ек
Медицина • 09 Шілде, 2020
Солтүстікте жасанды дәрі-дәрмек сатудың фактісі анықталды
Петропавл қаласындағы дәріханалардың бірінің айналымынан емдік препараттардың бір мың бес жүзге жуық данасы алынды. Ол Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен дәріхана мекемелеріне мониторинг жүргізу барысында анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Маңғыстауға дәрі-дәрмек жеткізіледі
Бұл туралы онлайн-брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, еліміз бойынша өзекті болған дәріханалардағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігі өңірде реттеле бастады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Дәрі-дәрмек дағдарысы отандық фармацевтиканы дамыта ма?
Дүниені бір тарының қауызына сыйғызып жіберген жұқпалы індет әлемнің экономикалық дамуы мен өндірістік үдерісін де қайта жоспарлауға мәжбүр еткені анық. Яғни бұдан былайғы кезеңде тұтыну нарығын қамтитын өнеркәсіп саласындағы жаһандану үрдісі үзіліп, ішкі өндірістердің дамуына көңіл бөлудің маңыздылығы күн тәртібіне шығады, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 09 Шілде, 2020
Айдың соңына дейін Алматыға 3 млн қаптама дәрі жеткізіледі
Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, шілде айының соңына дейін мегаполиске үш миллионнан астам өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмек жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Заңсыз дәрі-дәрмек сатқан алыпсатар ұсталды
Қостанай облысында жүргізілген рейд шаралары барысында Ресейден дәрі-дәрмек әкеліп, оның үстіне 30% үстеме баға қосып сатпақ болған 29 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оңтүстік Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Өмірзақ Шөкеев: Ауруханаларда төсек-орын қоры жеткілікті
Түркістан облысы бойынша коронавирусқа қарсы қабылданған тиісті шаралардың арқасында қазіргі таңда жағдай тұрақталған. Емдеу шаралары үшін инфекциялық стационарларда – 440, провизорлық стационарларда – 1891, карантиндік орталықтарда 980 төсек-орын ұйымдастырылған. Жалпы, ауруханалардағы төсек-орындар қоры жеткілікті. Дайындалған орындардың 41 пайызы қазіргі таңда бос тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Шілде, 2020
Қазақстандықтардың мүгедектік мерзімі 3 айға созылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік мерзімін автоматты түрде 3 айға ұзарту туралы бұйрық қабылдады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Парламент • 09 Шілде, 2020
Жаһанды жайлаған пандемия індетіне қарсы күш - мемлекет пен халықтың арасында өзара қолдау, түсіністік, сенім болған кезде қалыптасатыны сөзсіз. Қазіргі жағдай қанша қиын болғанына қарамастан, мемлекетіміз індетті жеңуге жұмылуда. Дәрігерлеріміз жанқиярлық ерлік көрсетуде. Осы ретте халқымыздың саналы әрекеті мен жауапкершілігі аса маңызды. Президент осыны баса айтты, елге демеу болатын сөзін жеткізді.
Медицина • 09 Шілде, 2020
Медицина қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 шілдеден бастап полицияның кешенді күштері дәрі-дәрмектердің жасанды тапшылығына қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау және оларды жоғары бағамен заңсыз сату бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Дәріханаларға апта сайын дәрі-дәрмек жеткізіледі
Нұр-Сұлтан әкімдігінде COVID-19-бен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, балама дәрілердің тізімін кеңейту, дәріханаларға дәрі-дәрмектерді тарату мәселелері талқыланды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Нұр-Сұлтан әкімдігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елге дәрі-дәрмектерді сатып алу және әкелу процедураларын жеңілдету, логистика мәселелеріне қолдау көрсетеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Қайырымдылығыңның сауабын берсін...
Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ жылдардан бері астық өсіріп, ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын ірі кәсіпкерлердің бірі, "Ноғайбай" ЖШС бас директоры Алтынбек Сапаров облыстық ауруханаға жаман індетке қарсы күреске көмек ретінде өз қаражатынан 2,5 млн теңге сыйлады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге артты
Нұр-Сұлтанда пандемия басталғалы инфекциялық төсек-орын саны 1 мыңнан 3 мың 700-ге дейін артты. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 13-ке дейін өсті. Соңғы күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 240 төсек-орынға арналған инфекциялық стационардың жеке блогы ашылды. № 1 көп бейінді аурухана жұқпалы аурулар стационарына толығымен қайта жабдықталған. "Ramada Plaza" қонақ үйі базасында 500 қосымша төсек-орын орналасқан. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендер анықталды
Шара қабылдау үшін материалдар фармацевтикалық бақылауға тапсырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі-дәрмек бағасын бақылауда
"ANTIKOR ORTALYGY" алаңында "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев пен денсаулық сақтау басқармасының Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гаухар Әлібекова дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тікелей эфир барысында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Шілде, 2020
59 жастағы әйел адам пауэрлифтингпен айналысады
Маңғыстау облысында "Шектеусіз спорт" жобасы жүзеге асырылады, оның шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пауэрлифтинг секциясы жұмыс істейді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алтай Көлгінов азаматтармен кезекті онлайн қабылдау өткізді
Нұр-Сұлтан әкімдігі пилоттық режимде тұрғындарды қабылдау үшін азаматтардың электронды карталар жүйесін іске қосты. Жаңа жүйе тұрғындар өтінімінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 1,9 млрд. теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 08 Шілде, 2020
Сербия халқы ел президентінің биліктен кетуін талап етті
Сербиялық наразылық білдірушілер коменданттық сағатты енгізу туралы шешімнен кейін полиция өкілдеріне қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 08 Шілде, 2020
30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн тіркеді
II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимінде алғаш рет атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауды ресімдеді. Мұндай мүмкіндік азаматтарға мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында берілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңі ішінде АӘК алғаш рет тағайындау үшін азаматтар электрондық форматта өтініш бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Жамбылда коронавируспен күресте тиісті жұмыстар жүргізілуде
Әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен ауырғандар санының өсуі Жамбыл облысында да байқалуда. Бүгінгі таңда өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1866 адамға жетіп отыр. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында облыс бойынша 5 шілдеден бастап қатаң шектеу шаралары енгізілді. Өңірде қоғамдық көліктің, жабық базарлар мен азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, қоғамдық тамақтану және басқа да кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2020
Ресей Федерациясы Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 08 Шілде, 2020
Сауд Арабия қажылыққа келгендерге Қағбаны ұстауға тыйым салды
Сауд Арабия билігі пандемияға байланысты алдағы қажылық кезінде қажыларға Қағбаны ұстауға тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден өтті
Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек дүниеден өтті. Бұл туралы продюсер Нұртас Адамбай Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Қарағандыда дәріні удай бағаға сатқан алыпсатар ұсталды
Кеншілер астанасында Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмекті заңсыз және қымбат бағаға сатқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Шілде, 2020
Балалықтан азаматтыққа дейінгі жол Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржанов 1919 жылы 21 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Қуаныш ауылында дүниеге келген.
Медицина • 07 Шілде, 2020
Медициналық мекемелерге дәрі-дәрмектер қалай жеткізіледі?
Бірыңғай дистрибьютор қазіргі жағдайға байланысты бүкіл медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізумен айналысып жатыр. Бұл туралы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 07 Шілде, 2020
Инфекциялық стационардан шыққаннан кейінгі науқастарға арналған қадағалау алгоритмі
COVID-19 пневмониясынан өткен науқастарға арналған инфекциялық стационардан шыққаннан кейінгі қадағалау алгоритмін Egemen.kz ұсынады.
Медицина • 07 Шілде, 2020
Ғалымдар ағзаны инфекциядан қорғайтын жасушаларды зерттеу қажет деп санайды
Мұны ғылым тілінде ағза мен жасушылар арасында қорғаныш қамалын атқарып тұратын көзге көрінбейтін иммунитет деп атайды екен. Соңғы аптада ғалымдар иммунитеттің бұл түріне "тып-тыныш, бұйығы" деп баға берген. Енді ғалымдар енді сол иммунитет жасушасының қызметіне көбірек бөліну қажеттігіне басымдық беріле бастады. Егер, бұл тұжырымның негіздігі дәлелденсе, иммунитет жасушасын емдеуге басымдық берілмек. Бұл қазақы тілмен айтқанда кеудеде берік қорғанысты күшейтіп тұрған бекіністі антибиотиктермен емес, бай дәрумендермен емдеу арқылы қауіпті дерттің өкпеге түсіп, тыныс жолдарын бекітіп тастауын тиып тастауға жол ашылады. "Коронавирустың құрбандарының саны едәуір бағаланбаған болуы мүмкін, өйткені сарапшылар қан жадындағы Т клеткаларымен күресуден гөрі, қандағы ерекше антиденелерді іздейді, дейді Daily Mail" деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Шілде, 2020
Елордада екі күн ішінде 10-ға жуық дәрі-дәрмек түрі тәркіленді
Дәрі-дәрмектердің жалпы құны 6 млн теңгені құрады Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.