Құтқару
Қоғам • 19 Қазан, 2020
Құтқарушылар қызметі заманауи бағытта дамып келеді - Серік Әубәкіров
Бүгінде Қазақстанның төтенше жағдайлар ұйымының құрылғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Қаншама адам өміріне араша түсіп, көмекке мұқтаж жандардың алғысын арқалаған алматылық құтқарушылар әрдайым көмекке дайын. Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар қызметі жылына мыңдаған шұғыл дабылдарға шығып, 600-ден астам адам қауіпті аймақтардан құтқарылған. Шұғыл қоңырауларға орай 500-ден астам оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілген. Кез келген апатты жағдайлардың алдын алуда штаттағы құтқарушылар құрамымен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі қалыптасқан. Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 19 қызмет түрлерінен азаматтық қорғау жүйесі құрылып, әртүрлі профильдегі 1,5 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді. Шұғыл қызметке 350-ден астам құтқарушы мен 150 бірліктен астам техника тәулік сайын қала қауіпсіздігінің қырағы күзетінде. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Өрт сөндіру қызметінің генерал-майоры Серік Әубәкіровпен әңгімемізде оңтүстік астананың өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының қызметіне қатысты сұрақтарымызды қойған едік.
Қазақстан • 19 Қазан, 2020
Ерлан Тұрғымбаев Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020
Бала терезеден құламау үшін не істеу керек?
Елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті терезелерді ашық қалдырмауға, балаларды терезе алдына шығармауға, сондай-ақ мүмкіндігінше шектеу орнатуға кеңес береді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Іле Алатау тауларында туристер құтқарылды
Бүгін Республикалық жедел-құтқару жасағы кезекті іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Кім-Асар шатқалында адасып кеткен ер адам аман-есен
2020 жылғы 11 тамызда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Кім-Асар шатқалы ауданында 1984 жылы туған ер адам адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Құтқарушылар Іле Алатауында ер адамды құтқарды
2020 жылғы 10 тамызда 9 адамнан тұратын бір топ турист Карлытау шыңына дейінгі бағыт бойынша серуенге аттанды. Кешке Богданович мұздығының ауданында (3700) ер адамдардың бірі ауырып, мұрнынан қан кетіп, шамамен 40 минутқа созылған сіңір тартылуы басталды. Осыдан кейін зардап шеккен адам қатты әлсіздікті сезініп, өздігінен таудан төмен түсе алмаған. Бұл туралы ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Іле Алатауында жоғалған ер адам табылды
2020 жылғы 27 шілдеде сағат 22.00-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне тауда ер адамның жоғалғаны туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Алматыда тауда қалған 9 турист құтқарылды
Алматы қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, тауда қалған 9 турист дін аман қалаға оралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Павлодарда құтқарушылар суға батып бара жатқан қызды аман алып қалды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше, 10-шы маусымда сағат 18:50-де Ақсу қаласы жағажай маңында бір қыздың шомылу кезінде суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.