Ет
Экспорт • 24 Желтоқсан, 2024
Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды
Ереванға мұздатылған шошқа етінің алғашқы 20 тоннасы экспортталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Құқық • 24 Желтоқсан, 2024
Ашық сот жүйесі жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтті
Әділетті Қазақстанның іргесі берік, еңсесі биік болуының басты кепілі – ашық сот жүйесі. Өйткені, ел азаматтары ең бірінші әділдікті соттан күтеді, сенім артады. Әділетті қоғамның негізгі өлшемі заң мен тәртіп болғандықтан, заң алдында барлық адам тең құқылы болуы тиіс. Сол себепті сот органдары халықтың басты қорғаны болуы керек. Мемлекет басшысының сот саласындағы ашықтыққа айрықша мән беруінің нәтижесінде елімізде бұл саладағы барлық реформа бұқараның көз алдында өтіп жатыр. Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтіп келеді.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
«Ұлттық қор - балаларға»: Бағдарлама қалай іске асып жатыр
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жобасы іске қосылды. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған бұл жоба бүгінде қалай іске асырылып келеді? Балалар пайдасын көріп отыр ма? Осы және өзге де сұрақтарға Egemen.kz жауап іздеп көрді.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған
Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ағымдағы нәтижелер туралы мәлімет ұсынды. Биыл олардың саны 44 млн-нан асты. Министрдің айтуынша, маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Шетелдіктер Астанадағы ломбардты тонап кеткен
Астанада өзге елдің 5 азаматы қылмыстық схема құрып, ломбардты тонап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Желтоқсан, 2024
Тұман түсіп, көктайғақ болады: бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сейсенбі, 24 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2024
Жетісу облысында 57 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысында әлеуметтік осал топ санатындағы 57 отбасы баспаналы болды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2024
Алаяқтар «Орда» тобының концертіне жалған билет сатқан
Астанада «Орда» тобының концертіне жалған билет сатумен айналысқан алаяқтың схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2024
Пойыздарда интернет қашан қолжетімді болатыны айтылды
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин 2025 жылдың басында пойыздарда пилоттық режимде интернет пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2024
Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» синоптиктері 24, 25 және 26 желтоқсан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту мәселесі талқыланды
Бүгін Үкімет сағатында Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 22 Желтоқсан, 2024
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттар корпоративке жиналмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2024
Боран, көктайғақ: Астана мен 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 23 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2024
Еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер 22 желтоқсанда елдің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2024
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2024
Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райы • 21 Желтоқсан, 2024
Қар, жел: 21-23 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Желтоқсан, 2024
Атырауда зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды
Атырауда көлігін абайсызда сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 20 Желтоқсан, 2024
Елорда жастары мемлекеттік қызметтің жаңа мүмкіндіктерін талқылады
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай елорда жастарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2024
Жетісуда мал басы 2,5 миллионға жеткен
Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ОКҚ алаңында өткен брифингте бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2024
Қорғаныс министрлігінің офицері бала зорламақ болды деген күдікпен ұсталды
Астанада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Желтоқсан, 2024
75 млн теңге пара алған мемқызметкер жазаланды
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері Грузиядан экстрадацияланды. Ол қызмет барысында аса ірі көлемде пара алып, бой тасаламақ болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қанша
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2024
Рашит Ахметов қызметінен босатылды
Сенат Жоғары аудиторлық палата мүшесі Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2024
Өзбекстанда жанармай құю бекеті жарылып, бір адам көз жұмды
Ферғанадағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2024
Үкіметте венчурлық инвестициялар қорын іске қосу мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Желтоқсан, 2024
Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады: Синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» синоптиктері 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
Ақмола облысында шенеунік ірі сомаға заңсыз тендер өткізбек болған
Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 млн теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
Үшарал-Достық автожолында 136 адам құтқарылды
Жетісу облысында ауа райы күрт нашарлап, қатты боран, бұрқасын, нөлдік көрінуге байланысты бірнеше төтенше жағдай тіркелген. ТЖМ құтқарушылары өткен тәулікте қар құрсауында қалған көліктерден 136-дан астам адамды жедел эвакуациялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.