Редакция таңдауы
Бестамақта жазылған беймәлім мақала (Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды)
Қазақ жұртының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін беймәлім болып келген тағы бір мақаласы табылды. 1896 жылы «Тургайская газета» басылымында орыс тілінде жарияланған. Мақаланың толық атауы – «Корреспонденция (от нашего корреспондента) Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Әдетте, Ахаңның қаламынан тамған әр тамшы сыяға қазақ тағдырының қилы кезеңдерінің бір сәті сыйып жатады. Қайраткер тұлға бұл мақаласында сол кездегі Ақтөбе уезіне қарасты Бестамақ болысында шешек індетіне қарсы екпе жасайтын фельдшерлік мекемелердің пайда бола бастауын қуана құптап, қазақтың сауатты әрі тиімді дәрігерлік көмекке көптен мұқтаж екенін тілге тиек етеді.
13 Қазан, 2020
Бас қала басылымы «Астана ақшамының» ақпарат айдынына шыққанына отыз жыл
Тоқыраудың толғағы жетіп, Кеңес өкіметі құрдымға кетер алдындағы аласапыран кезеңде ашылған «Ақмола ақиқаты» атына заты сай болды. Жариялылықты жалаулатып, шындықтың шырағын жақты. Тоталитарлық жүйе тұсында жаншылған қазақтың қайсар рухын қайта көтеруге көп еңбек сіңірді. Қасиетті Қараөткел жұртының келімсектерде кеткен есесін қайтаруға аянбай атсалысты. Газеттің тұңғыш редакторы Кенже Жұмағұлов бастаған журналистер хал-қадерінше қалам тербеп, оқырман жүрегін оятар ойлы дүниелер жазуға ден қойды. Егемендіктің елең-алаңындағы елдік мәселелерді екшеп, тәуелсіздіктің тәй-тәй басқан тұсындағы кейбір келеңсіздіктерді ашып көрсетті. Целиноградтағы сеңі бұзыла қоймаған кеңестік солақай саясаттың зардаптарымен күреске аз күш жұмсалған жоқ. Бірақ ақмолалық әріптестеріміз бұл сынақтан сүрінбеді.
13 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры өткен айда кезекті XIII маусымын жастарға арналған «Уақыт-Өмір» философиялық, хореографиялық спектаклімен ашты. Онлайн форматта өткен жаңа маусымдағы қойылым – театр репертуарындағы алғашқы музыкалық туынды. Мұнда ән мен би қатар орындалатындықтан, жобаны театр әртістерінің сахнадағы тағы бір тың ізденісі деуге толық негіз бар. Замандастардың бүгінгі тыныс-тіршілігі бейнеленген заманауи сипаттағы философиялық ойға құрылған спектакльдің қоюшы-хореографы, бүгінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында кәсіби біліктілігін жетілдіріп жүрген жас маман Светлана ДОМИНСКАЯ музыка мен пластиканың өзара үйлесімді үндестігінен туған сахналық қойылымның тәрбиелік мәні мен мұнан басқа да сан-сапат ерекшелігін тілге тиек етті.
13 Қазан, 2020
Ұзақ үзілістен кейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ресейлік режиссер Алексей Смирновтың қойылымындағы Григорий Фридтің «Анна Франк күнделігі» моно-операсын сахнаға шығарғалы отыр. Жыл басынан бері дайындығы жүріп жатқан премьералық қойылым сәуір айында көрермендерімен қауышуы керек еді. Алайда пандемия келіп килікті.
13 Қазан, 2020
Сынаптай зырғыған уақыт бәрін ұмыттырады дейді. Жас қартаяды, дүние ескіреді, көне жоғалады. Яғни тірлікте ештеңенің мәңгілік баяны жоқ. Бұл, әрине ғарыштық өлшеммен қарағанда. Алайда жақсы адамдар һәм жақсы шығармалар, жақсы әндер ұмытылмаса, кейінгілердің көңіл түкпірінде сақталса екен дейсің. Қазақ өнерінің бергі тарихында тасада қалған немесе өмірден ерте озған таланттар баршылық. Қазіргі ұрпаққа беймәлім сол дарындарға іздеу салып, өмірінен бір үзік сыр тарту мақсатында біраз уақыттан бері «Ұмытпаңдар мені» айдарын қайта жаңғыртқан едік. Осы орайда ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай сазгер Қасымхан Асанов туралы әсерлі әңгімесін баяндап берді.
