м
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Еліміздің қай өңірлері жылыту маусымына дайын емес?
Бұл сұраққа Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2021
ФИДЕ өкілдері қазақстандық шахматшының өнерін бағалады
17 жасар қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның ойынын Халықаралық шахмат Федерациясы (ФИДЕ) ерекше бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Мектептерде санитариялық нормалардың сақталуын бақылауда ұстау қажет - Мамин
Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Қыркүйек, 2021
«Жасыл» аймақта жалғыз өңір тұр
2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді - Мамин
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қыркүйек, 2021
14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақта жырдың күйіндей деген сөз бар. Әңгімені жырдың күйіндей қылып жеткізетіндер болады. Ақ тазының алғанын айтып қоя салмай, әуелі қара тазының шалғанын, сол уақытта желдің қалай соғып, жалт бұрылғанда тымағының қисайып бара жатқанын, оны түзей бергенде ер-тоқымы ауып, аттан түсіп қала жаздап зорға түзеліп, міңгі торының жуастығынан аман қалғанын, жынды торы болғанда құлап мертігіп, не жаяу жете алмай қиырда қаларын бір қаперге салып өтіп, әйтеуір сөйтіп жүргенде ақ тазының түлкіні аузына түсіргенін әсірелеп айтқанда, аузыңның суын құртып қояды. Аз ғана дүниені жырдың күйіндей қылады. Бұлай әсірелеп сөйлеудің жақсы, жамандығы бөлек әңгіме.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Америкалық ақын Вирджиния Вулфтың «Джордж Элиот» атты эссесін парақтап қалсаңыз «Джордж Элиотты оқуға назар аудару – бұл адамдардың ол туралы көп білмейтінін түсіну», деп басталады. Шынында бір ақынды немесе қаламгерді тереңірек түсіну ең алдымен оның шығармашылығымен танысудан бастау алады. Талай ақынды қыл бабында жаратып, қолына қалам ұстатқан құдіретті поэзия Темірхан Медетбекке де өзгеше дес берді.
Театр • 13 Қыркүйек, 2021
Күләш Байсейітованың есімі берілді
«Астана Опера» Камералық залы Күләш Байсейітованың есімімен аталды. Осыған орай 13 қыркүйекте «Қазақтың бұлбұлы» концерті өтті.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
БҰҰ Ауғанстан үшін әлемге қол жайды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанның қиын гуманитарлық дағдарысқа тап болғанын айтып, халықаралық қоғамдастықтан көмек ретінде 600 миллион доллардан астам қаражат жинап беруін сұрап отыр.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Алматы мемлекеттік Қуыршақ театрындағы Момынжановтар отбасын әріптестері сыртынан «миллионер отбасы» деп әзілдейді. Әйтпегенде ше, бір кәсіп, бір театр, бір орта, бір отбасы ортақтастырған ерлі-зайыпты әртістердің екеуі де талантты, екеуі де еңбекқор. Отағасы Болат Момынжанов еліміздің мәдени кеңістігінде рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген үздіктерге берілетін «Сахнагер» Ұлттық театр байқауының жүлдегері болса, жұбайы Ұлбосын Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығын жеңіп алған. Театр өнеріндегі талантты әртістерге берілетін ең жоғарғы сыйлықты миллион теңгемен бірге еншілеген екеуі содан бері өз ортасында «миллионер отбасы» атанып кетті.
Театр • 13 Қыркүйек, 2021
Мерейлі маусымның шымылдығын түрді
Күз келсе, күзбен бірге театрлардың да мәуесін жайған ағаштай бойындағы бар жақсысын көрерменіне ұсынуға асығатын дағдысы биыл да сол қалыбынан айнымады. Елордалық театрлар бірінен кейін бірі жаңа маусымының шымылдығын түріп, астана халқын тамаша қойылымдарымен тәнті етіп үлгерді. Әйтсе де биылғы маусымның, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры үшін орны бөлек. Өнер ұжымы ХV мерейлі театр маусымының шымылдығын түрді.
Экономика • 13 Қыркүйек, 2021
Пандемия жағдайындағы экспорттық шектеу инвестициялық климатқа қалай әсер етеді? Бұл мәселе қазір әлем елдерін алаңдатып отыр. Алпауыт мемлекеттер шикізат кені деп табылған елдердің нарығынан айырылғысы келмесе, екінші ел ескі сүрлеумен жүргісі келмейтінін байқатты.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Еуропалық комиссияны атом реакторлары мазалайды
Қазіргі таңда әлемде атом электр стансаларын салу қажет пе деген сұрақ күн тәртібінен түспей тұр. Кейбіреулер оны экологиялық таза деп есептесе, енді бірі реакторлардан келетін қауіп көп деп есептейді. Бұл мәселенің қызу талқыланғаны соншалық, Еуропалық комиссия ядролық энергияны қолданудың тиімділігі мен зиянын зерттеп жатыр.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Тілім тілінбесін, елім бүлінбесін!
Кейінгі кезде қоғамның мемлекеттік тіл мәселелеріне деген қызығушылығы артуда. Бұл бір жағынан қуантады. Екінші жағынан, жағдай ашыған қамырдай күмпиiп бара жатқандай сезіледі. Ашынған кейбір азаматтар әлеуметтік желіде ащы-ащы пікір айтып, азаттық жылдарында тілге қатысты түк ілгерілеу болмағандай сөйлеуде. Шынында солай ма? Біржақты сын айызды қандырардай сүйкімді көрініп, бұқараның есiл-дертiн жаулап алатыны бар. Осы қызбалыққа бәріміз дем беріп, шиеленісті өршіте түссек не болмақ?
Өнер • 13 Қыркүйек, 2021
Ахметсапаның қысқаша өмірбаяны
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – алаш» атты үш томдық түрме әпсанасында өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басында алғашқылардың бірі болып атылып кеткен Ахметсапа Юсупов туралы да қысқа мағлұмат берілген. Ахметсапа туралы ғалым «Осы адамның тарихы жұмбақ» деп түйіндепті.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
«Өскемен-Алтай» тас жолында көлік аударылды
Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Павлодар облысында мал иелеріне айыппұл салынды
Павлодар облысының Тереңкөл ауданында 60-қа жуық мал аудан орталығында қараусыз жүргені үшін иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2021
ҚХЛ-дің алғашқы матчтарында ойнайтын «Барыс» құрамы анықталды
Бүгін «Барыс» Мәскеу - Рига - Хельсинки бағыты бойынша ҚХЛ-дің ағымдағы маусымының алғашқы сапарына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Фотогалерея • 13 Қыркүйек, 2021
Кіші Талдыкөлге қызғылт фламинго келді
Қызыл кітапқа енген құстар отары Кіші Талдыкөлге ұшып келді. Су қоймасының жағасына әсем құстарды көруге келетіндер саны көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Алматыда жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады
Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев Қоғамдық кеңес отырысында жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2021
Ералы Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Сауда министрлігі AliBaba-да ұлттық виртуалды павильон ашады
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің экспортты дамыту департаментінің директоры Өмірбек Баштайдың айтуынша, «QazTrade» AliBaba компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Жыл соңына дейін ҚР сауда және интеграция министрлігі AliBaba-мен бірлесіп, Ұлттық виртуалды павильон ашуды жоспарлап отыр, онда барлық қазақстандық тауарлар орналасатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел және Елбасы • 13 Қыркүйек, 2021
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмысының негізгі нәтижелері туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2021
Азия чемпионатында оқ атудан екінші «алтын» алдық
Шымкентте оқ атудан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық спортшылар екінші алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Алматыда 30 градусқа дейін ыстық күтіледі
Синоптиктер Алматыда 30 градусқа дейін ыстық күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел және Елбасы • 13 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президентін қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Linde Group неміс компаниясының вице-президентімен газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
АҚШ жағалауына тропикалық дауыл жақындап келеді
«Николас» тропикалық дауылы Мексика шығанағымен өтіп. АҚШ жағалауына жақындап келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021
Жамбыл облысында «қара іздеушілер» ұсталды
Жамбыл облысының полицейлері алтынды заңсыз өндіріп жүргендерді құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.