Ойын
Спорт • 01 Шілде, 2024
«Азия балалары» ойындары: Қазақстан спортшысы чемпион атанды
Якутск (Саха Республикасы, РФ) қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында Қазақстан дзюдошылары 3 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Маусым, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының медальдары таныстырылды
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын ұйымдастыру және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында медальдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 24 Маусым, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына 2500-ден астам спортшы қатысады
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2024
Алимент төлемеген 75 азамат ақшасын құмар ойынға салған
Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы сомасы 84 млн теңге қарызы бар 75 алимент төлемеген азамат кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселерге 100 млн теңгеден астам ақша салған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Елімізде ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады
Елімізде ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Әскерилер арасында ойынқұмарлықты азайту мәселесі талқыланды
2024 жылғы 11 маусымда Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбековтың төрағалығымен Ақмола гарнизонының әскери құрылымдары өкілдерімен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведоствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 05 Маусым, 2024
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойнауға тыйым салынады
Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары баспана бойынша төлемақы алды
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2024
Қазақстан мен Нидерланд су тасқынына қарсы іс-қимыл мамандарын даярлайды
Қазақстан мен Нидерланд су тасқынына қарсы іс-қимыл және сала мамандарын даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
«Атырау-Индер» жолының қалаға кіреберіс тұсы жабылды
Өр суының қарқындануына байланысты, аталған жолдың Атырау қаласына кіреберіс тұсында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
Заңсыз ойын мен лудоманияға қарсы іс-қимылға 80 млн теңге бөлінеді
Елімізде құмар ойындар мен бәс тігуге қарсы шараларға 80 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы заңсыз ойын және ойынға тәуелділікпен күресудің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Сенатор төтенше жағдайдың залалын өтеудің жаңа тәсілдерін ұсынды
Осы жылғы тасқын судан 13 мыңдай жеке тұрғын үй зардап шекті. Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлар кезіндегі шығындарды өтеудің жаңа жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Мамыр, 2024
Атыраулық жасөспірім ойын алаңында биіктен құлады
Атырауда орналасқан ойын орталықтарының бірінде жас қыз биіктен құлап кетті, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Мамыр, 2024
54 мыңнан астам адам үйіне оралды
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2024
Жыл басынан бері 514 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелген
Петропавл сияқты тұрғындары 200 мыңнан сәл артық шағын қаланың өзінде полицейлер отбасылық зорлық-зомбылық бойынша жыл басынан бері 514 фактіні анықтады.
Кино • 29 Сәуір, 2024
Алғаш рет Түркі әлемінің кинофестивалі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы мен Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының қолдауымен түркі әлемі елдерінің кино және медиа факультеттерінің студенттеріне арналған «Farabi Film Festival» кинофестивалі жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан студенттері, оқытушылар мен киноматографтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақшылар жасақталды
Биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында осы айдың 17-28 күндері аралығында Алматыдағы олимпиадалық дайындық орталығында садақ атудан ұлттық құраманың 24 спортшысы оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Сәуір, 2024
Қазақстанда өтетін «Болашақтың ойындары» 2026 жылға шегерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды. Соның ішінде осы жылдың күзінде өтуі тиіс болған «Болашақтың ойындары» да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz қосымшасында тапсыруға болады
Kaspi.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп, Қазақстан халқы үшін тағы бір онлайн-сервисті іске қосты. Енді 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тура Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының өзінде тапсыруға болады.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырғандарды қатаң жазалау ұсынылды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды. Соның ішінде TikTok әлеуметтік желісінде заңсыз ойын ұйымдастырып, тікелей көрсетілім ұйымдастырушылардың әрекетін шектеу мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Олимпиада ойындарына 100 күн қалды
Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетіні мәлім. Париж Олимпиадасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазақстан делегациясының қоржынында 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Қ.Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарылады
11 сәуірде Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Antikor-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
15 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатар учаскелерінде су тасқыны болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Сәуір, 2024
Қытай азаматтары «Қорғаста» заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған
ҚХР азаматтары «Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 астыртын ойын бизнесі мен басқа да заңсыз әрекеттер ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды
Кеше, 31 наурызда Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен Nomad MMA бойынша облыстық жарыс кезінде 17 жастағы спортшы көз жұмды. Қайғылы хабарды Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Бишімбаев өз кінәсін неге мойындамайтынын айтты
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысында прокурор әлеуметтік желіде сотқа қатысты жарияланымдарды шектеуді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Наурыз, 2024
Қазақстанда құмар ойындарға қатысу жасы 25 жасқа дейін ұлғайтылады
27 наурыз күні Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері туралы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
Е.Қошанов: Президент Көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын керісанақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты. Бүгіннен санап бастасақ, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойындарына 171 күн қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Ризабек Айтмұхан Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр
Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Олимпиада лицензиясын сарапқа салуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.