13 Қазан, 2020
Жаңарған, жарқыраған Петропавл жинақы дамуды қалап отыр
Қазақта «үйі кірсе шыққысыз екен» деген сөз бар. Қай күнде отырған ұясын жұмақтай қылып, әрі сәнді, әрі сайлы қылатын еңбекқор да іскер қожайыны, жол мен жөнді жақсы білетін ісмер бәйбішесі бар үйлер осындай атақ алатын. Осы сөзді қалаға қатысты да айтуға болады. Қазіргі Қызылжар да сондай атауға лайықты шаһарға айналған. Облыс, қала басшыларының іскерлік әрекеттері қаланы жаңа сападағы деңгейге көтерген.
13 Қазан, 2020
Жасыл желекпен абаттандырылады
Басын ақ қар басқан Алатаудың баурайындағы ару Алматыда абаттандыру жұмыстары бүгінде қай деңгейде? Бұл туралы жақында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында белгілі болды.
13 Қазан, 2020
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылғанда оның мүшесі ретінде сайланған 14 академиктің ішіндегі ең жасы, президиум мүшесі, Қоғамдық ғылымдар бөлімінің төрағасы, 1951-1956 жылдары Ғылым академиясының вице-президенті, Қазақ КСР-нің ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтың туғанына биыл 110 жыл толады.
13 Қазан, 2020
Пандемия кезінде қызмет көрсету кеңейді
Коронавирус пандемиясы жекелеген адамдардың санасына ғана емес, мемлекеттің саясатына, экономикалық жағдайына ерекше әсер етті. Індеттің таралуы отандық экономиканың әр саласына түбегейлі өзгеріс әкелді. Барлық еңбек ұйымдары алдағы жылдарға жариялаған жоспарын бұзып, жұмыс режіміне бұған дейін болмаған тың тәжірибелер енгізе бастады.
13 Қазан, 2020
Осыдан дәл 48 жыл бұрын, яғни 1972 жылдың 13 қазанында Уругвайдың астанасы – Монтевидеодан Чилидің бас шаһары – Сантьягоға бағыт алған Fairchild FH-227 ұшағы Анд тауында апатқа ұшырады. Бортта барлығы 45 адам болды. Олардың дені «Old Cristians» регби клубының ойыншылары мен бапкерлері және олардың туыстары мен команданың демеушілері еді.
13 Қазан, 2020
"Барыс" "Салават Юлаевқа" сан соқтырды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның "Барысы" Уфада жергілікті "Салават Юлаевқа" қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қазан, 2020
Мектеп оқушыларына 13 қазанға арналған телесабақтардың кестесі
Білім және ғылым министрлігі 13 қазанда өтетін телесабақтардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қазан, 2020
Талғат Мұсабаев Тәжікстандағы президент сайлауында халықаралық байқаушы болды
11 қазанда Сенат депутаты Талғат Мұсабаев ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясынан Тәжікстандағы президент сайлауында халықаралық байқаушылар тобының құрамындағы жұмыстарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қазан, 2020
Атырауда карантин режімін бұзғандар анықталды
Атырауда карантин режімін бұзып, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Қазан, 2020
Экономика саласындағы Нобель сыйлығы не үшін берілді?
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы аукционның жаңа форматтары үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
12 Қазан, 2020
Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты отандасымыздың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Қазан, 2020
Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қайтадан енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
12 Қазан, 2020
Түркістанда күзгі егін жинау науқаны қорытыланды
Түркістан облысындағы күзгі егін жинау науқаны табысты қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қазан, 2020
Шонжыдағы спорт кешенінің неге құлағаны белгілі болды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) мамандары іс-сапармен жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанға Мәскеуден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қазан, 2020