ер
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Температурасы бар түлектер тестке жіберілмейді
Елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар қатаң ұстану арқылы өткізілуде. Осылайша, күні кеше жоғары температурамен анықталған 2 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Оларға басқа күндері немесе бөлек аудиторияда жалғыз тапсыру ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сирек кездесетін Күннің тұтылуы Азия елдерінде байқалды
Аспан әлемін бақылаушылардың айтуынша, Батыс Африканың кейбір жерінде, Араб түбегінде, Оңтүстік Азияда, Қытайдың оңтүстігінде және Таиваньда күннің күрт тұтылуы байқалған, деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 22 Маусым, 2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Қымбатшылық қалтаны тарылтып тұр
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй құрылысын жүргізуде Көкшетау қаласы мен Ерейментау ауданында бірқатар түйткілдер анықталып отыр. Бұл мәселе облыстық "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Коронавирус жұқтырған симптомсыз 964 тасымалдаушы тіркелді
2020 жылғы 21 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Балаңыз терезеден құлап кетпес үшін не істеу керек?
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Павлодар облысында биылғы жыл басынан бері облыс орталығында 4-5 тер шамасындағы 4 бала, Екібастұз қаласында 2 бала тұрғын үйлердің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Маусым, 2020
Британияның The Mirror басылымы Ағылшын Премьер-лигасындағы ең нашар жаттықтырушылардың рейтингін жариялады.
Спорт • 21 Маусым, 2020
Футбол: "Шахтер" қатарынан төртінші рет топ жарды
Футболдан Украина біріншілігінің жеңімпазы анықталды. Қатарынан төртінші рет бұл атақ Донецкінің "Шахтер" клубына бұйырып отыр.
Қоғам • 21 Маусым, 2020
Дәрігерлерге қолдау көрсету әрі қарай да жалғасын таба бермек - Байбек
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі өзінің парақшасында Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаған жазбасында осылай деді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Ертіс ауданындағы су желісі монополистер қарауына берілуі мүмкін
Өңірдегі Ертіс ауданында орналасқан Беловод топтық су желісі арқылы берілетін су мемлекет тарапынан субсидиялануы мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Маусым, 2020
Асқар Мамин қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Үкімет басшысы Асқар Мамин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Полицияның медицина қызметі қалғымайды
Бүгінгі "Медицина қызметкерлері күнімен" СҚО полицейлері өздерінің медициналық бөлімінің қызметкерлерін кеше құттықтады. Бұл бөлімнің қызметкерлері кәсіби мерекесін күшейтілген карантин режімі жағдайында қарсы алып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2020
Бүгін - медицина қызметкері күні
Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Әскери бөлімдер мен мекемелерді орналастыру нормалары әзірленді
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын пәтерлерге орналастырудың заттай нормаларын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 20 Маусым, 2020
Шымкентте медицина қызметкерлеріне сыйлықтар тапсырылды
Шымкент қаласында 21 маусым – медицина қызметкерлер күніне орай Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мырзақұлов ауруханаларға арнайы барып, ақ халатты абзал жандарды құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
iKOMEK Нұр-Сұлтандағы карантин ережелерін бұзушыларды анықтауға көмектеседі
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының артуына байланысты ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 20-21 маусымы – демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Алматыда 2 мыңнан астам полиция қызметкері карантин режимінің сақталуын бақылап отыр
Алматы полициясы халық көп жиналатын жерлердегі сақтық шараларын қамтамасыз ете үшін қала аумағын қадағалауды күшейтті. Бұл іске 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Ұлттық ұлан жас сарбаздары Отан алдында Ант берді
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 200-ге жуық сарбаз бабаларымыздан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді. Ант рәсімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесі үздік жас сарбаз Сүлейменов Ыдырыс Әбубәкірұлына берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Елордалық полицейлер қауіпсіздік шараларын ескертуде
20-21 маусым күндері қосымша шектеу шараларының енгізілуіне байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Оралда дәрігерлерге арналған көше концерті өтті
Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Метхат Қамбетов бастаған бір топ өнерпаздар Орал қаласындағы теміржолшылар ауруханасы алдында медициналық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?
Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мен инфекционист дәрігер Тамара Утаганова коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамаларын түсіндірді, сонымен бірге үй карантинін ұйымдастыру, ауруханаға жатқызу және коронавирус зардаптарына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері талқыланды
Ауыл шаруашылығы министрлігінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Видео • 19 Маусым, 2020
Биыл 21 маусым мен 5 шілде аралығында 130 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістан облысында 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталды
Түркістан облысында 5202 дәрігер және 18120 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Кәсіби мерекелеріне орай өңірдегі 200-ге жуық медицина қызметкері "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, "Құрмет грамотасы" және "Еңбек ардагері" медалімен, сондай-ақ Алғыс хатпен және коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүргендер "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шымкентте волонтерлерге Елбасының Алғыс хаты табысталды
Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов конференциялық байланыс арқылы волонтерлерді құттықтап, "Birgemiz" республикалық акциясына белсенді қатысқандарды Тұңғыш Президент − Елбасының Алғыс хатымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістанда еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Түркістан қаласында пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Марапатты облыс әкімі, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 19 Маусым, 2020
Англия билігі алдағы қыркүйекте мектептерін ашуға ниетті
Англияның Мектеп хатшысы Ник Гибб үкіметтің алдағы қыркүйек айында барлық оқушыларды ағылшын мектептеріне қайтаруға "нақты ниеті" бар екенін айтты. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Елжан Біртанов медицина қызметкерлерін құттықтады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz