Редакция таңдауы
ШҚО-да ПТР анықтамасы жоқ 49 жолаушы ұшаққа отырғызылмады
Шығыс Қазақстан облысында 49 жолаушы ПТР анықтамасы болмағандықтан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатынайтын ұшақтарға отырғызылмады. Бұл жайында көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Үкіметте Түркістан қаласының бас жоспары мақұлданды
Үкіметтің бүгінгі отырысында Түркістан қаласының бас жоспары жобасы қаралды және мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Үкімет басшысы бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды жүктеді
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
"Сөзіңе жауап бересің": Өскемен әкімі әлеуметтік желіде "жауласқан" тұрғынмен кездесті
Өскемен әкімі Жақсылық Омар мен жергілікті тұрғын арасындағы дауға нүкте қойылды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Лесбекұлы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Astana Open турнирінің жеңімпазы – аустралиялық
Турнир директоры Атилла Рихтер марапаттау рәсімі кезінде Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы ұзақмерзімді ынтымақтастыққа үміттенетінін және Қазақстандағы турнирдің жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол финалда өнер көрсетіп, тамаша ойыны үшін теннисшілерге алғыс білдірді. Рихтер пандемия адам өміріне әлі де әсер етіп жатқанын, жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр еткен ерекше жыл екенін атап өтті.
03 Қараша, 2020
Ауыл – ел бесігі: Тұрмыс сапасы жақсарып келеді
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталған екі жылға жуық уақыт ішінде Қостанай облысында 258 елді мекенде аурухана, мектеп, балабақшалар жөндеуден өтіп, жүздеген көше бүтінделді. Былтырдың өзінде Әулиекөл, Меңдіқара, Қарасу, Сарыкөл және Федоров ауылдарында жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 72 жоба жүзеге асты. Ауылды дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың ауқымы биыл едәуір кеңейе түскен.
03 Қараша, 2020
Кеше редакциямызға Павлодар облысының Құрметті азаматы Әбілхақ Түгелбаев хабарласып, сүйінші сұрады. Осы жылдың қыркүйек айында «Egemen Qazaqstan» газеті көтерген мәселе жартылай болса да шешімін тауыпты. Ол газет ұжымына, осы іске атсалысқан халық қалаулыларына өңір халқының атынан алғыс айтты.
03 Қараша, 2020
Ежелден жетімін жылатпай, жесірін жатқа бермей, ұлағат жолын ұстанған ұлт екеніміз баршаға мәлім. Халқымыздың осындай даналығының арқасында қазақ жерінде балалар үйі деген мүлде болмаған. Ал қазір қанша жерден қарекеттенсек те, көңілі налаға, көзі жасқа толы жетімектеріміздің саны артпаса, кемімей отыр. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының елордадағы филиалы биыл «Интернат ұйымдарынан кейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені» деп аталатын жобаны қолға алды.
03 Қараша, 2020
Еңбегі ересен эндоскопист дәрігер
Білімді, білікті дәрігердің есімі ел аузында жүреді. Алдына барып көрмеген адам да есіміне сырттай қанық болып, құрметі қалыптасады. Ақтау қаласындағы жоғары санатты хирург-эндоскопист дәрігер Болат Керейұлы осындай құрметке ие.
03 Қараша, 2020
Инфекциялық аурухана пайдалануға берілді
Қостанайда Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Қаланың шетіндегі ашық алаңда бір жаздың ішінде бой көтерген жаңа заманауи стационар қазір науқастарды қабылдай бастады.
03 Қараша, 2020
Көшпелі медициналық кешендер көмекке дайын
Ақтөбе медициналық орталығы, Мәртөк, Қарғалы аудандық ауруханалары «СарыарқаАвтоПром» зауытында құрастырылған жаңа мобильді диагностикалық кешенмен жабдықталған 6 көлікке ие болды.
03 Қараша, 2020
Көшеде кісі өмірін сақтап қалды
Рудный қаласының учаскелік инспекторы Айдос Құлымбетов көшеде денсаулығы күрт нашарлап, құлап қалған қала тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалды.
03 Қараша, 2020
ПТР зертханалары күніне 3,5 мың тест қабылдауға қауқарлы
Әлемді кезген індеттің аты қайта атала бастағалы сақтық шараларын барынша күшейтуге басымдық беріліп жатыр. Осы ретте Шымкентте де емдеу, алдын алу жұмыстары мықтап қолға алынуда. Күні кеше қаланың ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов коронавирустың ықтималдығы жоғары екінші толқынына қарсы дайындық жұмыстары жөнінде айтып берді.
03 Қараша, 2020
Банкке бара қалсаңыз, менеджерлер несие тарихын бұзып алмауды қадағалап тапсырады. Ал бұзылса не болмақ? Несие тарихын түзеп, қалпына келтірудің жолы бар ма?
03 Қараша, 2020
Биылғы 9 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 трлн теңге мөлшерінде қаржылай қор жинақталды. Қордың мәліметіне сәйкес, 2019 жылғы кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсім негізінен салымшылардың шоттарындағы 1,08 трлн теңгеден астам таза инвестициялық табыс есебінен қалыптасты.
03 Қараша, 2020
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының XV кеңесі онлайн режімде өтті. Биыл бұл іс-шараны Қазақстанның Жоғарғы соты ұйымдастырды.
03 Қараша, 2020
Түркістанда 1 центнерден астам марихуана тәркіленді
Түркістан облысының полицейлері есірткі тасымалдаушылардан 1 центнерден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Қараша, 2020
Коронавирус жұқтырғандарға айыппұл салынатыны туралы хабарламаға түсінік берілді
Желіде Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерінің COVID-19 жұқтырғаны үшін дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салатыны туралы жазба пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020
Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген "Әліппе" мазмұны бекітілді
Әліппені әзірлеуге бағытталған жұмыс тобы қорытынды шығарды. Жаңа оқулық негізінде келер оқу жылы балалар жаңа Әліппемен оқып, желтоқсанда Әліппемен қоштасады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020