Көрме
Әлем • 01 Қазан, 2021
ЕХРО-2020 DUBAI: Қазақстан павильоны салтанатты түрде ашылды
Дүниежүзілік ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» атты халықаралық көрме ашылмақшы.
Тәуелсіздік • 25 Қыркүйек, 2021
Моңғолияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотосуреттер мен кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға Сыртқы істер, Білім және ғылым, Әділет және ішкі істер министрліктерінің, БАҚ және Моңғолиядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021
Санаулы күндерден кейін, дәлірек айтсақ осы жылдың 1 қазанында Дубайда ЕХРО-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылады. Жер-жаһан көз тігіп отырған айтулы шараға Қазақстан да қатысады. Бұл Таяу Шығыс аймағында ұйымдастырылып отырған алғашқы дүниежүзілік көрме.
Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021
Қазақ ақындарының жырларымен танысты
Қазақстандық зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылардан құрылған делегация өкілдері «Соғыс және бейбітшілік» атты халықаралық экспедиция жобасы бойынша Ресей мемлекеттік кітапханасында Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған халықаралық көрмеге қатысуда.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2021
Ұлан-Батырда Қазақстан туралы фотокөрме ашылды
Моңғолия астанасының Д.Нацагдорж атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен Конституциясы күніне арналған «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2021
Конституция тарихына арналған көрме ашылды
Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Конституция күніне арналған «Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2021
Сингапурда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме өткізілді
Сингапур менеджментті дамыту институтының қабырғасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Тамыз, 2021
Қарусыздану – қоғам үшін маңызды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Семей қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздігі мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Негізгі шешімдер уақыты» атты көрме өтті.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2021
Семейде полигонның жабылуына арналған көрме өтуде
Семей қаласында ядролық полигон жабылуының 30 жылдығына орай «Негізгі шешімдер уақыты» көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Тамыз, 2021
«Қылқалам ұшындағы құдірет»: Елордада көркемсурет көрмесі ашылды
Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің көшпелі көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 12 Шілде, 2021
Елордалықтар корей суретшісінің цифрлық туындыларын тамашалай алады
Нұр-Сұлтан тұрғындары 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін корей суретшісі Ли Инамның цифрлық өнер туындыларының көрмесін тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 09 Шілде, 2021
Елбасы кітапханасында корей суретшісінің цифрлық көрмесі ашылды
9 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер туындыларының көрмесі ашылды. Вернисаж LED-экрандармен жабдықталған көпфункционалды залдың футуристік кеңістігінде өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Шілде, 2021
Германия астанасында Қазақстан мәдениетіне арналған көрме ашылды
Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында және Астана күніне орай Германияның елордасы Берлин қаласының «Mall of Berlin» ең танымал сауда орталығында «Табиғат, мәдениет, адамдар. Ғажайып Қазақстан» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2021
Елордада Қазақстанда шығарылған көліктердің көрмесі өтуде
Елордада Automechanica Astana және Futuroad Expo Astana халықаралық көрмесі ашылды. Көрме 26 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Мамыр, 2021
«Бейбітшілік пен келісім жолы»: Елордада халықаралық фотокөрме ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында әлемдегі ең көп таралған дін – христиан дініне арналған «Бейбітшілік пен келісім жолы» халықаралық фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 17 Мамыр, 2021
Татулық пен рухани құндылықтарды дәріптейтін фотокөрме ашылды
Алматыдағы Орталық музейде «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотокөрме ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өрбіген өнер жәрмеңкесін мәдениет ошағы мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Өнер • 10 Мамыр, 2021
Ә. Қастеев музейінде виртуалды көрме ашылды
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жеңістің 76 жылдығына орай виртуалды көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 06 Мамыр, 2021
Мәскеу орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
Мәскеудің орталығында, Чистопрудный бульварында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Сәуір, 2021
Биыл адамзаттың ғарышты бағындырғанына – 60 жыл. Заңғар көкке жасалған алғашқы жорық тарих сахнасынан ойып тұрып орын алды. Содан бері құс жолының құпиялары бірте-бірте шешіліп келеді. Аспан шырақтары мен адамдар арасындағы байланыс күннен-күнге нығая түсуде. Енді, міне, әрбір жетістік архив байлығына айналуда.
Өнер • 21 Сәуір, 2021
Алматыда «Егемендігім – мерейім» атты сурет көрмесі ашылды
Алматыда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архив» РММ-де жаратылыстану ғылымдарының PhD докторы, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің аға оқытушысы, суретші Жұмаділхан Керімбектің «Егемендігім – мерейім» атты сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 14 Сәуір, 2021
Ғарышкерлер күніне арналған көрме
Ғарышкерлер күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Адамға табын, жер, енді!» атты халықаралық көрме ашылды. Жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығы және Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Әдебиет • 12 Сәуір, 2021
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ресей Ұлттық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыста тұңғыш рет карикатура, шарж көрмесі өтті
Мұндай көрме бұрын-соңды Шығыста болмаған. Бүгін 1 сәуір – күлкі күніне орай Өскемендегі А. Пушкин атындағы кітапханада «Езу тартар» атты шарж, карикатура көрмесі өтті.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Елорданың жалпы білім беретін мектептерінің бәрінде оқушылар арасында эстетикалық тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 8 наурыз қарсаңында «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 21 Ақпан, 2021
Зейнетке шыққан экс-сенатор жеке көрмесін өткізді
Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, профессор Төлеубек Мұқашевтың «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қараша, 2020
"Дәрігерлерге рақмет" фотокөрмесі ұйымдастырылды
Кеудесін оққа тосқан жауынгерлердей коронавирус індетімен алдыңғы шепте күресіп жүрген дәрігерлер қандай да болсын, құрметке лайық. Өскемедік жастар ақ халатты абзал жандарға құрмет ретінде дәрігерлердің фотосуреттерінен тұратын көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 13 Қараша, 2020
Алматыда коронавируспен күреске арналған фотокөрме ашылды
Алматыда 12 қараша күні қаланың Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастастырған, тұрғындардың жұмыстары қойылған фотокөрме ашылды. Мұның алдында қала тұрғындары мен қонақтары COVID-19-бен күресті насихаттау жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысуға шақырылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 12 Қараша, 2020
Қытайда импорттық тауарлардың халықаралық көрмесі аяқталды
Ағымдағы жылы қазақстандық 35 азық-түлік өндірушісі III Шанхай халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне (CIIE 2020) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 08 Қазан, 2020
Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды
EXPO 2020 Dubai көрмесінің ұйымдастырушылары көрме өтетін ғимараттардың суреттерін жариялады. Коронавирусқа байланысты аталған көрме 2021 жылға шегерілді, бірақ көптеген нысан көрсетілімге дайын тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.