрлігі Көбейтұз көлін қорғау шараларын қабылдайды
Туристердің көл жағалауын қоқысқа толтырып ластауы және табиғи тұзды өздерімен бірге көп мөлшерде әкетуі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бүгін көлге арнайы тексеріспен барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 20 Шілде, 2020
Қазақстандағы Латвияның Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады
Біздің елдегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Латвия Республикасының Елшісі Юрис Погребняксты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Экология • 20 Шілде, 2020
Экология министрлігі "Көбейтұз" көлін тексеруді бастады
Әлеуметтік желіде "Көбейтұз" қызғылт көлінен тұз сату туралы хабарламалар тарала бастады. Сатушылар коронавирусты емдеуге көмектеседі деп сендіреді. Осыған байланысты Экология министрлігінде тексеріс басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Шілде, 2020
Елімізде заңсыз қоқыс орындары жөнінде жедел желі жұмысын іске қосты
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Твиттердегі парақшасында елімізде заңсыз қоқыс орындары жөнінде жедел желі жұмысын іске қосқандығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 14 Шілде, 2020
С.Омаров: "Экспорттық гидтердің" үлгілік жүйесін енгізу жоспарлануда
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі қазіргі жағдай туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады. Бұл туралы primeminister.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Тағайындау • 13 Шілде, 2020
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 09 Шілде, 2020
Қазақстанда аздаған экономикалық өсім болжануда
Қызмет көрсету саласы қарқын алады, өндіріс секторында жоғары динамика байқалады. Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін шағын экономикалық өсім орын алатыны туралы болжануда. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
Коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастар туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан үйде болуды сұрайды
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан үйде болуды сұрайды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Қорғаныс министрлігі отандық әскери журналистиканың ардагерін құттықтады
Қорғаныс ведомствосының өкілдері белгілі қазақстандық әскери журналист әрі жазушы, отставкадағы полковник Сапарғали Жағыпаровтың 70 жылдығына орай қорғаныс министрінің атынан құттықтау қағазы мен аты жазылған қолсағат табыстады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарына офицерлік шен тапсырылды
Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Жалпыәскери жарғыларына өзгертулер мен толықтырулар қатары дайындалды
Қорғаныс министрлігімен "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы әзірленді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Маусым, 2020
Қорғаныс министрлігі коронавируспен күрес жоспарын түзді
Қорғаныс министрлігінде аппараттық кеңес барысында жеке құрамды карантиндік шаралар жағдайында жауынгерлік даярлау және оқыту мәселелері, Қарулы Күштердегі коронавирус індетімен күрес жөніндегі іс-шаралар талқыланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 29 Маусым, 2020
Ведомствоаралық комиссия мен министрлік міндеттерді орындай алмады - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігі қойылған міндеттерді орындай алмағанын мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 27 Маусым, 2020
ҰОС қатысушыларының туыстарына естелік сертификаттары табысталды
Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери тарих мұражайының өкілдері 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың туыстарына жеке естелік сертификаттарын табыстады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға • 26 Маусым, 2020
Мәдениет және спорт министрлігі "Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020" республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Әскери өкілдіктердің қызметіне өзгертулер енгізіледі
Қорғаныс министрінің "Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 23 Маусым, 2020
Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын орындауға дайын
ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы өтті, оған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Экономика • 17 Маусым, 2020
Экспорттаушылардың шығындары өтелмек
Сауда және интеграция министрлігіне 2020 жылдың басынан бастап 246 экспорттаушылардан жалпы сомасы 5 848 млн. тг болатын сервистік шығындарын өтеуге 500 өтінім түсті, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Уақытша жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу ережелері өзгертілді
"Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туарлы" ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Елбасы кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық орнатты
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Орнатылған қоян-қолтық байланыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттауды, жастар саясаты саласында тиімді серіктестік орнатуды, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеуге бағытталған мәдени-танымдық және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды көздейді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Шымкентте модульді жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 10 Маусым, 2020
Библиография қызметі талқыланды
Жуырда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен һәм Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен "Сандық кеңістіктегі библиография қызметі" тақырыбында халықаралық онлайн семинар болып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Маусым, 2020
Мағзұм Мырзағалиев халық алдында есеп береді
10 маусымда сағат 15.00-де ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Маусым, 2020
Қорғаныс министрлігінің қызметтері мобильді қосымшада қолжетімді болады
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қорғаныс министрлігі құрамалымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі халыққа eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.