Редакция таңдауы
Денис Тен турнирі ұйымдастырылмайды
Коронавирус пандемиясына байланысты 2014 жылғы Олимпия ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге арналған мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтпейтін болды.
22 Қазан, 2020
Сенің болмысыңда тақыс тағдырдың жазуы бар, шежірелі шанағыңда көкбөрінің азуы бар. Дүрия-жамал даланы дүбірге бөлеген, шабысы мен шалымы шабытына қарай өлермендене аспан төсіне өрлеген, алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері мұңын шағар жолдасы сен едің, қасиетіңнің салмағын Қаратауға теңедім, қадіріңді ақ айтсам Алатаудай көремін, нәсілі асыл өр елім, өзегі бүтін өренім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгіткен, сақи дүние тілі мен тіні болған өзіңнен өткінші жалғаннан жан жарасын жазатын дәруі мол сыр күткен емес пе еді бағзыда?!
22 Қазан, 2020
Wildberries интернет-дүкені ақшалай қаражатты өтейді
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Wildberries интернет-дүкенінің басшылығымен бірлесе отырып, қазақстандық тұтынушыларына осы дүкеннің клиенттеріне қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.
22 Қазан, 2020
Кезінде Сағат Әшімбаев ағамыздың үнемі аузынан түспей, достарын көре қалғандағы қояр алғашқы сауалы осы болады екен. Ал қазір кітап, көркем әдеби дүниелер тұрмақ, «газеттің бүгінгі нөмірін оқыдың ба?» деп сұраудың өзін ыңғайсыз көретін болдық. Оған қарағанда «соңғы рет қандай сериал көрдің?» деп сұрау әлдеқайда орындырақ сияқты.
22 Қазан, 2020
Дастарқанның берекесі – диқаннан
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз саясатында ауыл мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Егер үстіміздегі жылдың мамыр айындағы мәлімдемесінде ол жеке қосалқы шаруашылықтар өнімінің сауда орындары арқылы ресми түрде сатылмай және өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейтініне алаңдаушылығын білдірсе, биылғы халыққа Жолдауында жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы сияқты шешімі табылмай келе жатқан түйткілдерді нақтылай түсті.
22 Қазан, 2020
Бейсауат жүріске шектеу қойылды
Жұқпалы індетпен күресу шарасы Жетісу өлкесінде де күн тәртібінен түскен жоқ. Пандемияның екінші толқынына дайындық жоғарғы деңгейде жүріп жатыр. Қазір облыстың бас санитар дәрігерінің шешімімен өңірде бірқатар шектеулер қойылды.
22 Қазан, 2020
Шекспир пьесалары 10 млн долларға сатылды
Уильям Шекспирдің алғашқы пьесалар жинағының түпнұсқа көшірмесі Christie’s аукционында 10 миллион долларға сатылып, әдеби шығармалардың аукциондық бағасында әлемдік рекорд жаңартты.
22 Қазан, 2020
«Бірлік» саяси партиясының парламенттік сайлау қарсаңындағы мәлімдемесі
«Бірлік» саяси партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихаттарға сайлауды белгілеу туралы Үндеуін қолдайды. Сайлау науқанын Конституциямен бекітілген мерзімде өткізу партиямыз тарапынан құпталады.
22 Қазан, 2020
Бәйге түрлерінен Елбасы кубогы өтті
Елорданың оңтүстік-батыс шетінде орналасқан «Қазанат» атшабарында бәйгенің төрт түрінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кубогы жолындағы жарыс өтті.
22 Қазан, 2020
Жылыту орталығын газға көшіру Алматыны түтіннен арылта ма?
Алматының экология мәселесі – миллиондар тоғысқан мегаполис тұрғындарын көптен алаңдатқан ахуалдың бірі. Айтыла ақжем, жазыла жауыр болған бұл тақырыптың түйінін тарқату үшін қаладағы көлік санын ретке келтіру мен шаһарды жылыту қазандығын газға көшіру керек дегенді экологтар соңғы бес жылдың көлемінде жарыса айтып жүр.
22 Қазан, 2020
Алдағы сайлау науқанына қанша қаражат жұмсалады?
Алдағы Парламент Мәжілісі және Мәслихат депутаттарын біріккен сайлау компаниясына шамамен шығындар сметасы 15,3 миллиард теңге болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Қазан, 2020
ПТР тест нәтижесі жоқ Ресей азаматын Қазақстанға кіргізбей қойды
Ресей азаматы ПТР сертификатының болмауына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайынан шығарылды. Бұл туралы көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігер Садуақас Байғабулов Facebook-те хабарлады, деп жазады Egemen.kz
21 Қазан, 2020
Алматылық 7 млн теңгеге жалған жолдама сатып алған
Алматылық 7 млн теңгеге туристік жолдама сатып алған. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Қазан, 2020
Премьер-Министр Кеңсесі басшының орынбасары тағайындалды
Премьер-Министрдің Өкімімен Биахметов Асқар Сақтағанұлы Премьер-Министр Кеңсесінің басшының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
21 Қазан, 2020
Облыс әкімі әншіге құрмет көрсетті
Арқа өңірінің атқамінерлері өнер адамына айрықша құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2020
Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылады
Бұқар жырау ауданындағы Центральное ауылына Ресейдің Омбысынан келген қонақтан коронавирус инфекциясының белгісі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2020
Екібастұзда электр энергиясы арзан әрі мол. Бұлай болуы заңдылық та. Себебі кеншілер шаһары елдегі электр энергиясының 40 пайызын өндіріп отыр. Дәл осы фактор шетелдік инвесторлардың өңірге деген қызығушылығын арттыруда.
21 Қазан, 2020
Спорт пандемияға тізе бүкті ме?
Спорт – көңіл көтеру емес, жаттығу-шынығу, саламатты өмір салтын ұстанудың түпкі мақсаты – иммундық жүйені көтеру. Індет іргесін кеңге жайған шақта жаттығуды күшейту керек еді. Алайда Маңғыстауда спорт тоқырауға түсіп, белді-білекті, тәжірибелі жаттықтырушылардың күнкөріс қамын күйттеп өзге салаларға бет бұруы, таксист болып нәпақа іздеп кетуі кездесуде.
21 Қазан, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жатқаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London университетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз. Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді. «Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.
21 Қазан, 2020
Маңғыстаулық бапкер Марат Жәкиев бір шоғыр бокс жұлдызын тәрбиелеп, үлкен аренаға шығарғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, Әділбек Ниязымбетов Лондон мен Рио олимпиадаларында, Баку мен Алматыдағы әлем чемпионаттарында күміс алып, Азия ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионы атанды. Берік Әбдірахманов – әлем біріншілігінің қола жүлдегері, құрлық чемпионы. Бұл күндері шаршы алаңды шайқап жүрген Бекзат Нұрдәулетовтің әлем чемпионы деген дардай атағы бар. Ал сол Жәкиевтің қол астында жаттыққан жігіттердің арасынан алғашқы болып аса ірі додаларда дараланған Ердос Жаңабергенов еді...
21 Қазан, 2020