и
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Зейнетақы жинақтарын ең көп пайдаланған өңірлер аталды
2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындаған, деп жазды Egemen.kz.
Әлем • 11 Мамыр, 2022
Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымымен цифрландыру саласында байланысты нығайтуға ниетті
Ыстанбұлда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Мамыр, 2022
Аргентинада жер сілкінісі болды
Аргентинада 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Мамыр, 2022
Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Қостанайда прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады
Қостанайда прокуратура қызметкері суицид жасап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 11 Мамыр, 2022
Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Қазақстанда ANKA ұшқышсыз ұшақтар құрастырылады
10 мамырда Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге сәйкес, Қазақстанда «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ANKA ұрмалы ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2022
Тоқаев Түркияның Президенттік Ұлттық кітапханасына барды
Мемлекет басшысына, ең алдымен, ескі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімі таныстырылды. Бұл бөлімде құнды зерттеулер мен құжаттарды қамтитын ғылыми кітаптар сақталған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Президент тапсырмаларының орындалуы мониторинг арқылы қадағаланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке жүктеген міндеттерінің орындалу барысын арнайы мониторингілік топ қадағалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Елордада баланы құтқарған азамат марапатталды
Төтенше жағдайлар министрлігі терезеден құлап бара жатқан баланы аман алып қалған азаматты марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 11 Мамыр, 2022
Пара беруге ұсыныс тастағандар жауапкершілікке тартылады
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының концепциясы шеңберінде заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Мамыр, 2022
Украинаның тұңғыш президенті қайтыс болды
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук кеше 89 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Мамыр, 2022
СҚО-да интернет арқылы 15 адамды алдаған жігіт ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері адамдарды интернет арқылы алдап келген 21 жастағы павлодарлық азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Семейде «Abay Media Group» медиахолдингі ашылды
Семей қаласында «Abay Media Group» медиахолдингі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Мамыр, 2022
Омбудсменге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі
Бұл туралы ҚР Конституциялық кеңесінің аппарат басшысы Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды
Математикадан Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 2 күміс және 4 қола жеңіп алды. Осылайша елдің ұлттық құрамасы былтырғы нәтижені жақсартты, яғни 2021 жылға қарағанда ел қоржынына бір медаль артық түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Мамыр, 2022
Қазақстанда онлайн-кредитке тыйым салынуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Дәния Еспаеваның айтуынша, микроқаржы ұйымдарындағы проблемалық қарыз үлесі жыл сайын өсіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Мамыр, 2022
Алматыда екі қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы сотына «Astra Consulting Agensy» және «Alpha Lux Consulting» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2022
Президент: Түркия бизнесмендерінің Қазақстандағы келешегі зор
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің басқосуында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Мамыр, 2022
Алматыда фармацевтикалық зауыт салынады
Түркия инвесторлары Алматы қаласында фармацевтикалық зауыт салуға қаржы бөледі. Бұл жөніндегі келісімге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Түркияда өткізген кездесуі барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Мұнай өнімдерін электронды биржада сату қайта жанданады
ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Биржа комитеті электронды биржадан жанармай сатып алушыларға қойылған лимиттік шектеулерді алып тастағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2022
Президент Түркияның ірі компания басшыларымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Шымкентте Экономикалық тергеу басқармасының басшысы қызметтен шеттетілді
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасының қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2022
Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жобалар таныстырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Мамыр, 2022
Жеке инвесторлар заңды тұлғалардың қарыздарын сатып ала алады
Банктердің және микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы беріледі. Бұл туралы стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң жобасын талқылау кезінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Мамыр, 2022
Павлодарда 84 жастағы қария көпқабатты үйден құлап кетті
Павлодарда 84 жастағы қария төртінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 11 Мамыр, 2022
Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы артады
Биылғы контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есеге өспек. Бұл туралы Анкарада өткен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle sorridor) мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Мамыр, 2022
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Қазгидромет 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 11 Мамыр, 2022
Мобильді қосымшада гранттар туралы ақпарат жарияланады
Қазақстанда жоғары сынып оқушыларына арналған мобильді қосымша әзірленеді. Онда жоғары оқу орындары, мемлекеттік және басқа да гранттық бағдарламалар туралы ақпарат жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 11 Мамыр, 2022
Өткен тәулікте 4 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ВАК-қа сілтеме жасап.