Қара
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Қарағанды-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш: Халық көп шағымданған жолдар пайдалануға беріледі
Бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев құрылысы ұзаққа созылып, халық көп шағымданған 6 бағыттағы жолдар келер жылы пайдалануға берілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 28 Қараша, 2023
Қазақстанда ақылы жолдар көбейеді
Жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Осы мәселеде бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында Көлік министрлігі ақылы жолдар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Қараша, 2023
I Халықаралық түркі әлемі биология конгресі өтті
Ахмет Ясауи университетінде I Халықаралық түркі әлемі биология конгресі офлайн һәм онлайн форматта өтіп, оған Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грекия, Жапония, Үндістан, т.б. мемлекеттерден, нақты атағанда барлығы 24 елден 150-ден астам ғалым қатысты. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған конгресті алдағы уақытта та дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Қараша, 2023
Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықты арттыруға ниетті
Шведтің бас шаһарында өткен саяси консультациялар барысында Қазақстан-Швеция ынтымақтастығына жан-жақты шолу жасалды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Швеция Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дж.Кнуцсонмен және Бас директорының орынбасары П.Эриксонмен келіссөздері аясында басым бағыттар бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға тараптар пейіл білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Бір миллиардқа жуық теңгеге салынған музей бір аптадан кейін жабылып қалған
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауалын жолдаған Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Тараз қаласында мемлекеттің қыруар қаржысына салынған музейдің ғимараты қаңырап бос тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Қарағанды полицейлері 63 млн теңге жымқырған хакерді ұстады
Қарағанды облысында телефон және интернет-алаяқтарына алданған азаматтардың саны жыл басына қарағанда азайған. Төртінші тоқсанда алаяқтардың құрбаны болған жәбірленушілердің барлығы алаяқтардың айла-тәсілдерінен хабардар болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қараша, 2023
Қазақстанда каратэден әлем чемпионаты өтеді
Биыл қарашаның 24-26 күндері аралығында Алматы қаласы «Sadu ARENA» спорт кешенінде киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты бастау алады. Аталған ауқымды жоба ката және кумитэ бөлімдері бойынша өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні
Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1954 жылы әлем елдеріне бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Елімізде 1 млн 700 мыңнан астам бала мектепте тегін тамақтанады
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қарашада жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды
18-19 қараша аралығында Қарағанды облысында қатты дауыл соғып, өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Поэзия • 17 Қараша, 2023
Қарағанды қарашығындағы қараша
Қарағандыда қала әкімдігінің қолдауымен тағы да поэтикалық кеш өтті. Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек. Несімен десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқылғанымен қоса, ақындардың жартысы ән шырқады. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.
Ауа райы • 15 Қараша, 2023
Елімізде 24 градусқа дейін күн жылынады
Синоптиктер 16-18 қараша күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қараша, 2023
Биыл қыс кеш түседі - синоптиктер
Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес алдағы күндері ауа температурасы 22 градусқа дейін жылы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Қараша, 2023
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады
Қазақстан синоптиктері 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Атыраулық оқушы аламан бәйгеде осымен екінші рет көлік ұтып алды
«Қарақұс» атты тұлпар бәйгеде топ жарып, иесіне тағы да көлік мінгізді. Бұл жолы аламан ат бәйгесі Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 90 жылдығына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz «AtyrauPress» сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Қараша, 2023
Елімізде радио және теледидар уақытша өшіріледі
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанда радио және теледидар бір тәулікке өшіріледі.
Спорт • 06 Қараша, 2023
Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирде 13 медаль алды
Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан халықаралық Asian Open Championship G2 турнирінде Қазақстан таеквондошылары 5 алтын, 1 күміс, 7 қола, барлығы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Таеквондо Федерациясының инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Қаржы • 06 Қараша, 2023
6 қарашаға арналған валюта бағамы қандай?
Ұлттық банк 6 қарашаға арналған валюта бағамын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қараша, 2023
Бүгін қар жауып, көктайғақ болады
Қазгидромет мамандары 4 қарашада болатын метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 03 Қараша, 2023
«Сезім үшін» әнін алдымен Мейрамбек Бесбаевқа ұсынған едім – сазгер
Әнші Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» фильмінің саундтрегі ретінде жазған «Сезім үшін» әнінің ғаламтордағы қаралымы бес-алты күннің ішінде 1 миллионнан асты. Тыңдаушы қауымның жүрегінен орын тапқан туындының сөзін ақын Ақберен Елгезек жазса, сазы Талғат Лестікі. Ән қалай өмірге келді? Аталған туындыға қатысты сазгердің пікірін сұрадық.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Кеншілердің қазасына кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кетпеуі тиіс - сенатор
Қазақстанда Костенко атындағы шахтада орын алған қайғылы оқиғаға қатысы бар кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі орынды көтеріліп жатыр. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Сергей Ершов өз сауалында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Нәтижелі жұмыспен қамтуда нәтиже бола ма? – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Әуесбаев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдап, жұмыспен қамтудағы жүйесіздік жайын қозғады. Жыл сайын нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту үшін қыруар қаражат жұмсалғанын, алдағы уақытта да қомақты сома бөлінетінін айтты.
Қазақстан • 01 Қараша, 2023
Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды
Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан көз жұмған кеншілердің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Қараша, 2023
Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы қанша еді?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысы қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2023
Тағы бірнеше мемлекет басшылары қазақ халқына көңіл айтты
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты телефон қоңыраулары мен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Иранның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2023
Шахтадағы апат: Тағы бірнеше адамның денесі табылды
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Мұншама қайғының орнын толтыру мүмкін емес – Тоқтар Әубәкіров
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған алапат апатқа байланысты қарағандылықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.