Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 20 Шілде, 2018
Көкшетауда көшпелі көрменің тұсаукесері өтті
Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған көшпелі көрменің тұсауы кесілді.
Футбол • 20 Шілде, 2018
Елорданың «Астана» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы черногорияның «Сутьеска» командасына қарсы өткен сырт алаңдағы кездесуде 0:2 есебімен жеңіске жетіп, екі матч қорытындысы бойынша (0:3) турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Медицина • 20 Шілде, 2018
Астанада ертеңнен бастап жолақы 180 теңге болады
Ертең 21 шілдеден бастап Астанада қалаішілік автобустарда қолма-қол ақшамен төлейтін жолаушылар үшін жолақы 180 теңге болады. Ал электрондық картамен төлеу 90 теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Шілде, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылғы шомылу маусымының өтуіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты. Вице-министр атап өткендей, шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп тәжірибелік және алдын алу іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Аймақтар • 20 Шілде, 2018
Оралда жастарға қызмет көрсететін орталық ашылды
Орал қаласында жастарға қызмет көрсететін арнайы орталық ашылды. Ол Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жанынан құрылған.
Аймақтар • 20 Шілде, 2018
Жаңа бағдарламаның алғашқы несиесі берілді
Қарағанды облысында «7–20 –25» бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық несие берілді. Жас отбасы Осинцевтер несиені «БанкЦентрКредит» банкінен алды. 28 жастағы Владимир Осинцевтің отау құрғанына – бес жыл. Зайыбы екеуі Амелия есімді бір жарым жасар қыздарын тәрбиелеп жатыр.
Таным • 20 Шілде, 2018
Кемейдолла Төлеубай – қазақы рух қайраткері
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына келесі 2019 жылы 30 жыл толады. Тілдің бұл мәртебеге көтерілуінде, сол 1989 жылы дүниеге келген Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының рөлі айрықша. Академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың жетекшілігімен құрылған бұл бұқаралық ұйым құрамында керемет тіл күрескерлері өсіп жетілді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Елімізде денсаулыққа қатысты барлық ақпарат бір базада жинақталып, электронды нұсқада сақталмақ. Бұл қағазбастылықтан құтылуға септігін тигізіп, емделуші мен емдеушінің уақытын үнемдейді. Бұл туралы кеше Денсаулық саласындағы ақпараттық жүйе Интероперабельді платформа ұлттық жобасының таныстырылымында айтылды.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Бауыржан Айнабеков Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Алдағы үш күнде Астанадағы ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Сыртқы істер министрі халықаралық ұйым басшыларымен кездесті
Үстіміздегі жылғы қыркүйек айында өтуі жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) 6-шы саммитіне дайындық жұмыстары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен және Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесу өткізді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Денис Теннің диагнозы белгілі болды
Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапқан Денис Тен бірнеше жерінен жарақат алған.
Медицина • 20 Шілде, 2018
«Кедергісіз келешек» жетілдіріледі
Астана қалалық әкімдігінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін елордадағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі мәселесін талқылауға байланысты кеңес өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Астана қаласының әкімі, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Әсет Исекешев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсететін бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Аймақтар • 20 Шілде, 2018
Қызылорда облысының «агробиржа» құру тәжірибесі еліміздің өзге өңірлерінде де енгізілді
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін, тұқымдарды, ауыл шаруашылығы техникаларын, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды сатып алуға, сатуға немесе айырбастауға және қызметтерді пайдалануға болатын «Агробиржа» интернет-ресурсы құрылған.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні өтеді
Әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Кеше қазақ спорты орны толмас ауыр қазаға ұшырады. 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпия ойындарының қола жүлдегері атанған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. миллиондаған жанкүйердің жүрегінің төрінен орын алған талантты спортшы жақында ғана 25 жасқа толған еді...
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Денис Теннің өліміне қатысы бар күдікті қылмысын мойындады
Мәнерлеп сырғанаудың хас шебері Денис Тенді өлтірген күдікті қылмысын мойындады.
Президент • 20 Шілде, 2018
Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтаулар
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтері басшыларынан, өкілетті органдар депутаттарынан, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ілкімді іс
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алдына еліміздің ақпарат пен коммуникация саласындағы мәселелерді реттеуге қатысты бірқатар міндеттер қойғаны белгілі. Соның ішінде отандық медиа кеңістікті нығайту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі айрықша аталған. Салалық ведомство бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Күні кеше министрлік осы жұмыстардың аясында шекара маңына жақын аудандарды отандық ақпарат құралдарымен қамту бойынша ілкімді істің жүзеге асқанын хабарлады.
Президент • 19 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Шілде, 2018
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мезгілсіз дүниеден өткен Денис Теннің ата-анасы Оксана Алексеевна мен Юрий Александровичке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Үкімет • 19 Шілде, 2018
Үкімет басшысы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Павлодарда металлургтердің мерекесі өтті
Облыс орталығындағы мерекеге ERG компаниясының Қостанай облысына қарасты Арқалық, Лисаковск қалаларындағы филиалдарының жұмысшы-қызметкерлері де қатысты. Металлургтерді кәсіби мерекемен облыс әкімі Болат Бақауов құттықтады.
Үкімет • 19 Шілде, 2018
Б.Сағынтаев Қарағанды және Қызылорда облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Президент • 19 Шілде, 2018
Қазақстан • 19 Шілде, 2018
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды
Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады.
Аймақтар • 19 Шілде, 2018
Баянауылда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы аталып өтті
Мерейтойға арналған мәдени, спорттық іс-шаралар дәстүрлі әншілердің бірінші республикалық ән байқауымен жалғасты. Еліміздің өңірлерінен келген жас ақындар өлеңдерін арнады. Мерейтойға облыс әкімі Болат Бақауов бастаған қонақтар, ақын-жазушылар қатысты. Торайғыр ауылы маңындағы ақын кесенесіне барып құран бағыштады. Сұлтанмахмұт музейін аралап көрді.
Әлем • 19 Шілде, 2018
Ауғанстан компаниялары қазақстандық ұн, макарон өнімдеріне қызығушылық танытып отыр
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы Ауғанстан ислам республикасының Кабул қаласындағы KabulStar отелінде Қазақстан мен Ауғанстанның ресми өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы өткізілді деп хабарлады.
Күрес • 19 Шілде, 2018
Қазақстандық грек-рим шеберлері Нью-Делиде жеті жүлде алды
Бұл күндері Үндістанның астанасы – Нью-Делиде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия біріншілігін Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері жеті жүлдемен қорытындылады.
Жазғы спорт • 19 Шілде, 2018
Волейболдан Азияның клубтық чемпионаты аяқталды
Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, айтулы жарыста жерлестеріміздің жолы болмады.