Ай
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
"Ашық аспан" режімі нарықта бәсекелестік орнатуға ықпал етеді
Осыдан тура бір жыл бұрын 2 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған болатын. Жолдауда Қ.Тоқаев: «Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес. Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?» дей келіп, соның салдарынан Қазақстан авиациясы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айрылып, транзиттік әлеуеті төмендеп кеткенін тілге тиек еткен-ді. Содан бері әуе тасымалы саласында да бірнеше өзгерістер болды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Жетісай ауданында имамдар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді
Түркістан облысы Жетісай ауданында "Мектепке жол" атты ерекше республикалық акциясы бастау алды. Игі іс аясында аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшеттер мен 13 жоғары сынып оқушыларына смартфондар тегін үлестірілді, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Тамыз, 2020
28-30 тамызда елордада жүгіру мен веложүгіруден онлайн жарыс өтеді
28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 26 Тамыз, 2020
Арнайы білім беру ұйымдары қалай жұмыс істейді?
Жаңа оқу жылында арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын 9700-ден астам педагог интернет-платформаларды пайдалана отырып қашықтан оқыту форматында, сондай-ақ штаттық режимде жеке және топтарда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып қамтамасыз ететін болады, - деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
"Nur Otan" праймериздің алғашқы 10 күндік қорытындысын шығарды
Осыдан 10 күн бұрын елімізде "Nur Otan"-ның партияішілік іріктеуі – праймеризге қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Қысқа мерзім ішінде 9 мыңнан астам адам өз өтініштерін жолдап үлгерді. Олардың 34,7%-ы – әйелдер, 26,7%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 2905 адам ұсынылса, 6258 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2020
Президент "Ұлттық ғылыми медицина орталығының" басқарма төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық ғылыми медицина орталығы" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хоккей • 26 Тамыз, 2020
Тамирлан Гайтамиров "Барыс" хоккей клубына қосылды
"Барыс" хоккей клубының сапы тағы бір қорғаушымен толықты. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Білім • 26 Тамыз, 2020
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн мектеп ашылды
Қазақстанда "LIDER Z" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн мектеп әлеуметтік жобасы басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2020
Түркістанда қайтыс болған әйелдің денесі тау жырасынан шығарылды
Төлеби ауданының тауында іздестіру-құтқару операциясы 3 күн дегенде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Машат асуында жолаушылар автобусы аударылды
Бүгін таңғы сағат 05:58-де Түлкібас ауданы, Машат ауылынан 4 шақырым жерде, республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 649-650 шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
"ҚазМұнайГаз" Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 25 Тамыз, 2020
Алматыда тау баурайларының бірі отқа оранды
25 тамызда сағат 13.25-те Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында құрғақ шөптер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты Алматы қаласының ТЖ департаменің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Елорда • 25 Тамыз, 2020
Елорда әкімі кәсіпкерлерге үндеу жолдады
Елорда әкімі Алтай Көлгінов сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың, фитнес-орталықтардың басшыларымен нысандардағы қатаң санитарлық нормалардың сақталуы және карантин шараларын жеңілдету туралы онлайн-кеңес өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Зайнутдинов енді ЦСКА намысын қорғайды
Ресейдің «Ростов» клубында өнер көрсететін жерлесіміз Бахтиер Зайнутдинов енді ЦСКА командасының намысын қорғайды.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Андрэ Карстенспен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2020
Қазақстан 4 елмен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірді
Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Алматыдағы аттракцион саябағына айыппұл салынды
Алматыда "Қиял әлемі" аттракциондар саябағындағы ұзын сонар кезекке байланысты саябақ әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 25 Тамыз, 2020
Мәжіліс депутаттары шалғай ауылдардың мәселесімен танысты
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысына барып, халықпен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
"Білім-инновация" лицейлері мақтааралдық оқушыларға 110 планшет сыйға тартты
Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ауыртпашылығын бүкіл ел бірлесе көтерісіп жатыр. Күні кеше "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары мен түлектері "Біз біргеміз" акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті мақтааралдық оқушыларға сыйға тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Туристердің тауға шығуы қайғылы жағдаймен аяқталды
Дайындықтың болмауы, ұқыпсыздық, кейде азаматтардың жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туристердің, тауға барушылардың өмірін құтқарады. Ең алдымен, жабдыққа, құрал-саймандарға, киім мен аяқ киімге, байланысқа назар аударыңыз. Тауға жорық жасаған кезде өз бағдарыңызды міндетті түрде тіркеу, нақты координаттарды білу, тәжірибелі жолсеріктердің қызметін пайдалану қажет. Бұл тауға сәтті көтерілудің кепілі.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталады
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезіндегі арнайы санитарлық-эпидемиялық талаптар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер А.Есмағамбетовамен бірге бекітілді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Тамыз, 2020
Елорда әкімі мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Қостанай облысында жол күтіміне салғырт қараған 100-ге жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Аймақта жыл басынан бері 157 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 23 адам қаза тауып, 214 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Биыл 7 ай ішінде полиция департаментіне қарасты жол-техникалық инспекциясының мамандары автокөлік жолдарына мыңға жуық тексеру жүргізіпті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Қазақстан үздік әлем елдерінің рейтингінде 66-орынды иеленді
Қазақстанды үздік әлем елдерінің рейтингінде Әзербайжан мен Гватемала басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті
Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары шығарылып, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне талдау жасалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК 25-27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Тамыз, 2020
Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді
Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 24 Тамыз, 2020
Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады
Елорда тұрғындарымен кездесулер азаматтармен кері байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Тамыз, 2020
"Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 830 мың теңгеден төленеді
Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді. Бұл туралы онлайн өткен "Тамыз" кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Елорда • 24 Тамыз, 2020
Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады, 26 білім беру нысаны жөнделіп, инклюзивті білім беру кабинеттері ашылады. Бұл туралы "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz