КТ
Қылмыс • 04 Сәуір, 2024
Бірнеше адамға зор шығын келтірген петропавлдық сотталды
Петропавл полицейлері 30 жастағы қала тұрғыны жасаған бірқатар алаяқтық дерегін ашты. Ешбір жерде жұмыс істемейтін әйел бірнеше жылдан бері өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, бірнеше адамнан ақша сұрап алып, оларға зор шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Сәуір, 2024
Биыл елордада 27 жаңа мектеп салынады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елорданың білім басқармасы ұжымымен кеңес өткізді. Астанада өткен басқосуда білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Ведомство басшысы министрлік тарапынан қабылданған маңызды міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Сәуір, 2024
Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қаза тапқан күні туралы айтты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр. Кезекті сот отырысында Бишімбаев қайғылы оқиға бойынша өз нұсқасын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Сәуір, 2024
Халықаралық журналистика мектебінің жаңа деканы тағайындалды
Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалованың тағайындалғаны туралы хабарлады. Аталған ЖОО – халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
«Күшіміз бірлікте»: «Атамекен» ҰКП халықты тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды
Еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер мен қатардағы азаматтар су тасқынынан зардап шеккен бизнесмендерге «Күшіміз бірлікте» қорына материалдық көмек жолдайды. Қордың миссиясы – түрлі күйзелістер кезінде шығынға ұшыраған шағын және орта бизнесті қолдау.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Жангелдин ауданы су тасқынымен арпалысып жатыр
Тасқыннан қауіп төніп тұрған жолдың қос қапталына құмқапшық қаланып, мотосорғымен су айдау жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Кісі өлтірген Ақтау тұрғыны теракт жасамақ болды (видео)
2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Биылғы оқу жылы қашан аяқталады?
Оқу-ағарту министрлігі еліміздің мектептерінде биылғы оқу жылының аяқталу мерзімін мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2024
Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізіледі
Ұлттық ұлан авиациясының Ми-171Е тікұшағының экипажы Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауға және тасымалдауға атсалысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Наурыз, 2024
Су тасқыны болған өңірлерде оқушылар онлайн форматқа көшіріледі
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысының 26 ауылында электр жүйесі қалпына келтірілді
Оңтүстік өңірлерде су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасып, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі мен жұмыс комиссиясы тәулік бойы жергілікті жерлерде жағдайды бақылап, барлық жұмылдырылған құрылымдардың іс-қимылын үйлестіріп отыр.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Полиция қызметкерлері БҚО тұрғындарына көмектесіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек беру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Орал қаласына және облыстың 4 ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын бұдан бұрын хабарлаған едік.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Ш.Берсиев ауылы тұрғындары аудан орталығындағы пункттерге орналастырылады
Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға Ш.Берсиевтің тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Мектеп шатырындағы қарды күреп жүріп құлаған ер адам көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазартып жүрген ер адам құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Наурыз, 2024
«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны 550-ден асты
Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт салдарынан көз жұмған адамдардың саны күрт артқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Су тасқынына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды
ҚазАвтоЖол өңірлердегі су тасқына байланысты бірқатар облыста республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Енді әкімдер электросамокаттардың қызметін реттей алады
Қазақстандағы әкімдер жаңа өкілеттікке ие болады. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект саласында ықпалдастықты нығайту маңызды
Боао Азия форумының пленарлық сессиясындағы сөйлеген сөзінде Президент көлік-транзит ынтымақтастығы, азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық ынтымақтастық сынды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Наурыз, 2024
«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны артты
22 наурызда Ресейдің Мәскеу қаласында болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар саны 140-қа жетті. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Үкімет басшысы жағдайды өз бақылауына алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, сондай-ақ жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысының оңтүстігіндегі тұрғындарды еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Әсіресе, Арқалықтың маңайындағы елді мекендер қиын жағдайда отыр. Күн райының күрт жылынуының салдарынан Арқалық қаласына қарасты бірнеше ауылды және Аманкелді кентін қызыл су басып қалған. Жангелдин ауданындағы жолды су шайып кетті. Апат аймағында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Қылмыс • 27 Наурыз, 2024
«10 жыл балаларды оқытқан»: Бұрынғы мектеп мұғалімі есірткінің ірі партиясымен ұсталды
Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласына кураторының нұсқауы бойынша есірткіні жасырын қойып кету үшін келген әйелді полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Технология • 26 Наурыз, 2024
Siri мен Алиса қазақ тілінде қашан сөйлейді?
Мәжіліс кулуарында Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов қазір IT секторы мен жасанды интеллект мәтінінде қазақ тілін дамыту өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2024
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау уақыты белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптарына құжаттарды қабылдау мерзімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Наурыз, 2024
Крокустағы лаңкестікке қатысы бар қырғыз азаматы ұсталды
Ресейдің Мәскеу қаласында орналасқан «Крокус сити холл» концерт залында болған лаңкестікке қатысы бар сегізінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2024
15 жастағы мектеп оқушысы Крокуста жүзден астам адамды аман алып қалды
Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында болған теракт кезінде 15 жастағы мектеп оқушысы Ислам жүзден астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 23 Наурыз, 2024
Мәскеудегі теракт кезінде Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ
Мәскеуде болған жағдайға қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады. Теракт кезінде Мәскеуде оқып жатқан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Наурыз, 2024
Жауын-шашын, көктайғақ. Ертең 14 өңірде ауа райы қолайсыз болады
«Қазгидромет» РМК 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ертең Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2024
Павлодарда жоғалған 29 жастағы жігіт қоштасу хатын жазып кеткен
Павлодарда әлеуметтік желідегі барлық парақшаларын өшіріп, туысқандарына қоштасу хатын жазып кеткен 29 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.