e
Медицина • 16 Маусым, 2021
Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын жеткізудің нақты уақыты анықталмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 16 Маусым, 2021
EURO-2020: Франция Мюнхенде Германияны жеңді
Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турының соңғы матчында Франция құрамасы Германияны 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2021
Елордада «Bus Lane» жолағы тағы екі көшеде іске қосылады
Елордада 20 маусымнан бастап Ұлы дала даңғылы бойында Мәңгілік Ел даңғылы – 38 көшесі бөлігіндегі екі бағытта «Bus Lane» жолағы іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Қазақстан • 15 Маусым, 2021
Kazakhstan Project Management Awards 2021 ұлттық конкурсы басталды
Мемлекет басшысы өткен жылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметіне жобалық тәсілді енгізу міндетін қойды. Басқа елдердің тәжірибесі бойынша Kazakhstan Project Management Awards 2021 байқауы ұйымдастырылды. Ол жыл сайын өткізіледі. Тек осы жылы ғана мемлекеттік органдардан басқа, бизнес өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және ҮЕҰ қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Маусым, 2021
UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі
15 маусымда Мюнхенде UEFA EURO 2020 чемпионаты аясында Франция-Германия құрамалары кездеседі. Биыл бұл құрамалар Португалия және Венгриямен бір топқа түсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2021
Оралда «Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды
Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асыратын «Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2021
Қостанайда Capstone Project жобасының жеңімпаздары анықталды
Құқық қорғау саласына кадр даярлайтын Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірнеше курсанты Еуропаға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Маусым, 2021
EURO2020: Италия Түркиядан басым түсті
Бір жылға шегеріліп, футбол жанкүйерлерін асыға күттірген кәрі құрлықтағы доп додасының алғашқы матчы Италия құрама командасының пайдасына шешілді. «Скуадра Адзурра» 3-0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Маусым, 2021
Елімізде «TenQogam» орталықтары ашылады
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру үшін өңірлерде «TenQogam» орталықтары ашылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Маусым, 2021
Қазақстан мен Польша арасында әуе қатынасы қайта жанданады
Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы рейстерді 2021 жылғы 10 маусымынан бастап Польшаның «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы қайта жаңғыртып, аптасына 1 рейспен ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Маусым, 2021
Ғалымдар Medsupport.kz қауымдастығына QazVac туралы жауап қайтарды
Бұған дейін Medsupportkz ұйымы әлеуметтік желіде қазақстандық вакцинаны алуға кеңес бере алмайтындарын жазып, вирусты өлтіруде формальдегидті қолдануға күмән келтірген еді. Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институты QazVac вакцинасы туралы Medsupportkz қауымдастығының жарияланымына пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Медицина • 04 Маусым, 2021
Алексей Цой AstraZeneca вакцинасынан бас тартты
AstraZeneca вакцинасының айналасындағы керағар пікірлердің көп болуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі осы компанияға препаратты жеткізу жөніндегі келіссөздерді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Маусым, 2021
Бағдат Мусин: Ashyq «egov Mobile» қосымшасында қолжетімді
Ashyq жобасын «egov Mobile» қосымшасында пайдалануға болады. Енді электрондық үкіметтің мобильді қосымшасын пайдаланушылар басқа қосымшаны жүктемей-ақ, «Ashyq»-тың мүмкіндіктерін пайдалана алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.
Аймақтар • 02 Маусым, 2021
iKOMEK-тен көмек сұрайтындар көп
Бүгінгі таңда iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс орталықтарын біріктірген және тұрғындармен байланыс орнатудың бірыңғай құралы. iKOMEK сервисін жыл сайын 600 мыңнан астам елорда тұрғыны пайдаланады. Орталық ашылған күннен бері 6 миллионға жуық өтініш қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 02 Маусым, 2021
Президент Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан мен Exxon Mobil корпорациясы арасындағы ықпалдастықтың перспективалары, көмірсутегі саласындағы бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығындағы қазіргі ахуал талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Маусым, 2021
А. Мамин Exxon Mobil аға вице-президентімен Қашағанның келешегін талқылады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Exxon Mobil аға вице-президенті Н. Чапманмен Қазақстанда инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Мамыр, 2021
Алаяқтар Imanbek-тің атынан криптовалюта сатып жүр
«Грэмми» сыйлығының иегері DJ Imanbek-тің (Иманбек Зейкенов) есімін алаяқтар криптовалюта «сату» мақсатында пайдалана бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Мамыр, 2021
Google компаниясының басы дауға қалды
Google компаниясының басы дауға қалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Технология • 27 Мамыр, 2021
Қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыратын қосымша шықты
Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 25 Мамыр, 2021
Black lives matter тағы да жанданды
Джордж Флойдтың өмірден өткеніне бір жыл өтуіне байланысты Флойд отбасының мүшелері, Black lives matter митингілерінде жақындарын жоғалтқан басқа да азаматтар маршқа шықты.
Экология • 24 Мамыр, 2021
Елімізде жүлде қоры 10 млн теңге болатын реалити-шоу өтеді
Экология және қоқысты қарапайым кәдеге жарату мәселелері азаматтар арасында да, саясаткерлер арасында да өзекті. Бұл мәселені лауазымды тұлғалар да көтеріп жүр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте экологиялық даму пәндерін енгізу туралы да айтты. Сондықтан «Хабар» Агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС жобасына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Мамыр, 2021
«Eurovision 2021» ән байқауының жеңімпазы анықталды
Нидерландтың Роттердам қаласында өткен «Евровидение 2021» ән байқауында Италияның Måneskin тобы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 23 Мамыр, 2021
Қазақстандық файтер WEF чемпиондық белбеуін жеңіп алды
Қазақстандық файтер Самир Ахмедов (2-1) WEF 105 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2021
Жер сілкінісін ескертуге «Darmen»-нің дәрмені жете ме?
Халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша ОКҚ өткен брифингте ТЖ министрі Юрий Ильин журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Мамыр, 2021
Елордада «Taza Alem-2021» жобасы басталды
Бүгін Елордада «Taza Alem-2021» жобасы экологиялық сенбіліктен басталды. Сенбілік аясында Қорғалжын тас жолы бойына көшеттер егілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2021
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлерін қабылдады
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2021
iKOMEK-ке жыл басынан бері 870 мыңнан астам өтініш түскен
iKOMEK орталығына жыл басынан бері 870 мыңнан астам елорда тұрғыны хабарласып, түрлі салада қызмет алды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Мамыр, 2021
Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы тікелей рейстер қайта ашылады
Түркиялық Pegasus Airlines әуекомпаниясы 23 мамырдан бастап Ыстамбұлдан Шымкентке тікелей рейсті жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2021
Президент KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасына тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтоғай кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы ақпарат берілді.
Технология • 06 Мамыр, 2021
Қазақстанда SKYALRK-1LEX ұшқышсыз ұшу жүйелері құрастырыла бастады
SKYALRK-1LEX ұшқышсыз ұшу жүйелерін құрастыру желісі және ұшу аппараттарына сервистік қызмет көрсету орталығы «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС («ҚАИ» ЖШС) базасында құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.