КТ
Президент • 24 Қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысының энергетиктері АЭС салуды қолдайды
Бүгін Ақсуда АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Павлодар облысының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлері АЭС құрылысына қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты
Аталған білім ошағы – Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 24 Қыркүйек, 2024
Дүкен сөрелерінің 30 пайызында жергілікті өнімдер тұруы міндетті
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бизнес өкілдерімен кездесіп, ішкі сауда субъектілері отандық тауарларды қолжетімді орындарға орналастыруға міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Биыл Астанада тағы 9 жаңа мектеп ашылады
Елордада жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Қыркүйек, 2024
Елімізде мүгедектікті белгілеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартыла бастады
Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберетін азаматтарды сырттай проактивті форматта куәландыруға тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша қанатқақты жоба басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: АӨК-тің тұрақты дамуы – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Автобөлшек ұрлаған астаналық оқушылар анықталды
Өзгенің көлігінен автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен екі оқушы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2024
Өңірлерде шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша жоба іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданының аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғын пәтер кезегінен заңсыз шығарылған
Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғынның пәтер кезегінен заңсыз шығарылғаны анықталды. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024
Мәйітті бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылық 11 жылға сотталды
Жетісу облысында жұмыс берушісін өлтірген ер адам сотталды. Облыстық ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс сотқа тамыз айында жіберілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Ел мектептерінде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Ақтөбе облысының дамуы барысымен танысты
Премьер-министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика саласы мен АӨК назарға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: Елімізге энергияның орнықты балама көзі қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 19 Қыркүйек, 2024
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
Руслан Берденов: Қоғамда есірткі бизнесін шенділер қорғайды деген пікір қалыптасқан
«Respublica» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Руслан Берденов елімізде белең алған кесел - синтетикалық есірткінің қаупі төңірегінде мәселе көтеріп, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Аралды құтқару қорының басым міндеттерін айшықтады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткізілетін Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысына қатысушы елдер делегациялары басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 461,5 млрд теңге жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 408,1 млрд теңге жұмсалған. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 53,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2024
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz УзА-ға сілтеме жасап.
Ауа райы • 16 Қыркүйек, 2024
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Синоптиктер осы айдың 17, 18, 19 күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024
Грант иелене алмай қалған түлектер министрліктің үстінен арыз жазған
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл талапкерлерден 22 шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024
Германия канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келді. Құрметті қонақты Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024
Ақтөбеде заңсыз шаян аулаған екі азамат ұсталды
Ақтөбе облысында 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған екі азамат ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 16 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарына қанша жылқы қатысқан
Туризм және спорт министрлігі сандық деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024
Ірі көлемде қаржы жымқырған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері бірлесіп, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Астанада ұл бала биіктен құлап, мерт болған
«Есіл» ауданында болған қайғылы оқиғаны қалалық ПД өкілдері растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Алматыда 12 жастағы қыз 13 қабаттан секіріп кеткен
Қайғылы оқиға кеше, 12 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2024
«Менің атым Қожа» фильміне түскен актриса көз жұмды
«Менің атым Қожа» фильмінде Жанар есімді кейіпкерді сомдаған танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шараларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.