Отбасы
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Бір тәулікте 1 000 балаға білім беру шоттары ашылды
5 жастағы Ибраһим Әділбек Отбасы банкінде «Келешек» жүйесінің Қазақстандағы алғашқы қатысушысы атанды. Ол үшін әкесі Бағдат Ерубаев ұлына «AQYL» білім беру депозитін ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Отбасын жоспарлаудың артықшылығы неде?
Елімізде 12-16 мамыр аралығында өтетін Репродуктивтік денсаулық апталығы – дені сау ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қоғамдық бастама. Бұл күндері барлық өңірінде халықтың жыныстық және репродуктивтік сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жастар мен болашақ ата-аналарға арналған кездесулер, дәрістер мен кеңестер арқылы еліміз ертеңі саналатын жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға бір қадам жақындай түседі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Мамыр, 2025
Тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі өзгереді
Елімізде 24 мамырдан бастап тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі өзгереді. Енді кейінгі 5 жылда тұрғын үйі болмаған 18 жастан асқан кез келген азамат, тіпті әлеуметтік осал санатқа жатпаса да үй кезегіне тұра алады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Талдықорғанда әлеуметтік осал топтарға 1,4 млрд теңгеге жуық көмек көрсетілді
2024 жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласында әлеуметтік қолдау шаралары аясында 8 357 азаматқа көмек көрсетілді. Бұл санатқа аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қарттар және басқа да әлеуметтік осал топтар кіреді. Қалалық әкімдіктің бастамасымен аталған азаматтарға нақты қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Жезкент – Абай облысы Бородулиха ауданындағы кенге бай кент. Жол түсіп Жезкентке де жеттік. Мұнда келудегі мақсатымыз – диаспоралар достығы мен өндірісте істейтін еңбек адамдарының тыныс тіршілігімен танысу еді.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Ардақ Назаров ажырасатын отбасыларға салық салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы отбасы институтының әлсіреуіне алаңдаушылық білдіріп, ажырасудың алдын алу мақсатында нақты ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасы құндылықтары үлкен дағдарысқа ұшырап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Көпбалалы анаға баспана сыйлады
Алматы облысында 20 жылдан астам уақыт пәтер жалдап күн кешіп келе жатқан көпбалалы ана Гүлсайран Оспанова қалталы азаматтың қолдауымен баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2025
Көп балалы аналарға 150 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 09 Сәуір, 2025
Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 08 Сәуір, 2025
Депутат некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыруды ұсынды
Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2025
Әлеуметтік мұқтаж отбасылар қоныстойларын тойлады
Алматы облысының Балқаш және Іле аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа тұрғын үйлердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жаңа баспананың кілтін алу – кез келген жан үшін үлкен қуаныш екені сөзсіз. Ал, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
26 отбасына пәтер кілті берілді
Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінінің 26 отбасы биыл Наурыз мейрамын жаңа үйде жарқырап қарсы алды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Игілікті іс әлі де жалғасын табады. Жаңа баспанаға 389 отбасы қоныстанады.
Отбасы • 15 Наурыз, 2025
Қазақстанда бір жылда қанша жұп некеге тұрып, қаншасы ажырасқан
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтыр АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 123,6 мың неке тіркеген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2% артық, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2025
Шығыс Қазақстанда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Елімізде отбасылық зорлыққа қарсы арнайы бөлімше құрылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2025
Павлодар облысында алты отбасы 30-ға жуық жетім баланы асырап алған
Қазіргі уақытта жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр, хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Қаңтар, 2025
Былтыр отбасының шырқын бұзған 85 азамат сотталды
2024 жылдың 15 маусымынан бастап отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша құқықбұзушылық жасағандарға жауапкершілік күшейтілді, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 19 Қаңтар, 2025
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Полицейлер балаларына алимент бойынша берешегі бар павлодарлықты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2024
Көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды
Елордалық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2024
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған конференция өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қанша
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Экология • 18 Желтоқсан, 2024
Астанада «Табиғатпен ұштасу» атты отбасылық эстафета өтті
Отбасылық эстафета Астана қаласындағы Орталық саябақтағы шаңғы роллерлі тас жолында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Қызылорда қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше қуаныш болды. Барлығы 504 отбасы көптен күткен жаңа баспаналарына қол жеткізді. Бұл қуанышты оқиға тұрғындарға үлкен үміт сыйлап, олардың өміріне жаңа бетбұрыс әкелді. Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 26 Қараша, 2024
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді
Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.
Қылмыс • 23 Қараша, 2024
Алматы облысында ер адам сүйіктісіне бензин шашып, өртеп жіберген
Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам бірге тұрып жатқан әйелін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 22 Қараша, 2024
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Сайрам ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары толыға түсті. Бүгін ауданға қарасты Қарасу ауылында «Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» ашылды.
Қоғам • 13 Қараша, 2024
Отбасы банк тұрақты даму саласындағы позициясын нығайтты
Отбасы банк тұрақты даму саласындағы позициясын Sustainable Fitch-тен ESG - «3» рейтингін алу арқылы нығайтты. Бұл банктің тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін растап, тұрғын үй қолжетімділігі мен әлеуметтік осал топтарды қолдау сияқты әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қосқан үлесін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағдарламалар • 02 Қараша, 2024
Көпбалалы отбасыларды қамтитын жаңа бағдарлама іске қосылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банкте» жаңа бағдарламалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Қазан, 2024
19 жерінен пышақтаған: Түркістанда ер адам әйелінің туысын өлтірмек болған
Бұрынғы әйелімен тұратын балаларын көруге барған түркістандық тұрғын үйде жанжал шығарған. Артынша жұбайының туысын бірнеше жерден пышақтап, қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.