Орда
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Елордада карантин тәртібін бұзған 28 мекеменің қызметі тоқтатылды
Каратиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада ескертулерге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзуы күн сайын тіркеледі. Кейбір мекемелер мұны жүйелі түрде жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 04 Сәуір, 2021
Елорданың қоғамдық көліктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр
Елордада қоғам көлік жүргізушілері күн сайын өз ауысымынан кейін автобусына дезинфекция жасайды. Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер сүртіледі. Вирустың таралуының алдын алу үшін автобус салоны желдетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 04 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданың шеткері аймақтарының даму барысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың шеткі аймақтарының абаттандырылуы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2021
Қызылорда қаласының бұрынғы әкімі құрметті азамат атанды
Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен актив отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Активте 8 жылдан астам уақыт Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып, 1 сәуірден бастап Премьер-Министрдің өкімімен жаңа лауазымға тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаевқа құрмет көрсетіліп, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2021
Қызылордадағы жәрмеңкеде 250 тонна өнім саудаланды
Бүгін Қызылорда қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі болды. Жеті аудан мен қаладағы шаруалар 250 тонна өнім әкеліп, нарық бағасынан арзан бағада сатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 03 Сәуір, 2021
Елордада кинотеатрлар мен қонақүйлерде коронавирусқа қарсы егу пункттері ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бизнес өкілдерімен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, кейбір бизнес субъектілеріне жұмыс істей беруге мүмкіндік беретін Ashyq жобасын масштабтау мәселелері талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемге «жасыл бағдаршам» жобасы енгізілді
Нұр-Сұлтанда «103» санитариялық автокөліктеріне арнап «жасыл бағдаршам» қанатқақты жобасы сәтті енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2021
«Қордай – Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пункті ашылды
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қырғызстанның Премьер-Министрі Улукбек Марипов Үкіметаралық кеңестің IX отырысын өткізіп, екі елдің мемлекеттік шекарасында жаңғыртылған «Қордай – Ақ Жол» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Сәуір, 2021
Елордада әлеуметтік көмек алуға өтініштерді қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанына АӘК алу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Шәменова Балжан Мөрәліқызы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Елорда • 01 Сәуір, 2021
Елордада карантин талаптарын бұзған 14 кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елорданың мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына және карантиндік шаралардың қатаңдатылуына қарамастан қалада күн сайын карантин режимін бұзушылар анықталуда. Өткен тәулікте мобильдік топтар осындай 14 фактіні тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 01 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Алматы базарындағы жанжал: қылмыстық іс тоқтатылды
Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарында жанжалдасқан көлік жүргізуші мен автотұрақ қызметкері татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 01 Сәуір, 2021
Елордада сүрілетін үйлердің орнына қандай пәтер берілетіні белгілі болды
Елордадағы ескірген немесе апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындарына бұрынғы баспанасының ауданына сәйкес пәтер беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 01 Сәуір, 2021
Елордада бүгіннен бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының орынбасары Бағлан Сматаева бүгіннен бастап 1 тамызға дейін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталатынын айта келе ерекше білімді қажет ететін балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Қордайда «ерекше» балаларға арналған түзету кабинетінің филиалдары ашылды
«ДАРА» ЖҚ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асыратын «Әр алуан – бірақ тең» жобасы аясында Қордай кентіндегі түзету кабинетінің филиалдары Жамбыл облысының Масаншы және Сортөбе ауылдарында ашылды. Ал Қордай ауданының өзінде Ресурстық орталық өз жұмысын бастады. Бұдан басқа 15 жылдан бері жұмыс жасайтын Қордай түзету кабинетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен толық жабдықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2021
Қызылорда күрішін Францияға экспорттау жоспарлануда
Сыр елінің бренді саналатын ақмаржанға Еуропа елдерінің кәсіпкерлері қызығушылық танытуда. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Шахмардан Қойшыбаевтың айтуынша бүгінде осы бағытта бірлескен жұмыстар басталып та кеткен.
Видео • 30 Наурыз, 2021
100 теңге үшін төбелес: Базардағы жанжалдың видеосы тарап жатыр
Алматының «Алтын Орда» базары маңында адам айтқысыз қақтығыс болды. Жанжалдың себебі әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда айтылып, таралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Наурыз, 2021
Елордада биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп салу мәселесін қозғап, биыл 40 мыңнан астам оқушы орны ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Елордада бір тәулікте тағы 10 мекеме карантин тәртібін бұзған
Елорданың мобильдік топтары карантин талаптарын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда. Қалалық мекемелерде көбінесе бетперде, әлеуметтік қашықтық және белгіленген жұмыс тәртібі сақталмайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет • 27 Наурыз, 2021
Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды
Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды. Бұл туралы бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
Елордада «Ashyq» жобасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер көбейді
Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары 61-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиялық жағдайға байланысты «қызыл» аймаққа енгендіктен «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдіретін, бұл жобадан шет қалғысы келмейтін кәсіпкерлік субъектілер қатары артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 26 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте елордадан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар күреу жұмысына 1 148 арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген санитарлық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Наурыз, 2021
Елордада газ құрылғыларын пайдалану ережелері түсіндірілді
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ елорда өндірістік филиалы Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газды дұрыс пайдалану және қауіпсіздік жолдары жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 24 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте елордада айлық нормадан көп қар жауды
Өткен тәулікте елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм артық, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 23 Наурыз, 2021
Елордалық ТЖД қызметі боранда қалып қойғандарға қолұшын созды
Құтқарушылар қарлы боранмен күресіп жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, осы жылдың 23 наурыз күні сағат 21:00-ден 24 наурыз сағат 21:00-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 23 Наурыз, 2021
Елорда әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады
Соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,96-ны, ал репродуктивті саны 1,506-ны құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 23 Наурыз, 2021
Бүгін елордада ақтүтек боран болып жатыр
Бүгін елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ауа райы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 23 Наурыз, 2021
Елордада 1 700-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты
Елордада өткен тәулікте 31 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz