Соңғы жаңалықтар
Әлем • 15 Қыркүйек, 2017
Лондон метросында жарылыс болды
Лондон метросының "Парсонс-грин" стансасында жарылыс болып, бірнеше адамды күйік шалды. Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады, деп хабарлайды ВВС.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2017
Астанада «Рухани жаңғыру» жастар акциясы басталды
Мыңнан астам астаналық студенттің қатысуымен «Бәйтерек» монументінің қасында жалпы республикалық «Рухани жаңғыру» жастар акциясы бастау алды.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2017
Ғылым мен технологияның әліпбиі
Қазақ қоғамын жаңғыртуға бастаған бірінші, екінші жаңғыру еліміздің экономикалық әлеуеті мен халқымыздың жасампаздығын әлемге паш етті. Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты еңбегінде атап көрсетілгендей экономикалық және саяси реформаны қоғамды рухани жаңғырту арқылы ғана баянды етуге болады. Сондықтан да қоғамдық сананы өзгерту – Қазақстандық үшінші жаңғырудың қуатты қайнар көзі болып табылады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Сұлтанмахмұт шығармалары «Бір ел-Бір кітап» аясында
С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің студенттері осы мақсатқа сай жиналып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Еліміздің Ұлттық кітапханасы Кітапханалар Ассоциациясы бастамасымен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Бір ел – бір кітап» республикалық рухани шарасы аясында биылғы жылы жалпыға ортақ оқу үшін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектері таңдалған-ды.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Асфальт пен битум өндіретін зауыт іске қосылады
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «ДезФумекс» ЖШС-нің асфальт және битум шығаратын зауыты іске қосылады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Кейкі батырдың кесенесі бой көтеріп, сүйегі жерленді
Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды дегенді осындайда айтатын шығар, бәлкім. Бүгін, күндердің ұлығы, қасиетті жұмаға орай Қостанай облысы, Амангелді ауданында қазақ тарихында аңызға бергісіз батырлық іс, өшпес із қалдырған әйгілі батыр Кейкі Көкембайұлының кесенесі бой көтеріп, сүйегін жерлеу рәсімі өтті.
Футбол • 15 Қыркүйек, 2017
Шағын футболдан халықаралық турнир өтеді
2017 жылдың 21-22 қазанында филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде дүние жүзі қазақ жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтеді.
Қазақ ғылымын дамытуға саналы ғұмырын арнаған белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Әшімжан Ахметов ортамыздан ерте озса да, елдіктің жолындағы ерен еңбегі еш ұмытылмақ емес. Қайраткердің өмір керуеніне көз жүгіртер болсақ, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Өнеркәсіп, энергетика, транспорт және байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы (1994-1995), Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің төрағасы (1996-1999), Білім және ғылым вице-министрі (1999-2001) қызметтерін атқарса, 2001-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің, 2005-2006 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, 2006-2008 жылдары Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, 2008-2012 жылдары Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры болып еңбек етті.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Ел боламын десең...» тақырыбында этнограф, жазушы Зейнеп Ахметовамен сырласу сағаты өтті.
Кино • 15 Қыркүйек, 2017
Оқырман ойында болса, «Оралман» көркем фильмі жыл басында Иранда өткен XXXV Халықаралық Фаджр кинофестивалінде Бас жүлдені, сонымен қатар XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің де Бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
Кино • 15 Қыркүйек, 2017
Соңғы он бес-жиырма жылда Қазақстанның телеарналарында үндінің, түріктің, қытай мен басқа да елдердің телехикаялары көптеп көрсетілді. Бұл телехикаялар көрермендерімізді жай қызықтырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол елдердің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін санамызға сіңіріп, насихаттады; ұғым-түсінігімізге, дүниетанымымызға айтарлықтай әсер етті. Мұны жасырмай, мойындау керек.
Моңғолиядан басталған экспедиция Ұлытауда қорытындыланады
Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен қазақстандық және шетелдік бір топ ғалымдар мен зерттеушілер, тілшілер «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» ІІІ халықаралық экспедициясына шықты.
Саясат • 15 Қыркүйек, 2017
Есмұхан Обаев. Латын қарпі қазаққа жат емес
Елдің келешегіне тікелей қатысы бола тұра, бұрын бірнеше рет күн тәртібіне қойылғанына қарамастан, кейінге ысырылып қала беретін, бірақ халық тағдыры үшін маңызы зор шаруаның ерте ме, кеш пе, қолға алынатын кезі болады.
Саясат • 15 Қыркүйек, 2017
Жоғарғы сотта Ахуалдық орталық ашылды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үшінші жаңғыру жөнінде басты бағыт бере келіп, бұл жаңғырудың негізі цифрландыру болып табылатынын атап өткен болатын. Міне, енді осы цифрлы технология барысы елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосатын негізгі жолға айналды. Соған сәйкес цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде ел Президентіне Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы таныстырылды.
