Ем
Тағайындау • 27 Ақпан, 2024
ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Диляра Аленова ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Көпбалалы отбасыға қанша жәрдемақы берілгені белгілі болды
2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы жұмсалды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Қазақстанға вейптерді заңсыз жеткізген күдікті ұсталды
Құрамында психотроптық зат бар вейптерді ел аумағына жеткізу арнасы әшкере болды. Аталған фактіні ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: Қоржында – 11 медаль
Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласында XI Азия чемпионатының бірінші күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Әлеуметтік төлем мөлшері артты – министрлік
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 50,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 6,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмекке келді
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Өскеменнің жас спортшыларына автобус сыйлады
Мемлекет басшысы Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2024
Жас футболшы Президентке өтініш айтты
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Іссапар барысында Мемлекет басшысы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығын аралады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: Суға секіруден қоржынға алғашқы жүлде түсті
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты басталды. Суға секіруден жүлделер сарапқа салынды. Қоржынға алғашқы жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
Батуттағы гимнастика: Қазақстан құрамасы «күміс» алды
Баку (Әзербайжан) қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем Кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қаңжығасына байлады, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics-ке сілтеме жасап.
Білім • 26 Ақпан, 2024
Енді оқушылар лицей, гимназияда оқу үшін емтихан тапсырмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 ақпан күні балалар қауіпсіздігін қамтитын заңға енгізілген толықтыруды мақұлдап, қол қойды. Құжат балалардың өмірінде, емтихан тапсыру кезінде стресті жағдайларды азайтуды да көздеген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
Қазақ күресінен түйе балуандар анықталды
Ақтөбе қаласында төл спортымыз – қазақ күресінен 2004-2006 жылғы жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Турнирдің соңында түйе балуандар атағы сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2024
Михаил Шайдоров Challenge Cup турнирінде жеңіске жетті
Мәнерлеп сырғанаудан Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 24 Ақпан, 2024
Алина Ажғалиева – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Польшаның Гданьск қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 1500 метр қашықтық бойынша 25 елден 48 спортшы сынға түскен сайыста Қазақстан спортшысы мәре сызығын екінші болып кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Ақпан, 2024
Олжас Бектенов кәсіпкерлерді қолдау шараларын күшейтуді тапсырды
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды. Қазіргі уақытта Үкімет отандық өндірушілерді толық қуатына шығару үшін қажетті жағдайлар жасауға күш салып жатыр. Бұл отандық өндірістің дамуына елеулі серпін беріп, импорттың үлесін төмендетеді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Ақпан, 2024
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті
Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстанның велошабандоздары тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Ақпан, 2024
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер
Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-інші, жасөспірімдер арасындағы 30-ыншы, пара-спортшылар арасында 12-інші Азия чемпионаты басталды. Байрақты бəсекенің алғашқы күні қоржынға қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сүйеніп.
Жемқорлық • 22 Ақпан, 2024
Астанада жемқор адвокат 11 жылға сотталды
Елордада адвокат өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған. Сотталушы алаяқтық жолмен алған қаражатын өз қызметінің ақысы ретінде көрсетіп, алқабилер сотын сендіргісі келген, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жемқорлық • 22 Ақпан, 2024
«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры сотталды
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өтудің 6179 фактісі анықталды
Биыл 6000-нан астам азамат белгіленбеген жерден темір жол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылған. Өткен аптада пойыздардың адамдарды қағып кетудің 5 фактісі тіркелген. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының аумағында болып, оның үшеуінде адамдар жарақат алса, екеуі өліммен аяқталған. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Ақпан, 2024
«Ер адамдар ренжімесін»: Президент қызметтегі әйелдердің үлесін жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын барысында Президент мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Туған әкесі, туыстары табылған: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы әрі жүргізушісі Жанар Байсемізова шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Джулиананың америкалық азаматқа тұрмысқа шығып жатқанын сүйіншілей хабарлады. Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Қазақстандағы 217 ауылда су тасқыны қаупі жоғары - Премьер-министр
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елде көктемгі су тасқынына қарсы атқарылуы тиіс 218 тапсырманың 92 -сі әлі күнге орындалмай отырғанын айтты. Сондай-ақ Премьер-министр қазірдің өзінде республикадағы кей ауылдар мен көшелердің су басқанын баса айтты. Жауаптыларды жұмысқа селқос қарамауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Ақпан, 2024
«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Семейдегі аспалы көпір аяз салдарынан жарылып кетті
Кейінгі үш тәулікте Қазақстанның шығысында аяз күшіне мініп тұр. Салдарынан Семейдегі танымал аспалы көпір жарылып кетті. Көпір үстіндегі жарық өлшемі кей жерлерде 25 см-ге жетеді, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Ақпан, 2024
«680 млн теңге ұрлаған»: Алматыда жемқор шенеунік ұсталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 19 Ақпан, 2024
Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті
«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Талдықорған театрында кезекті премьера
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының кезекті премьерасы көрерменге жол тартпақ. 22-23 ақпан күндері жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы театрсүйер қауымға ұсынылады.
Форум • 19 Ақпан, 2024
Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
Антальяда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын артып келеді.