m
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды
Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды. Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2025
Жасанды интеллект бойынша KazLLM моделі әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазақ тіліндегі жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM ауқымды тіл моделі әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Азаматтардың сұранысы – «AMANAT»-тың басты бағдары
«AMANAT» партиясының басты міндеті – азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және олардың тұрмысын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу. Адамдардың партияға деген сенімінің кепілі – осы. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов ұйымдастырушылық жиын барысында айтты. Партиялықтар өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, бірқатар басым міндеттерді айқындады. Кеңеске партияның өңірлік филиалдары қосылып, басқосу бейне конференц байланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Ақпан, 2025
Кәсіпорын тас жолды қардан тазалауға қолдау көрсетті
Қаңтардың ортасынан бастап Абай облысында қыс қаһарына мініп, бір жағынан сақылдаған аяз қысып, екінші жағынан ақтүтек боранның басталғаны аймақ халқына ауырлық салғаны анық. Жергілікті билік орындары бақылауды қолына алып барынша облыс жұртшылығына жағдай жасауға күш салып келеді. Мұндай шаралардан өңірдегі ірі кәсіпорындар да тыс қалмай иелігіндегі техниканы ел игілігіне жұмсау үшін табиғаттың тосын мінезімен күресіп, көпшілік іске бел шешіп кірісті.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
«Қазақстандық арман» ХII CFO Summit-тан басталады
Жыл сайын көктемнің қанатына ілесіп келетін ХII CFO SUMMIT Алматыда, 5 наурызда, The Ritz-Carltonда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Ақпан, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа қатысты тергеудің алдын ала нәтижесі жарияланды
Көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Ақпан, 2025
Педагогикалық университеттер бірлесіп Кәсіби даму орталығын ашты
Қыздар ұлттық педагогикалық университеті мен EdUHK бірлесіп, кәсіби даму орталығын ашты. Жоба Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Гонконг білім университетімен бірлесіп құрылған EdUHK - білім академиясы аясында іске асты. Орталықтың ашылуы ғылым алмасуды тереңдету мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға негіз болмақ. Жоба аясында STEAM-білім беруді, көшбасшылықты және бағалауды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Форум • 31 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда өткен «Digital Almaty 2025: Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 31 Қаңтар, 2025
Meta Дональд Трампқа 25 млн доллар айыппұл төлейді
Meta компаниясы АҚШ президенті Дональд Трампқа оның 2021 жылы Instagram мен Facebook аккаунттарын бұғаттағаны үшін 25 миллион доллар төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2025
Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны өтті
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қаңтар, 2025
Шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта табылған
Шетелдік азаматтың Қазақстанға былтыр желтоқсан айында келгені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қаңтар, 2025
American Eagle ұшағы Рональд Рейган әуежайының маңында әскери тікұшақпен соқтығысқаннан кейін Потомак өзеніне құлаған. Аталған оқиғаға қатысты әуежай рейстерді уақытша тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2025
Microsoft TikTok желісін сатып алуға ниетті - Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісін Microsoft компаниясы сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 28 Қаңтар, 2025
Әлемдік футбол жұлдызы Сол Кэмпбелл Қазақстанға келеді
Ағылшын футболының аңызы Сол Кэмпбелл Digital Almaty 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2025
ҚТЖ қос басылымды мерейтойымен құттықтады
Бұл туралы «ҚТЖ» БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры Кирилл Волков өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2025
Президент Masdar және ADNOC компаниясының басшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Мәжілісмендер жұмысшылардың еңбек жағдайына назар аударды
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Көксу ауданындағы «Строитель» кірпіш-керамзит зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Сапардың негізгі мақсаты – өндіріс процесімен танысып, жұмысшылардың жағдайын білу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Депутаттар Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралады
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов бүгін Түркістан облысында болып, Сарыағаш ауданындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады. Сондай-ақ аудан жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2025
Отандық кәсіпкер миллиардерлер тізіміне енді
Бүгін Bloomberg 500 миллиардерлер тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
Президент • 06 Қаңтар, 2025
Президент QazSwimAcademy спорт орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қаңтар, 2025
Дзюдодан ел құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Жаңа маусымдағы дзюдодан алғашқы халықаралық жарыс 1-2 ақпан аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2025
Алматыда sim-box құрылғылары тәркіленді
ІІМ отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық қызметтің жолын кесу жұмысын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Желтоқсан, 2024
Embraer ұшағының өндірушілері Қазақстанға келді
Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттың арнайы өкілдері Бразилиядан Ақтау қаласына келді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтаудағы ұшақ апаты: «AMANAT» депутаттары көңіл айтты
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері 2024 жылы атқарылған жұмысты қорытындылау шарасы басталар алдында халық қалаулылары Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 25 Желтоқсан, 2024
Оқулықтан инновацияға дейін - білім беру саласындағы жаңа серпін
Дидара Алина – ARMAN-PV баспасының бас директоры. Оның басшылығымен компания білім беру саласында жаңа педагогикалық және түрлі ақпараттық технологияларды енгізіп, халықаралық серіктестікке негізделген жобаларды іске асырып келеді. Осы жылы баспа қандай жетістіктерге қол жеткізді және болашаққа қандай жоспарлар қойылды? Бұл туралы Дидара ханыммен сұхбат барысында талқыладық.
Марапат • 20 Желтоқсан, 2024
«Алтын тұғыр-2024» сыйлығын табыстау рәсімі өтті
Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр – 2024» ұлттық спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Президент кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және тағы басқалар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 18 Желтоқсан, 2024
Қазақстан инженерлік білімнің жаңа дәуіріне аяқ басты
Еліміздің ғалымдары мен инженерлерінен құралған топ кадр даярлаудағы интеграциялық үдерісті зерделеу үшін Оңтүстік Кореяда болды. Мамандар алғашқы сапарында корейлердің машина, автомобиль жасау бойынша кәсіптік оқытуды қалай ұйымдастыратынын көріп қайтты. Ал екінші сапар құрамында Теміртау, Рудный қалаларының индустриялық университеттері мен Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері, сондай-ақ «ERG» және «Qarmet» қызметкерлері бар делегация металлургия саласындағы озық тәжірибемен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Желтоқсан, 2024
Сенат Төрағасы бас басылымды 105 жылдық мерейтойымен құттықтады
Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихы 1919 жылдың 17 желтоқсан күні алғашқы саны жарық көрген «Ұшқыннан» бастау алады. 105 жылдан бері ойлы оқырманның қолынан түспеген үнпарақтың ғасыр келбетінде үзілген тұсы жоқ.
Күрес • 05 Желтоқсан, 2024
Grand Slam турнирі: Балуандар белгілі болды
Аталған додаға баратын Қазақстан құрамасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2024
Өнеркәсіп саласы еңсесін тіктегелі «Қазақстанда жасалған» деген тіркес жауһарымызға айналды. Нарықтық экономиканың елеулі элементі өндіріс екенін ұққалы, сапалы зауыттар салуға ден қойдық. Десе де жол ортадан тоқырауға ұшырағандар көп болды. Тек сапаны серік еткендер ғана біршама белесті бағындыра алды. Соның бірі – 10 жылдан бері тасы өрге домалаған «Talas Investment Company». Зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін және 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіреді. Алыс-жақын алтын өндіруші компанияларға натрий цианидінің дайын өнімін жөнелтеді. Жамбыл облысының Талас ауданында орналасқан өнеркәсіп кешенін өз көзімізбен көріп қайттық.