Парламент • 15 Қыркүйек, 2017
Отандық өндіріске қолдау білдіру сұралған еді
Алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясы аяқталу қарсаңында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, еліміздің азаматтық қорғанысы бойынша өзекті мәселе көтерген еді.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2017
«Қазақ энциклопедиясы» баспасына – 50 жыл
Бүгін «Артық білім – кітапта» екенін дәлелдеп, түрлі энциклопедиялық басылымдарды шығарып, отандық баспа ісі саласында өзіндік орны мен қолтаңбасы бар «Қазақ энциклопедиясы» баспасының құрылғанына 50 жыл толды.
Қаржы • 15 Қыркүйек, 2017
Бюджеттің үкіметтік жобасы таныстырылды
Жақында Мәжілісте еліміздің басты қаржылық құжатының жобасы таныстырылды. 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет, осы жылдарға Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт және бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері туралы заң жобалары бойынша Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.
Парламент • 15 Қыркүйек, 2017
Экология – басымды мәселенің бірі
Жаз айларында сайлаушылармен болған кездесулерде автомобильдер мен кәсіпорындардың түтінінен шығатын зиянды қалдықтардан атмосфераның бүлінуі – онкологиялық аурулар мен жүрек-қан тамырлары сырқаттарын көбейтіп бара жатқаны туралы жиі айтылды.
Парламент • 15 Қыркүйек, 2017
Құқықтық келісім елімізге Еуропаны жақындатады
Мәжілістің жаңа сессиясындағы алғашқы жалпы отырысында Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.
Парламент • 15 Қыркүйек, 2017
Қорғай алмайтын қордан пайда жоқ
2016 жылы Үкімет қаулысымен «Туристік қамқор» атты корпоративтік қор құрылды. Ол сыртқа шыққан отандық туристердің құқықтарының бұзылмауына кепілдік беретін жүйенің әкімгері болмақ еді. Азаматтардың құқығының сақталуына кепілдік жасалуы үшін туроператорлар әрбір турист үшін осы қорға 0,5АЕК (2017 жылы ол 1134,5 теңге болды) көлемінде қаражат аударуы туралы ереже де бекітілді. Сонымен қатар, туроператорлар мен туроператор-фрахтаушылар әрбір туристке тиісінше 5000 және 15000 АЕК көлемінде банкілік кепілдік беруі керек-ті.
Саясат • 15 Қыркүйек, 2017
Президент командасындағы тұғыры биік азамат жайлы бір үзік сыр
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2017
Адалдықты дәріптейтін клубтар ашылды
Ақмола облысының білім беру мекемелерінде 5-11 сынып оқушыларының арасында ерікті түрде 500-ге тарта «Адал ұрпақ» атты мектеп клубы құрылып, өз жұмыстарын бастады. Аталған клубтардың құрамына мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімдері және оқушылар кіріп отыр.
Футбол • 15 Қыркүйек, 2017
Станимир Стойлов: Үш гол жеңіл қателіктің салдарынан соғылды
«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі испанияның «Вильярреал» командасына қарсы өткен (1:3) ойыннан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2017
«Мен әлі үлкен спортқа ораламын»
Жуырда Петропавл қаласына ережесіз жекпе-жек түрлері бойынша республикалық федерацияның президенті Анатолий Ким мен бірқатар жаттықтырушылар келді. Ажал аузынан аман қалса да, өмірлік ғаріп болып қалған Ербол Хамитовтың жағдайын естігеннен кейін, олардың моральдық қолдаумен қатар материалдық жағынан да көмек қолдарын созуы айналамыз жүрек жылуын жоғалтпаған жандарға толы екенін байқатса керек.
Экономика • 15 Қыркүйек, 2017
Шикізаттық емес экспорт – инвестиция
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» (Жаңғырту 3.0) Жолдауында Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту туралы еселі міндет қойды.
Саясат • 15 Қыркүйек, 2017
Өзін өзі жетілдірген жетістікке жетеді
Әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің бағыт-бағдарын айқындап алады. Еуразияның орта тұсында орналасқан Қазақстан да басты мақсаттарын белгілеп алған елдердің бірі екені анық. Айталық, 1997 жылғы алғашқы Жолдауында Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарын да, қол жеткізілуге тиісті межелерін де көрсетіп берген болатын. Ол кезде арман сияқты көрінгенмен, біздің ел Мемлекет басшысы атап көрсеткен негізгі нәтижелерге 2012 жылдың өзінде-ақ қол жеткізді.
Ұлттық спорт • 15 Қыркүйек, 2017
Павлодарда Тоғызқұмалақтан өткен флешмобқа 10 мың оқушы қатысты
Облыстық білім беру басқармасының хабарына қарағанда мектеп оқушылары арасында өткен бұл шара «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық код, біздің өткенімізді қалпына келтіру, тарихқа үңілу секілді ойлар шеңберінде өткізіліпті. Тоғызқұмалақ – ата-бабадан қалған асыл мұра.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Батыс Қазақстан облыстық газеттері ғасырлық тойын атап өтті
Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толды. Айтулы мерейтой Орал қаласында республикалық деңгейде аталып өтті.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Абай ауданында Құнанбай ескерткіші ашылды
Бүгін ШҚО Абай ауданының Қарауыл ауылында дала данышпаны, ұлы Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
М.Əуезовтың 120 жылдық мерейтойы басталды
Бүгін Абай ауданында əйгілі жазушы Мұхтар Əуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарланған.