Редакция таңдауы
«Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасының жобасы сараптамалық талқылаудан өтті. Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының отбасы институты зерттеу орталығымен бірлесіп әзірледі.
28 Желтоқсан, 2020
«Астана балет» театрында стриминг сервисі іске қосылады
Астаналық театр спектакльдерді 360 градус форматында тамашалауға мүмкіндік беретін «Ab-media» атты Қазақстандағы алғашқы театрлық стриминг сервисін іске қосады. Жаңа алаңның тұсаукесері «Астана балет» театрында 28 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Желтоқсан, 2020
Қазақстанда мереке күндері ауа райы қандай болады
Жаңа жыл мерекесі кезінде республиканың көптеген облысында аяз болады. Кей өңірде 42-43 градусқа дейін аяз түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет мамандарына сілтеме жасап.
27 Желтоқсан, 2020
Қазақстанның тағы үш облысы «қызыл» аймаққа кірді
Қазақстанның бірнеше өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2020
Екінші деңгейдегі банктің атауы өзгереді
Egemen.kz жыл ортасында Freedom Finance Bank қарамағына өткен Kassa Nova банктің алдағы уақытта атын өзгертетінін, қаржы институты өзінің «бөлшек сауда» бағытын сақтап қалатынын жазды. Сонымен қатар екінші деңгейлі қазақстандық банк Kassa Nova-ны Freedom Finance-пен сатып алу туралы мәміле іс жүзінде жабылғанын хабарлады.
26 Желтоқсан, 2020
Сербияда Абай шығармалары жинағының тұсаукесері өтті
Қазақстанның Сербиядағы елшілігінде қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының серб тіліне аударылған шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Желтоқсан, 2020
Әбдіқалықова бірнеше нысанның ашылуына қатысты
Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барды. Алдымен аймақ басшысы Тартоғай елді мекенінің ауыз сумен қамту жүйелерін көріп, бас су қоймасының іске қосылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Желтоқсан, 2020
Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 9 млрд теңге бөлінді
Алматыда азық-түлік бағаcын тұрақтандыру шараларына шамамен 9 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2020
Түркияның Чорум қаласында Абай атындағы мұражай мен саябақ ашылды
Чорум түрік өңірінде Қазақстан Елшілігі Ескіліп ауданының мэриясымен бірлесіп Ескіліп ғалымдары мұражайында, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы атындағы саябақта арнайы залдың салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бұл іс-шара қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 175 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2020
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлардың жұмысқа дайындығы тексерілді
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Бүгін мониторинг тобы «Хан - Шатыр» және «Керуен» сауда ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрларды аралады. Әкімдік және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері орындардың дұрыс орналасуын, санитарлық құралдардың қол жетімділігі мен әлеуметтік арақашықтық сақтау жағдайларын бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2020
Үшінші тоқсанда елордалық оқушылар қалай оқиды
11 қаңтарда үшінші - оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан басталады. 1-5 сынып оқушылары да «кезекші сынып» режимінде білімін жалғастырады. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Желтоқсан, 2020
Жуырда Алматыда грек-рим күресінен өткен Қазақстан чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алмат Кебісбаевқа тең келер қарсылас табылмады. Расында да, бұл балуанның жанкештілігі мен табандылығына сүйсінбеу мүмкін емес. Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсанында 33 жасқа толған Алматтың аса жоғары деңгейдегі жарыстарда атой салып жүргеніне 10 жылдан аса уақыт болды. Сол аралықта ол өрелі өнерімен жанкүйерлердің жүрегін жаулап, биік белестерді бағындырды. Қазақ балуанының ендігі мақсаты – Олимпиада жолдамасына иелік етіп, Токио төрінде атой салу.
25 Желтоқсан, 2020
«Ұлы дала әдебиеті» – түрік тілінде
Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің «Ұлы дала әдебиеті» атты түрік тіліне аударылған кітабының тұсаукесері өтті.
25 Желтоқсан, 2020
Момышұлының тойы туған жерінде тойланды
Биыл даңқты батыр, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Кесек бітімді күрделі тұлға оқ пен оттың ортасында жүріп те қазақтың қайсар мінезін, ұлттық болмысын көрсетті. Ұлттың ұстыны болған батырдың торқалы тойы Әулиеата топырағында лайықты деңгейде аталып өтті.
25 Желтоқсан, 2020
Аритмологтар науқасқа ерекше аппарат қойды
Кардиохирургия орталығында заманға сай жоғарғы технологиялық ем шаралар мен күрделі оталардың барлық түрі (оның ішінде жүрек алмастыруға дейін) жасалады. Елімізде медициналық сақтандыру енгізілгелі бері жүрек-қан тамыр ауруларын емдеу, күрделі ота жасату жоспарлы түрде МӘМС жүйесінде және ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) аясында жасалады.
25 Желтоқсан, 2020
Мейірімділік эстафетасы мәресіне жетті
Келер жылы ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осыған орай елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Мейірімділік эстафетасына қала тұрғындары, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысы, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар қатысты.
25 Желтоқсан, 2020
Волонтерлікті дамыту тұжырымдамасы жасалады
Онлайн режімде өткен Волонтер жылының ресми жабылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлық еріктілерді марапаттады.
25 Желтоқсан, 2020
Арабтарды таңдандырған «Ару-Ана»
Сыр бойындағы ауыл-аймақтарда негізгі кәсіп егін шаруашылығымен қатар мал өнімдерін өңдеуді де жолға қойған кәсіпорындар қатары көп. Мысалы, Шиелі ауданында осыдан 4 жыл бұрын «Ару-Ана» атты шағын цех ашылған. Түйе сүтін өңдейтін кәсіпорын алғашқыда тәулігіне 400 литр шұбат шығаратын. Содан бергі уақытта сұраныс артып, өнім көлемі 1 тоннаға жетті.
25 Желтоқсан, 2020
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өсті
Мемлекеттің басты міндеті – қазақстандықтардың өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2005 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің бірыңғай тұрғын үй саясатын жалғастыру.
25 Желтоқсан, 2020
Give Me Sport басылымы ХХІ ғасырдағы ең үздік 50 кәсіпқой боксшының тізімін жария етті. Солардың қатарында біздің Геннадий Головкин де бар.
25 Желтоқсан, 2020