Медаль
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістан облысында 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталды
Түркістан облысында 5202 дәрігер және 18120 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Кәсіби мерекелеріне орай өңірдегі 200-ге жуық медицина қызметкері "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, "Құрмет грамотасы" және "Еңбек ардагері" медалімен, сондай-ақ Алғыс хатпен және коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүргендер "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz