П
Форум • 19 Ақпан, 2024
Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
Антальяда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын артып келеді.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды
Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды. Ұлттық құрама қоржынына тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 18 Ақпан, 2024
Ертең астаналық оқушылар қалай оқитыны белгілі болды
19 ақпан күні Қазақстан аумағында қолайсыз ауа райы болады. Синоптиктер аяз қыса түсетінін хабарлады. Осыған байланысты Астана қаласының білім басқармасы ертең І ауысым оқушылары онлайн оқитынын айтты, деп жазады Egemen.kz
Ауа райы • 18 Ақпан, 2024
Аяз күшейіп, боран болады. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
19 ақпан күні ел өңірлерінде температура төмендеп, аяз күшейеді. Қазақстанның шығысында көрсеткіш - 45 градусқа дейін түседі. Өңірлерде аяз қысып, қатты жел соғады. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2024
Мақтааралда есепші экономикалық тексеруден кейін өзіне қол жұмсады
25 қаңтарда болған оқиғаны Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Ақпан, 2024
Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде 3 медаль еншіледі
Бүгін Иран астанасы Тегеранда жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Жерлестеріміз құрлықтық бәсекенің бірінші күні қоржынға 3 медаль салды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Денелерінде сау тамтық жоқ. Асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған - Динара Зәкиева
Ұлытау облысында асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған. Оларды 5 жыл бойы қорқытып, ұлдың үлкенін фермада мал бағуға мәжбүрлеген. Арнайы комиссия тексеру барысында балалардың физикалық-әлеуметтік жағдайы жаға ұстатарлық екенін анықтады. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Ақпан, 2024
Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам ауруханаға түсті
Петропавлда 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы 70 шаршы метр аумақтан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, облыстың бір өңірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Балалар ем алып жатыр». Қаскөй аяқ-қолын матап қойып ұрған жеткіншектердің жағдайы айтылды
Бейсенбі күні кешқұрым Жамбыл ауданына қарасты Таран ауылында тұратын А. есімді жалғызбасты әйелдің үйіне баса көктеп кірген ер адам оның төрт баласын ұрып-соққаны туралы хабар тараған еді. Бұл мезетте балалардың анасы дүкенге шығып кеткен көрінеді.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2024
Бүркітші қыз: Жоспарым – білім мен салт-дәстүрді қатар үйрететін ұлттық мектеп ашу
Бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы мектеп ашпақ. Бұл туралы ол «Таңшолпан» бағдарламасында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады
Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 16 Ақпан, 2024
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жеңімпаздарына Президенттің алғыс хаты табысталды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысындағы күрделі жағдай: Қалбатау ауылына 29 адам эвакуацияланды
Абай облысы ТЖД құтқарушылары «Қазавтожол» қызметкерлерімен бірлесіп Көкпекті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Онда 100-ден астам автомобиль бағанасы тұр. Құтқару жұмыстарын жүргізу орнына қосымша 61 адам және 23 техника жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Астанада «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» конференциясы өтті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Онда Б.Сапарбаевтың жақындары, қызметтес серіктері мен шәкірттері, Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Қызыл кітапқа енген жануарды жайратқан күдікті қолға түсті
Жамбыл облыстық Полиция департаменті қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Сапсан» жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік дерегін жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Ақпан, 2024
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда мектептерінде екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«24 келі алтын ұрлаған». Қылмыстық топтың мүшесі Әзербайжанда ұсталды
Елімізге трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматы экстрадицияланды, деп жазады Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының Көкпекті ауданында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Осыған байланысты 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
«Сіздің күлкіңіз әдемі». Полицейлер жол апатының алдын алатын ерекше тәсіл қолданды (видео)
Түркістан облысы Ордабасы ауданының полицейлері жол апатының алдын алу, жол жүру қағидатын сақтау мақсатында ерекше акция өткізді. Полицейлер қолданған бұл тәсіл жергілікті тұрғындарды таң қалдырды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
11 облыс аумағында 17 жол бөлігі жабық
Бүгінгі сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райы қолайсыздығынан 11 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Ақпан, 2024
Әзірге Олимпиадаға лицензиямыз аз - Ермек Маржықпаев
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2024
Белгілі боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды
Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Ақпан, 2024
Президент Қатарға жасаған алғашқы жұмыс сапарын қорытындылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Қатар Мемлекетіне жасаған алғашқы сапарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
«Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады
Қазақстанда «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылып, барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Ақпан, 2024
Полиция 6 миллион теңге жымқырған күдіктіні ұстады
Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 15 Ақпан, 2024
Көшпенділер ойынының ашылу салтанаты қайда өтетіні айтылды
Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында күзде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындық барысы туралы айтылды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2024
Елордада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Көкшетау полицейлері тұғындарды өрттен құтқарды
Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды өрттен арашалап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, қазіргі жаһандық және өңірлік күн тәртібіне қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді. Президент Қатарға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде қонақжайлық көрсеткені үшін Әмір Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.