Ақ
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Дәнді дақылдардың 81 пайызы жиналды – АШМ
2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 12.9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 81.3% жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Ел аумағынан 18 мыңнан астам адам кетті
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-шілде айларында елге 5 409 адам келсе, елден кеткендер саны 18 198 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2021
Ақтоты Райымқұлова Азия чемпионы Динара Сәдуақасованы қабылдады
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы Динара Сәдуақасованы және оның анасы әрі ресми өкілі Орал Өтешованы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Қыркүйек, 2021
Елорда әкімдігінің алдындағы алаң саябаққа айналады
Елорда әкімдігі алдындағы алаң абаттандырыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
Қарызын төлемегені үшін пойыздан түсіріп алды
Өскемен қаласының полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне мемлекеттік сот орындаушысының мемлекеттік ұйымның пайдасына 31 млн теңгеден астам қарызы бар 52 жастағы азаматтан қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ПД-ға сілтеме жасап.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2021
Нигерияда тырысқақ ауруы көбейді
Нигерияда коронавирус індетімен қатар тырысқақ дерті дендеп барады. Бүгінгі күнге дейін кеселден 2300 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Қыркүйек, 2021
АҚШ мамонтты қайта тірілтуді жоспарлап отыр
АҚШ-тың Colossal биотехнологиялық компаниясының зерттеушілері генетикалық технологияның көмегімен жойылып кеткен жүнді мамонтты қайта тірілтуге күш салмақ, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021
Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекке дейін созылған болатын. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жедел-тергеу тобының (ЖТТ) басшысы Хасановтың күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта болу уақытын екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзарту туралы өтінішхатын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2021
Зейнетақы активтері артты – Досаев
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, биылғы жылдың тамыз айында сыртқы қаржы және тауар нарықтарындағы, сондай-ақ ішкі экономикадағы ахуал тұрақты болып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2021
Меркель Еуро Одақты кеңейтуді ұсынды
Германия канцлері Ангела Меркель Сербия астанасына сапары кезінде Еуропалық Одақты кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Сенатта әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесі талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Қыркүйек, 2021
«Болашақ» бағдарламасының түлектері оқушыларға көмектеседі
«Болашақ» бағдарламасының 150-ден астам түлегі жүз мың оқушыға мамандық таңдауда көмектеседі, деп жазады Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2021
ФИДЕ өкілдері қазақстандық шахматшының өнерін бағалады
17 жасар қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның ойынын Халықаралық шахмат Федерациясы (ФИДЕ) ерекше бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақта жырдың күйіндей деген сөз бар. Әңгімені жырдың күйіндей қылып жеткізетіндер болады. Ақ тазының алғанын айтып қоя салмай, әуелі қара тазының шалғанын, сол уақытта желдің қалай соғып, жалт бұрылғанда тымағының қисайып бара жатқанын, оны түзей бергенде ер-тоқымы ауып, аттан түсіп қала жаздап зорға түзеліп, міңгі торының жуастығынан аман қалғанын, жынды торы болғанда құлап мертігіп, не жаяу жете алмай қиырда қаларын бір қаперге салып өтіп, әйтеуір сөйтіп жүргенде ақ тазының түлкіні аузына түсіргенін әсірелеп айтқанда, аузыңның суын құртып қояды. Аз ғана дүниені жырдың күйіндей қылады. Бұлай әсірелеп сөйлеудің жақсы, жамандығы бөлек әңгіме.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Алматы мемлекеттік Қуыршақ театрындағы Момынжановтар отбасын әріптестері сыртынан «миллионер отбасы» деп әзілдейді. Әйтпегенде ше, бір кәсіп, бір театр, бір орта, бір отбасы ортақтастырған ерлі-зайыпты әртістердің екеуі де талантты, екеуі де еңбекқор. Отағасы Болат Момынжанов еліміздің мәдени кеңістігінде рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген үздіктерге берілетін «Сахнагер» Ұлттық театр байқауының жүлдегері болса, жұбайы Ұлбосын Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығын жеңіп алған. Театр өнеріндегі талантты әртістерге берілетін ең жоғарғы сыйлықты миллион теңгемен бірге еншілеген екеуі содан бері өз ортасында «миллионер отбасы» атанып кетті.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!
Кейінгі кезде қоғамның мемлекеттік тіл мәселелеріне деген қызығушылығы артуда. Бұл бір жағынан қуантады. Екінші жағынан, жағдай ашыған қамырдай күмпиiп бара жатқандай сезіледі. Ашынған кейбір азаматтар әлеуметтік желіде ащы-ащы пікір айтып, азаттық жылдарында тілге қатысты түк ілгерілеу болмағандай сөйлеуде. Шынында солай ма? Біржақты сын айызды қандырардай сүйкімді көрініп, бұқараның есiл-дертiн жаулап алатыны бар. Осы қызбалыққа бәріміз дем беріп, шиеленісті өршіте түссек не болмақ?
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Қызылордада қарасора өсіргендер ұсталды
Қызылорда облысында үш ер адам 2,5 мыңға жуық қарасора өсіргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Ресей Қазақстанға әуе рейстерінің санын көбейтеді
21 қыркүйектен бастап Ресей Қазақстанмен әуе рейстерінің санын көбейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда жаңадан тоғыз су қоймасы салынады
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ел және Елбасы • 13 Қыркүйек, 2021
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмысының негізгі нәтижелері туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ел және Елбасы • 13 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президентін қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Linde Group неміс компаниясының вице-президентімен газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
АҚШ жағалауына тропикалық дауыл жақындап келеді
«Николас» тропикалық дауылы Мексика шығанағымен өтіп. АҚШ жағалауына жақындап келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақстандық балуан Румынияда өткен Әлем кубогында жеңімпаз болды
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылжар Арландары» спорт клубының мүшесі Мұхит Тұрсынов Румынияның Констанца қаласында халықаралық этникалық мәдениет фестивалі аясында қазақ күресінен өткен Әлем кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Аида Балаева ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2021
Медведевтің мерейі үстем болды
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Ерлер сайысында Ресейдің сайыпқыраны Даниил Медведевке тең келер ешкім табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
АҚШ-та вирус жұқтырған балалар саны артты
АҚШ-та кәмелетке толмағандарды ауруханаға жатқызу жағдайлары бойынша жаңа антирекорд тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2021
2 миллионнан астам адам санақтан онлайн өтті
13 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 2 041 876 респондент онлайн санақтан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Өзбекстан Қазақстанның құрылыс саласындағы тәжірибесіне сүйенеді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ мен Өзбекстанның Құрылыс министрлігі жанындағы Құрылыстағы техникалық нормалау орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
АҚШ 11 қыркүйектегі лаңкестікке қатысты құпия құжаттарды жариялай бастады
Федералдық тергеу бюросы 2001 жылы 1 қыркүйекте АҚШ-та болған лаңкестік оқиғаға қатысты құпия құжаттарды жариялай бастады, деп жазады Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.