Орда
Тағайындау • 08 Сәуір, 2022
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 08 Сәуір, 2022
Қазақстанның Моңғолия мен Қытайдағы елшілері тағайындалды
Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Сәуір, 2022
Атырау облысының жаңа әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Атырау облысының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2022
Рамазан айында 1,5 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылады
Қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату жалғасуда. Жыл басынан бері елорданың 10 мыңнан астам тұрғынына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 06 Сәуір, 2022
Автобус жүргізушілерінің жол ережесін жиі бұзатыны анықталды
Елордада маршруттық автобус жүргізушілері бір күнде 50-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Сәуір, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Әңгіме барысында Президенттер қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 06 Сәуір, 2022
Президент Бас прокурорды қабылдады
Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 06 Сәуір, 2022
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтаулар келіп түсуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2022
Елордада су тасқыны қаупі бар 25 учаске анықталды
Елордада су тасқыны қаупі бар 25 учаске анықталды. Оған жеке құрамнан 169 адам, 99 бірлік техника, 34 мотопомпа және 2 қайық бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасына сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Сәуір, 2022
Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Олжас Төлеуов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елорда • 04 Сәуір, 2022
Шетелдік кәсіпкерлер елорданың өркендеуіне үлес қосты
Еліміздің дамуына, оның ішінде елорданың өсіп-өркендеуіне алыс-жақын шетелдегі инвесторлар да өзіндік үлес қосып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2022
Елордада көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды
Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 03 Сәуір, 2022
Елорда әкімі нөсер кәріздерінің құрылысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында нөсер кәріздерін салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2022
Елордада 16 автобус бағытын өзгертті
Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Сәуір, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Білім • 02 Сәуір, 2022
Елордада педагогикалық және медициналық мамандықтарға 1300 грант бөлінеді
Биыл елорда әкімдігі педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300 грант бөледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2022
Елордада эпидбақылау қызметкері сотталды
Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкері 8 жылға сотталды. Ол қоғамдық тамақтану орындарынан ақша алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Елордада Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті
2022 жылғы 31 Наурызда Игорь Роговтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 25-ке дейін азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Қоғамдық көліктегі жол ақысы қымбаттай ма
Елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемін арттыру әлі жоспарланбаған. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 31 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2022
Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда да «бомба» қойылғаны туралы ақпарат шықты
Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы нысандарға «бомба қойылғаны» туралы жалған ақпарат шықты. Бұл туралы полиция хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 31 Наурыз, 2022
ТЖМ елорда көшелерін су басу мәселесіне қатысты пікір білдірді
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласы көшелерін қалың жауын-шашын кезінде су басу мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Наурыз, 2022
Өткен тәулікте елордада 160 жол апаты болды
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәуліктің ішінде 160 жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 30 Наурыз, 2022
Шорт-тректен ел чемпионаты басталды
«Алау» мұз айдынында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел чемпионатының ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Наурыз, 2022
Елорда маңына қатынайтын автобустар қайтадан жүре бастады
Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде орналасқан елді мекендерге қатынайтын жолаушылар автобустары қайта қатынай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Наурыз, 2022
«Қазмедиа орталығындағы» өрт сөндірілді
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Наурыз, 2022
«Қазмедиа» орталығынан өрт шықты
Елордадағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Наурыз, 2022
Елорда әуежайы уақытша жабылды
Елордада күннің бұзылуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.