Ар
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Дәріханаларға апта сайын дәрі-дәрмек жеткізіледі
Нұр-Сұлтан әкімдігінде COVID-19-бен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, балама дәрілердің тізімін кеңейту, дәріханаларға дәрі-дәрмектерді тарату мәселелері талқыланды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Нұр-Сұлтан әкімдігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елге дәрі-дәрмектерді сатып алу және әкелу процедураларын жеңілдету, логистика мәселелеріне қолдау көрсетеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Парламент • 09 Шілде, 2020
Еліміздің әр азаматына жауапкершілік жүктеліп отыр
Індетпен күресу үшін мемлекет тарапынан алғашқы кезеңде-ақ тиісті шаралар қабылданғаны белгілі. Сол арқылы аурудың дереу асқынып кетуіне жол берген жоқпыз. Бірақ жауапты органдардың жұмысты ұйымдастыруда олқылықтарға бой алдырғанын мойындауымыз керек.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Қайырымдылығыңның сауабын берсін...
Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ жылдардан бері астық өсіріп, ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын ірі кәсіпкерлердің бірі, "Ноғайбай" ЖШС бас директоры Алтынбек Сапаров облыстық ауруханаға жаман індетке қарсы күреске көмек ретінде өз қаражатынан 2,5 млн теңге сыйлады, деп жазады Egemen.kz
Парламент • 09 Шілде, 2020
Жүйелі жұмыстар қолға алынуы керек
Президент кешегі телевизиялық үндеуінде коронавирус індетіне қарсы қолға алынған шараларға жан-жақты тоқталып, түсіндірді, халыққа демеу сөзін айтты.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Батыс Қазақстан індетке қарсы күресте 2 млрд 130 млн теңге жұмсады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы сұқбат беріп, кейбір орын алған қиындықтар үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 09 Шілде, 2020
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де арттыру маңызды
Әлемде коронавирус індетінің таралуы азаймай тұр, тіпті көптеген мемлекетте қайта өршіп кетті. Бұл сөзімізге Америка, Таяу Шығыс, Азия, Австралия құрлықтарындағы жағдайлар дәлел. Елімізде де ахуал күрделене түскені жасырын емес.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге артты
Нұр-Сұлтанда пандемия басталғалы инфекциялық төсек-орын саны 1 мыңнан 3 мың 700-ге дейін артты. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 13-ке дейін өсті. Соңғы күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 240 төсек-орынға арналған инфекциялық стационардың жеке блогы ашылды. № 1 көп бейінді аурухана жұқпалы аурулар стационарына толығымен қайта жабдықталған. "Ramada Plaza" қонақ үйі базасында 500 қосымша төсек-орын орналасқан. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Ауыл тұрғынының ауласынан 130 түп сора табылды
Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 130 түп марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Қазақстанға биохимиялық қарудың шашылғаны рас па?
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев “биохимиялық қаруды шашырату” туралы жалған хабарламаларды жоққа шығарды. Интернет желісінде жалған ақпаратты таратуға қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда былтыр отырғызылған алма ағаштары жеміс бере бастады
Ботаникалық бақта өткен жылы Қазақстан халқының бірлігі күні отырғызылған алма ағаштары тамыр жайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Карантиннің сақталуын мониторинг топтар бақылауда
Өңірде елімізде жарияланған екі апталық карантинге байланысты шектеу шаралары жалғасуда, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 09 Шілде, 2020
Қазақстанда 34 149 адам коронавирустан жазылып шықты
2020 жылдың 3 маусым мен 8 шілде аралығында Қазақстанда 17 221 адам коронавирустық инфекциядан амбулаториялық ем арқылы жазылып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 08 Шілде, 2020
Науқастарға арналған төсек-орын саны 70% артып, 43 мыңға дейін жеткізілді
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған үндеуінде айтты.
Президент • 08 Шілде, 2020
Денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ - Тоқаев
Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Президент • 08 Шілде, 2020
Қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз - Президент
Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Екі күн ішінде алматылықтардан карантин тәртібін бұзу жөнінде 70-ке тарта шағым түскен
Ағымдағы жылдың 5-7 шілдесі аралығында Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жедел желісіне тұрғындардан 69 өтініш түскен. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, соның ішінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша тексеру жүргізілді. 15 шағым расталмады.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
– Соңғы күндері Алматы қаласының аумағындағы дәріханаларға кезек байқалмайды, – дейді Алматыдағы "ГаухарТас" дәріханалар желісінің директоры Гаухар Исабекова.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Атырауда қарасора өсірген тұрғын ұсталды
Естен тандырар есірткінің уыты бар өсімдікті өсірген тұрғын бармағын тістеп отыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оның бұл әрекеті "Қарасора –2020" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Шілде, 2020
Тамақтану орындарының 30%-ы жабылуы мүмкін
Мейрамханалардың карантиндегі табысы шығынның жартысын да жаппайды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Қостанайдағы жекеменшік аурухана провизорлық стационар қызметіне көшеді
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жекенің қолындағы бұрынғы темір жол ауруханасын 200 орындық провизорлық стационар қызметіне бейімдеу туралы мекеме басшылығымен келіссөз жүріп жатыр. Мұның сыртында, басқарма жекеменшік емдеу мекемелерінің дәрігерлерін провизорлық стационарларға жұмысқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 7 шілдеде сағат 13:06-да тұтаныпты, деп хабарлайды.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алматыға 1 млн астам парацетамол дәрісі жеткізілді
Бүгін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен селекторлық жиын өткізді, онда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тоқтаусыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Өндірістік компаниялардың, дәріханалық желілердің және салалық қауымдастық өкілдері дәрілік құралдардың қоры мен жоспарлы жеткізілімдер туралы хабарлады Сонымен бірге, олар тауарларды рәсімдеу және оларды алу процедуралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Шілде, 2020
Өткен тәулікте отандық кәсіпорындар 748 мың дана бетперде шығарды
2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың дана бетперде өндірілді. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 549 мың дана, тігін – 199 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 798 дана бетперде бар. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Өмірзақ Шөкеев қатаң карантиндік шектеу талаптарын сақтауды ескертті
Коронавирус Түркістан өңірінің барлықәкімшілік аумақтарында тіркелген. Өңірде соңғы бір аптаның ішінде 360 адам осы індетке шалдыққан. Аймақ бойынша соңғы деректерге сәйкес, аталған індетпен тіркелгендер саны – 2000-нан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2020
Бразилияда журналистер ел президентін сотқа берді
Бразилияның баспасөз қауымдастығы коронавирус инфекциясы табылған ел президенті Жаир Болсонаруды ауруын біле тұра тілшілердің алдына шығып сұхбат бергені үшін айыптап, сотқа шағымданды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында жағдай толық бақылауда
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың аймақтық коммуникация қызметінде берген брифингінің негізгі лейтмотиві осы болды, деп хабарлай Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Меморгандар мен компанияларға көлік пен жиhаз алуға 3 жылға мораторий енгізілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президентінің өкімін орындау мақсатында а.ж. барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін автомобильдерді, арнайы көліктер мен қызметтік көліктерді, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын 3 жылға сатып алуға мораторий енгізді, деп хабарлай Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алматы әкімі фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізу мәселесін талқылады
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев селекторлық кеңес барысында фармацептикалық индустрия өкілдерімен дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Алтай Көлгінов азаматтармен кезекті онлайн қабылдау өткізді
Нұр-Сұлтан әкімдігі пилоттық режимде тұрғындарды қабылдау үшін азаматтардың электронды карталар жүйесін іске қосты. Жаңа жүйе тұрғындар өтінімінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
Қазақстанда 460 кәсіпорын 18,3 мың қызметкерге жалақысын бермеген
2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 1,9 млрд. теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz