Ит
Банк • 15 Наурыз, 2024
ЕДБ: Екінші инвестор қызығушылық танытты
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен CFO саммитінде тағы бір шетелдік инвестордың отандық банкті сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Наурыз, 2024
Жастардың алты мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген микрокредит берілді
2023 жылы бөлінген қаражат есебінен жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 658 микрокредит берілді. «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Алматыда CFO Summit Idea Exchange & Networking Event өтеді
Бүгін бірегей Алматы театрында өтетін «CFO Summit Idea Exchange & Networking Event» (бұдан әрі – CFO Summit) Алматы қаржы орталығының өміріндегі маңызды оқиға өтеді. Іс-шараға тіркелу ашық және cfosummit.kz ресми сайтында жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2024
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке салтанатты түрде 15 мың тонна мазутқа сертификат тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Наурыз, 2024
Қазақстан мен Италия бірыңғай сауда маркасымен тауар шығармақ ниетте
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Республикасына қаңтар айындағы сапарының қорытындысы бойынша келісімдерді іс жүзінде іске асыру аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Италияда жасалған» кәсіпкерлік және өнім істері министрі Адольфо Урсо мырзамен Рим қаласында кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 11 Наурыз, 2024
Ғабит Мүсірепов: Мен қазақтың қазақтығына жетерлік ештеңе бар деп ойламаймын
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінезіне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы ойларын ұсындық.
Президент • 11 Наурыз, 2024
Президент Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ән • 11 Наурыз, 2024
Жаңа құрылған гитаристтер квинтеті «БасТау» атты концерт өткізеді
Биыл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлінінің қолдауымен филармонияда Мемлекеттік академиялық классикалық гитаристтер квинтеті құрылды. Айтулы оқиғаға орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында Мемлекеттік академиялық гитаристтер квинтетінің ресми ашылуы және алғашқы «БасТау» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 11 Наурыз, 2024
Бүгін 7 боксшымыз Олимпиада жолдамасына таласады
11 наурыз - Әлемдік лицензиялық турнирдің тоғызыншы күні. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокс бәсекесінде ширек финалдық кезеңдер келіп жетті. Демек, бүгін Олимпиада жолдамасының тағдыры шешіледі. Бұл кезеңде 7 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Наурыз, 2024
Олимпиадаға іріктеу турнирі: Құрама капитаны ширек финалға шықты
Отандасымыз Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде 11-інші наурызға қараған түнгі сағат 00:30-да 1/8 финалында шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 10 Наурыз, 2024
Геннадий Головкин бокстан ұлттық құрама өкілдерімен кездесті
Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннади Головкин Италияға барып, ұлттық құрама боксшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Наурыз, 2024
Алматыда әйелдер митингке шықты
8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда әйелдер рұқсат етілген митингке шықты. Әйелдер қозғалысы қаладағы Махатма Ганди ескерткіші жанындағы саябақта өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
«Жүрегіме жаңа тамыр салды». Сәбит Әбдіхалықов қазіргі жағдайы туралы айтты
Актер Сәбит Әбдіхалықов он шақты күн бұрын жүрегіне күрделі ота жасатты. Өнер иесі «ХабарLike» бағдарламасында қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 06 Наурыз, 2024
Қазақстанда кімдерге несие берілмейтіні айтылды
Мәжіліс несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Наурыз, 2024
Депутат Қазақстанда жаңа комитет құруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 05 Наурыз, 2024
Олимпиада жолдамасы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?
Италияның Бусто-Арсицио қаласында 3-12 наурыз аралығында бокстан Олимпиадаға жолдама сарапқа салынып жатыр. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде бақ сынауға мүмкіндік беретін ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 лицензия иегерін анықтау бүгін де жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 04 Наурыз, 2024
Махмұд Сабырхан Олимпиада жолдамасына жақындай түсті
57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшы Махмұд Сабырхан Олимпиада жолдамасын жеңу жолында жарысқа шықты. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел спортшысы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Наурыз, 2024
Париж-2024 іріктеу турнирі: Бүгін Қазақстанның екі боксшысы шаршы алаңға шығады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиядасына әлемдік іріктеу турнирінде бүгін еліміздің екі боксшысы жекпе-жек жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
«Жоспарымды іспен дәлелдеп үйренгенмін». Головкин қызметіне қатысты пікір білдірді
Бүгін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің Президенті болып сайланды. Комитеттің Бас ассамблеясында спортшы қызметтегі нәтижесін сөзбен емес іспен көрсететінін, оған халықаралық тәжірибесі септесетінін тілге тиек етті, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Британдық спортшылар «Көшпелілер ойындарына» қатысады
Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Бұрын «әкем біледі» дейтін еді, қазір «анам шешеді» дегенді жиі естиміз – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай дәстүрлі отбасы институтындағы ерлердің беделіне қатысты Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдеріне депутаттық сауалын жолдады. Қоғамда әйелінен қысым көретін ер азаматтардың да құқығы тапталмауы керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
20 ақпанда Астанада мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райы нашарлағандықтан ертең бас шаһардың бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 19 Ақпан, 2024
Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті
«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Кісі өлтіру, тонау, ұрлық. Иттердің көмегімен қандай қылмыс ашылғаны айтылды
Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс, оның ішінде 190 ұрлық, 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру және 129 есірткі қылмысы ашылды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленді, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Ақпан, 2024
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды
Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды
Х MMA TIME аралас жекпе-жек туралы француз тілінде ақпарат тарататын парақша Қазақ файтері Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке қашан шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Ақпан, 2024
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары анықталды
Қазақсандағы Британ Кеңесі (British Council) Study UK Alumni Awards 2023-24 байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Марапаттау рәсіміне Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаздар кубок пен кәсіби дамулары үшін £2,000 көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды.