П
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Көпшілігі екпенің өзіне емес, оның сапасына қарсы - Аида Балаева
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының алдын алу екпелерін салуға қатысты кейбір тармақтар қоғамның қызу талқысына түсіп, өзекті мәселеге айналғандығын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2020
Балуандар Ақбұлақта оқу-жаттығу жиынын өткізуде
Әйгілі балуан Бақтияр Байсейітов жетекшілік ететін грек-рим күресінен Қазақстанның ұлттық құрама командасы Алматының іргесінде орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
Қазақстандықтар 3,9 млрд теңге салған қаржы пирамидасы әшкере болды
Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдігі бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Алматының Әуезов ауданында 1 200 орынды жаңа мектеп ашылады
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданы тұрғындарының балабақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін шешу жолдарымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
"Nur Otan" праймеризге қатысушылардың онлайн-оқытуын бастады
"Nur Otan" партиясының Саяси менеджмент мектебі партияішілік праймериздің әлеуетті үміткерлеріне арналған алғашқы онлайн-семинарын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2020
"Алтын доптың" иегері атануға кімдер үмітті?
Әйгілі Goal басылымы биылғы маусымда әлемнің ең үздік футболшысына тиесілі "Алтын доп" сыйлығының иегері атануға үмітті ойыншылардың тізімін жариялады, - деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2020
Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақтың қос мықтысы жұдырықтасады
Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.
Әлем • 16 Маусым, 2020
Бейжіңдегі вирус Уханнан шыққан вирустан қауіпті
Екі айға жуық коронавируске шалдығу оқиғасы тіркелмей, қалыпты өмір кешкен Қытайда індеттің қайта соғуымен Бейжің қаласында әскери тәртіп енгізілді.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Маңғыстауда Азаматтық процестік кодекстің толықтырулары талқыланды
Маңғыстау облыстық сотында Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында семинар өткізілді, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Видео • 16 Маусым, 2020
Чемпиондар лигасы қашан басталады?
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2019-2020 ойындары 11 наурызда тоқтатылған болатын. COVID-19 эпидемиясы УЕФА-ның көптеген матчтарын кейінге қалдыруға және болдырмауға мәжбүр етті.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Спорт • 16 Маусым, 2020
18 шілдеде Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді
Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді деп жоспарлануда. Бұл жарыс ESPN+ және IFL TV арналары арқылы күллі әлемге көрсетіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Маусым, 2020
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен тағы 18 адам тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
"Міндетті екпе: Қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты кездесу өтеді
16 маусым күні сағат 15.00-де "Міндетті екпе: Қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты кездесу өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты
16 маусымда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 8 015 502, өлім саны - 436 319, айыққандар саны - 3 843 843 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі кейінге ауыстырылды
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі 24 маусымға ауыстырылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Саясат • 15 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев саясат ғылымдарының докторы атағын алған халықаралық қатынастар саласының халықаралық деңгейдегі шебері. Алғашқы дипломатиялық жолын Совет Одағы кезінде екінші хатшы дәрежесінен бастап, бірінші хатшы, кеңесші дәрежелеріне дейін көтеріледі. Ол бірнеше елдерде, атап айтқанда Қытай және Сингапур елдерінде қызмет атқарып, БҰҰ-ның отырыстары мен халықаралық және аймақтық жиындарға қатысу арқылы дипломатиялық біліктілігі шыңдалады.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
СҚО-да заңсыз арақ-шарап сатушы анықталды
СҚО Мамлют қаласының тұрғыны өз үйінен алкоголь өнімдерін заңсыз сатып келген. Ол аудандық полицияның "Құқықтықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасының барысында анықтылды. Тексеріс барысында оның қорасынан 200 литрге жуық алкоголь өнімдері алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров ТүркПА семинарына қатысты
Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров "COVID-19 пандемиясы аясында су және жер ресурстарын қорғау" тақырыбы бойынша Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының онлайн конференция түріндегі семинар жұмысына қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Коронавирус себебінен жол-көлік оқиғалары азайған
"QazAvtoJol" ҰК" АҚ-да бейне байланыс арқылы өткен ведомствоаралық мәжіліс барысында республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Коронавирустың ағзаға әсері қандай?
Коронавирустың адам ағзасына әсері туралы тоқтамды пікірмен түйінделу оңайға соқпайын деп тұр. Сарапшылар "вирус адам ағзасын қанша күн бойы билеп – төстейді" деген мәселе тренд болып тұр. Әзірге зерттеу нәтижелері тоқтамды пікірге келуге мұрша берер емес. Алғашқы кезде оның әсері толқын-толқын тәрізді болады, құрбандар саны соған қарап анықталады деген болатын. Бұл пікірге Италиядағы, сонан соң АҚШ-тағы өлім-жітімнің көп болуы себеп болған. Соңғы зерттеулерде маусымаралық өзгерістерге байланысты індеттің де әсері өзгеріп отыратыны байқалып қалды. Әлемдік статистика 15 маусымға дейін 8 миллиондай адам дертті жұқтырды деп отыр. Қайтыс болғандардың саны – 433 930. Бұл деректерді Johns Hopkins University жариялап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Атырауда көпірден секірген бойжеткен қайтыс болды
Қаланың қақ ортасындағы көпірден секірген 21 жастағы бойжеткен суға батып кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Шымкенттің темір жол вокзалында санитарлық талап күшейтілген
Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік арақашықтық, бетперде режімі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 15 Маусым, 2020
Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды. Сенаторлар алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды, дейді Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Н.Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына видеоконференция режимінде қатысты, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Блокпосттағы оқиға: Зардап шеккен үшінші полицей ауруханадан шығады
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті. Оқиға орнында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Зардап шеккен үшінші полицей бүгін ауруханадан шығады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Симптомсыз науқастар: Үй карантинінде жатқан адамға арналған нұсқаулық
Дәрігерлер COVID-19 симптомсыз түрі бар науқастарға және отбасы мүшелеріне карантинді қалай дұрыс сақтау керегін айтты, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 15 Маусым, 2020
Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 36 жаңа жағдайы тіркелді
Қытай астанасы Бейжіңде екінші толқынның қаупі аясында коронавирус індетінің 36 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.