Кесене
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды
«Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы енді мемлекеттік қорғауда болады. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 02 Шілде, 2024
Сарайшықтан көне кесененің дромосы табылды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері археологиялық қазбадан көне кесененің дромосын тапты. Ғалымдар бұндай нысан бұрынғы зерттеулерде кездеспегендігін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
Жошы кесенесінің жанына қалталы жақынын жерлеген. Бекет ата - жекенің меншігінде - Дархан Қыдырәлі
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғауды жүзеге асыратын заң қауқарсыз екенін айтып, депутаттық сауал жолдады. Ол қауқарсыз құжат салдарынан құндылықтарымызды қорғау қиын болып тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Дархан Сатыбалды: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасалмақ болды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасалмақ болғанын айтты. Осы оқиғадан кейін әкімдік кесенеге стратегиялық мәртебе беруді сұрап Үкіметке арнайы хат жолдаған, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 17 Қараша, 2023
Кенесары ханға Марал ишан тарту еткен Құран кітап Ясауи кесенесіне қойылды
Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін кітапты кесенеге тапсыру шарасы өтіп, оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 04 Шілде, 2023
Махаббаттан жолы болмағандар Секер сұлу кесенесіне барады
Atyrau press сайтында адам айтса нанғысыз, аңызға бергісіз тарихи ескерткіштер туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Шілде, 2023
Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Төле би кесенесіне барды
Әнші, музыкант Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Ташкентке сапарында Мәдениет және туризм министрі Озодбек Ахмадұлымен бірге Шейх Хованди Тохур мен Төле би кесенелерін аралағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 07 Маусым, 2023
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады. Кездесу барысында Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2023
«Жер астына кету қаупі бар»: депутаттар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жағдайына алаңдаулы
Бүгінгі Мәжіліс отырысында Amanat фракциясының депутаттары Мақсат Толықбаев, Айдос Сарым және Ринат Заитов Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қазіргі жағдайына байланысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Ақпан, 2023
Бас мүфти зиярат ету орындарына қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы халықты тарихи кесенелерді зиярат жасауда шариғат талаптарын ескеруге шақырды, деп хабарлады Egemen.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022
Шағырай батыр мен Орақ әулиеге кесене ашылды
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе ауылдық округінде XVIII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар – Шағырай Жәдікұлы мен Орақ Қайыпұлына кесене орнатылды.
Оқиға • 16 Маусым, 2022
Түркістанда Ясауи кесенесінің маңында өрт шықты
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы «Жеті тандыр» мейрамханасы өртенді. Тілсіз жау қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қазан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды
Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2021
«Атамекен» экспедициясы көне Сайрамды аралады
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бастаған «Атамекен» экспедициясының мүшелері Сайрамның киелі кесенелерін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 13 Қыркүйек, 2021
Егемендік еңселеген ескерткіштер
Ұлы даланың бай шежіресін ақтарғанда қазақ баласы аңсаған егемендіктің бастауында сонау ғұн мен сақ дәуірінен бастап, тіпті одан да арғы кәрі тарих кәдеге жарайды. Алаш азаттығының анық басында түбі бір түркі әлеміне аты мәшһүр алыптар шоғыры тұрғаны анық. Еңселі елдің егемен рухы оның топырағында дүниеге келіп, тағдыр айдауымен қиыр кеткен, сөйте жүріп әлемді өзіне бай ғылымымен, жауынгерлік хас шеберлігімен қарата білген кесек кемелдермен тамырлас. Тарихты тауанды тұлғалар жасайды десек, қазақ жүріп өткен сан тарау жолдың түп бастауында ұлы сахарада дүниеге келген аңыз алыптарымыздың тұрғанын көреміз. Біз бүгін сондай, сүйегі жат топырақта қалса да, сүбелі сөзі қазақ еншісіне жазылған жақсыларымызды еске алып жадымызды жаңғыртқымыз келеді.
Тарих • 17 Тамыз, 2021
Жошы хан әулетінің кесенесі туристер үшін ашық болады
Үш жыл бұрын Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының археологтары Уәлиханов ауданының аумағында Алтын Орданың гүлдену дәуіріндегі бірегей археологиялық ескерткіш - Қызыл-Оба кесенесін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезін жаңарту жұмыстары қалай жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Ясауи кесенесі мен маңында жерленген тұлғалар тізіміне кімдер енді?
Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да 12 тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданды. Тізімге енген он екі тұлғаның тарихын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар жайлы деректер мен мәліметтер толыққанды жинақталған. Сондай-ақ ғалымдар бұдан басқа да тізімге енбей қалған тұлғалар жайлы мәліметтер ұсынуда. Ғылыми кеңесте алдағы уақытта бұл мәселе де түбегейлі қолға алынатыны айтылды.
Руханият • 18 Ақпан, 2021
Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар тізімі жаңарды
Ғылыми кеңесте тағы да он екі тұлғаның Қ.А.Ясауи жанында жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданған. Бұл туралы Түркістанда өткен "Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім етілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020
Кесенеге сараптау жұмысы жүргізілуде
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020
Ерсары батырға кесене орнатылды
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында XVIII ғасырдың ІІ жартысындағы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы сардарларының бірі Ерсары батыр Бегетайұлына кесене орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 07 Қыркүйек, 2020
Киікбай батыр кесенесі қайта жаңғырды
Жасанып келген жаудан ел қорғаған батыр, ауыздыға сөз бермеген шешен Киікбай Байғараұлының кесенесі Сергеевка ауылының маңында еді. Таяуда артындағы ұрпағы сайын дала төсінде жаңбыр мен желден тозыңқыраған кесенені қайта жаңғыртып, төңірегін қоршап, абаттандырып, құран бағыштады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы: Түркістан – қазақтың алтын бесігі, рухани орталығы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып қайтты. Бұл туралы Президенттің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қызылорда облысында көне кесене табылды
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылының маңында орналасқан Қышқала қалашығы орнынан көне кесене табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.