Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 24 Маусым, 2017
Қазақ ертегілерін тəржімалаған Карла əжей
Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайы Астана төрінде өтіп жатыр. Қиырдағы қазақтың басын біріктірген алқалы жиын шын мәнісінде қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми алаңға айналды. Карла Лехтонен құрылтайға Финляндиядан келіпті. Ұзақ жылдар бойы оқу-ағарту саласында қызмет атқарған әжеміз қазір зейнетте. Қолы қалт ете қалғанда қазақ халық ертегілерін фин тіліне тәржіме жасап, бір парасын аударып шыққан. Ендігі мақсаты – ертегілерді жинақ етіп шығару.
Аймақтар • 24 Маусым, 2017
ОҚО-да «Мемлекеттік қызметші күніне» орай бірқатар азаматтар марапатталды
Оңтүстік Қазақстанда «Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі.
Аймақтар • 24 Маусым, 2017
Таразда Ақтөбе облысы күндері өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңіраралық кооперацияларды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлері бір-бірімен әріптестік қарым-қатынасты арттырып, түрлі салаларда тәжірибе алмасып келеді. Осы орайда, Тараз қаласында Ақтөбе облысының күндері өтіп, өңіраралық ынтымақтастық нығая түсті
Білім • 24 Маусым, 2017
Астанада халықаралық білім көрмесі өтті
Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «International Education Fair» атты халықаралық білім көрмесін өткізді.
Аймақтар • 24 Маусым, 2017
Ақтөбе облысы Достық ауылында тегін балабақша ашылмақ
Ақтөбе қаласындағы «Аслан-Али» ЖШС жетекшілері Мәртөк ауданындағы Аққұдық ауылдық округіне қарасты Достық ауылынан тегін балабақша ашу жөнінде ұйғарым жасады.
Әлем • 24 Маусым, 2017
Қытайда 100-ден астам адам көшкін астында қалды
Қытайдағы Сычуань провинциясында 100-ден астам адам көшкін астында қалды.
Президент • 24 Маусым, 2017
Елбасы Түрік Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2017
24 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың қиыр оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Таңертең республиканың солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Күрес • 24 Маусым, 2017
«Қазақстан барысы» жеңімпазының қанша сыйақы алатыны белгілі болды
«Қазақстан барысы» жарысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қанша сыйақы табысталатыны анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Президент • 24 Маусым, 2017
Елбасы Қазақстанның үздік полицейлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына және Полиция күніне орай осы саланың қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Үкімет • 23 Маусым, 2017
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Оңтүстікте 600-ден астам кооператив құрылады
Елімізде биылғы жылы қабылданған «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Бұл кооперативерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары бірікті.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Медиа форум аясында сингапурлық ғалым кітабының тұсаукесері өтті
Астанада өткен XIV Еуразиялық медиа форум аясында Сингапурдегі Ли Куан Ю атындағы мектептің аға ғылыми қызметкері Параг Ханның «Коннектография. Мегақалалар әлем картасын қалай өзгертуде?» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Алматыда отандық суретшілердің көрмесі өтті
ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана» арт-галереясында Анар Әбжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Кұрбанов, Арман Баймұратов сынды отандық үздік суретшілердің «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты картиналар көрмесінің ашылуы болды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
«KAZ Minerals» Ана мен бала орталығына жаңа жабдықтар сыйлады
«KAZ Minerals» тобының «Шығыстүстімет» ЖШС-і Өскемендегі Ана мен бала орталығына педиатриядағы қатаң бронхоскопия жасауға арналған жаңа жабдықтарды тарту етті. 30 құралдан тұратын жиынтықты жабдықтардың құны – 8 млн теңге.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Қазақ диаспорасы шоғырланған елдерде арнайы орталықтар ашу керек –Д.Қыдырәлі
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі мәдени жауһарларымызды жаһанға таныту үшін шет елдерде арнайы орталықтар ашылса деген ұсыныс айтты.
Парламент • 23 Маусым, 2017
Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президентімен кездесті
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Франция Сенатының вице-президенті Эрве Марсеймен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
"Самұрық-Қазына" қызметі Сантьяго принципіне сай
XIV Еуразиялық Медиа форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ «Әлемнің жетекші қорларының көрсеткіштеріне сай «Самұрық-Қазына» тиімділікті көтеру бойынша қызметі» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Оған спикер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Ғани Битенов және Халықаралық тәуелсіз қорлар форумының (IFSWF) стратегия және коммуникациялар жөніндегі директоры Виктория Барбари қатысты.
Жекпе-жек • 23 Маусым, 2017
Таэквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі
Ертең Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан әлем чемпионаты басталады. Жер шарының мықтыларын анықтайтын біріншілік 30 маусымға дейін жалғасады.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Шығыс Қазақстан полицейлеріне 101 автобус пен 140 автокөлік беріледі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Қазақстан полициясы күніне орай Өскеменде салтанатты жиын өтті.
Бокс • 23 Маусым, 2017
Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады
Қазақ бокс мектебі кез-келген елмен иық тірестіре алатын айбынды шаңыраққа айналғалы қашан. Оған дәлел төрт жылдықтың ең үздік бәсекесі әр Олимпиада сайын бокстан көк туымыздың желбіремей қалған кезі жоқ. Соңғы жылдары елімізде әуесқой бокс пен қатар кәсіпқой бокс та қанатын кеңге жайып келеді. Геннадий Головкин мен Қанат Исламды, Марат Мәзімбаев пен Жанат Жақияновты білмейтін жан жоқ. Осы көштің көркін одан ары қыздырып жүрген тағы бір қазақ баласы бар. Ол – Айдар Шәрібаев.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Қарағандыда Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шеру өтті
Бүгін Қарағанды облысында әскери саланың 600 қызметкері Ерубаев көшесінің бойымен шеру құрды. Аталмыш парад Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
Павлодарда 300-ге жуық полицей марапатталды
Еліміздің полиция қызметкерлері күні Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жергілікті полиция қызметіне, қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне «Нива» маркалы жаңа 40 қызметтік көлік табыс етті. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 56 миллион теңге бөлінген.
Аймақтар • 23 Маусым, 2017
ОҚО-ның 500 мыңға жуық тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 101 елді мекеннің 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізетін болады. Ол үшін биыл 59 электр энергиясымен қамтамасыз ету нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд теңге бағытталған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Елбасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды
Бүгін Астанада басталған Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы болып қайта сайланды. Құрылтай делегаттары бірауыздан Елбасының төрағалығын құптады. Талғат Мамашев Төрағаның бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек
Бүгін Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтіп жатыр. Шараға әлемнің 39 елінен 300-ден астам делегат келген.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Елбасы шетелдегі қазақтарды қолдау үшін "Отандастар" қорын құруды тапсырды
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше маңызды мәселелерге тоқталды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2017
Үкімет танымал қазақтардың электронды базасын жасайды
Бүгін Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке танымал қазақтардың электронды базасын жасауды тапсырды.
Руханият • 23 Маусым, 2017
Халқымызда АДАМГЕРШІЛІК деген асыл ұғым бар. Ұлтымыздың ғұлама бекзаттарын адамгершілік қасиетімен ардақтайды, мақтаныш етіп, есінде ұстайды. Бұл – қазақтың ел азаматына деген ерекше талғамы мен талабының көрсеткіші. Адамгершілік түсінігі – даналық, парасат, мейірім, қайырым, білгірлік пен түсіністік сияқты көптеген игі мінездерді қамти отырып, кімнің кім екенін анықтай түсетін қасиет. Көңіліміз толып, риза болған адамымызды «адамгершілігі мол екен» деп айтып жатамыз. Әке-шешесінің қанымен дарып, тәрбиесімен молайып жататын осы қасиет бойында мекен тауып, жан-жағын нұрландырып жүрген азаматтарымыздың бірі – Асекең белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Асқар Құлыбаев Алтынбекұлы. Ұзақ жылдық таныстығымыз маған оның осы қасиетін мойындатты. Арқалаған жүгі өз уақытына қарай әрқашанда салмақты болғандықтан, басшылық қызметті үлкен, кіші деп ара-жігін ажыратып бөлудің өзі қиын. Дегенмен, мен білетін Асекең қандай бір қиындықтарда да, қуаныштарда да адамгершілік қасиетін жоғалтпай, қайта әрдайым көптің көңілінен шығып жататын іс-әрекеттерімен ел бастауға, ел сенуге лайықты азамат екенін көрсете білді, әлі де көрсетіп келеді.