Елорда
Елорда • 23 Сәуір, 2021
«Bi Global-дың» жоба жетекшісі 53 млн теңге айыппұл төлейді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Bi Global» ЖШС жоба жетекшісі Ипбергенов пара бергені үшін, оған 53 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 23 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Нұр-Сұлтан әкімдігі аула орталықтарын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Жыл сайын елорданың әр ауданында аула клубтарының саны артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Сәуір, 2021
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елордадағы мобильді топтар кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин режимін бұзуға қатысты жыл басынан бері 1 180 рейд кезінде шектеу шараларын сақтамаудың 734 фактісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада балалар арасында коронавирус жұқтыру қаупі өршіп тұр
Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2021
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада автономды дезинфекция жүйесі бар аялдама іске қосылды
Нұр-Сұлтанда автономды дезинфекция және аялдама павильондарының қауіпсіздігін бақылау жүйесі ресми іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2021
Елордада вакциналау пункті бар СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Елордадағы вакцинациялайтын 100 кабинетте жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде егу пункттері «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» СОО-ларында ашылған болатын. Енді өзге сауда-ойын-сауық орталықтарында ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 22 Сәуір, 2021
«Keruen» мен «Абу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды
Екі апта бұрын СОО жанындағы алғашқы егу пункті «Mega Silk way»-да ашылған болатын. Ал 19 сәуірден бастап «Хан Шатыр» СОО-да вакцина қабылдау мүмкіндігі жасалды. Енді міне, тағы екі сауда орталығынан екпе пункті ашылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2021
Елордадағы сауда орындар 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Елордадағы вакцинациялайтын 100 кабинетте жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде егу пункттері «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» СОО-ларында ашылған болатын. Енді өзге сауда-ойын-сауық орталықтары мен орындарда ашылу қаралып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Жұмыспен қамту орталығы кімдерді жұмыспен қамтып жүр?
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Азамат Байтасов орталықтың атқаратын қызметі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, «Еңбек» бағдарламасы, «Жастар практикасы» жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Елордада Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 6000-ға жуық азамат жұмыс іздеп келсе, соның 3800-ден астамы жұмысқа орналасып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған топтарға қандай көмек көрсетіледі?
Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау шаралары жайлы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Ғарифуллин түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 21 Сәуір, 2021
Елорданың оң жағалауында орналасқан дәмханалардың бірінен өрт шықты. Онда тез дайындалатын тағамдар сатылатын, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына орай дарынды спортшылар тәрбиеленетін жаңа аула клубы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кино • 20 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Елордада кинотеатрлар Ashyq жобасына қатысу арқылы жұмыс күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елорда • 20 Сәуір, 2021
Өте ыңғайлы. Елордалықтар газдандырудың артықшылығы туралы айтты
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Елорданың тұрғын үй алаптарында 345 км орамішілік газ тарату желілері салынды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 20 Сәуір, 2021
Елордалық ұландар үш күнде 5 баланы тауып, ата-анасына табыстады
Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ұлан жасағы үш күннің ішінде тосын жайттарға тап болды. Әскери жасақ сарбаздары жоғалып кеткен 5 баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Бүгін елордада 16 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылуда
Қасиетті Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату ісі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 20 Сәуір, 2021
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Бір айдан астам уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақта тұр. Соңғы аптада қалада коронавирус ауруы өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті. Эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бағдарламалар • 20 Сәуір, 2021
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік нысанының бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Коронавирус • 20 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Елордада ұжымдық иммунитетті дамыту үшін 600 мыңнан астам адамды вакциналау жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн брифинг барысында қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқаны қалай жүргізіліп жатқаны туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 20 Сәуір, 2021
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын орындарда тұрғындарға вакцина салу пункттері ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты
Нұр-Сұлтандағы оңтүстік-шығыс шағын ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Елорданың кәсіпкерлік субъектілері 35 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын бұзғаны үшін 40 млн теңгеден астам сомаға 200-ден аса айыппұл салынды. Бұл — осы жылдың басынан 16 сәуірге дейінгі аралау барысында қолданылған шара. Мұндай жазаға қарамастан біраз мекеме жұртшылыққа қауіп төндіріп, карантин шараларын бұзуды әлі де жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясы өтті
Нұр-Сұлтанда автокөліктегі өрттердің көбеюіне байланысты құтқарушылар төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Елордада 60 мыңға жуық адам екпе алды
Елордада сәуір айынан бастап қала тұрғындарын ғана емес еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтарды да жаппай вакциналау басталды. Сәуір айының басынан бастап шамамен 47 мың адам вакциналанды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.