Редакция таңдауы
Роза Мұқановаға Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал жазушы, драматург Роза Мұқанованы туған күнімен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын мерейтой иесіне Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қазан, 2020
Атырау қаласының әкімі 380 000 теңге жалақы алады
Бұл туралы қала әкімі Қайрат Оразбаевтың өзі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2020
Айжан Есмағамбетова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
14 Қазан, 2020
ПТР тестін тапсыру ай соңына дейін арзандайды
Қазақстандық зертханалар тәулігіне 48 мың ПТР-тест алуға қабілетті және бұл қуаттылық одан әрі арта түспек. Өңірлерге зертханалық жабдықтар жеткізілуде, мамандарды оқыту жұмыстары қолға алынды. Осы шаралардың барлығы зертханалардың жалпы қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қазан, 2020
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды
Талғат Уәли Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қазан, 2020
Мәжіліс қарыз еңбекті реттеу мәселесі бойынша өзгерістерді мақұлдады
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген қарыздық еңбекті реттеуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қазан, 2020
Алексей Цой: Індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін деп топшалады, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қазан, 2020
COVID-19: Толқынға тосқын бола ма?
Қазір Ресей Федерациясында COVID-19-ға шалдығу қарқыны алаңдатарлықтай күйде. Сол себепті федерация құрамындағы барлық облыстардың үкіметтері шектеу шараларын қатаңдатып жатыр. Оқу орындары қашықтан білім беріп, көпшілік жиналатын орындарға баруды азайтып, қоғамдық көліктерде барынша сақтық шараларын ұстану ескертілгенімен, жағдайдың оңалатын түрі көрінбейді. Тіпті қоғамдық көліктерде маска мен қолғап кимегені үшін айыппұл төлету де адамдардың бейжайлығына тоқтау бола алмай тұр. Барлық салаға тырнағын батырған індетпен күресте қосымша ауруханалар салынып, көптеген емдеу орындары қайта жабдықталып жатыр. Мәселен, Санкт-Петербургтегі індетпен күреске бейімдеген, ардагерлерге арналған ауруханаға бір күнде 40 пациент түскен.
14 Қазан, 2020
Карантин тәртібі қатаң қадағаланады
Көптің көңілін екіұдай пікірдің елесі кезіп жүр. Оған себеп, әлем жұртшылығын әбігерге салған дерттің екінші толқыны елімізде орын ала ма, алмай ма деген сауал. Қайғы мен уайымды қатар алып келген індеттің қайталанбағаны абзал ғой, әрине. Дей тұрғанмен кезбе дерт кейбір елдерде екінші мәрте қылаң беріп жатқаны байқалады. Алысқа ауыз салмай-ақ елордамыздағы ахуалға тоқталып көрсек.
14 Қазан, 2020
Теміртаудың тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрменің төрінен көне жәдігер – Құран кітабы орын алды. Өткен ғасырдың басында жарық көрген қасиетті мұраны мұражайға осыдан 20 жыл бұрын мешіттің наиб имамы Әбдуәли Асанов тапсырған екен.
14 Қазан, 2020
Еуропаның сыртқы саясаттағы ұстанымы
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. Принстон университетінің биотехника профессоры Питер Сингер өзінің мақаласында Жер-жаһанды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күресу үшін локдаун енгізу қажет пе, жоқ па деген мәселеге назар аударады. Автордың айтуынша, локдаунның әсерінен індетті біршама ауыздықтауға мүмкіндік туды. Алайда табысы төмен отбасылар бірқатар қиындыққа тап келді. Питер Сингер пандемиямен күресті әлі де жетілдіре түсу қажеттігіне тоқталады. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард халықаралық саясат туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, қазіргі таңда Еуропалық одақ үлкен таңдаудың алдында тұр. Бір жағынан, Трансатланттық келісімді сақтап қалу мақсатында АҚШ билігінің ығына жығылуды немесе өңірлік қауіпсіздікті сақтау үшін өз мүддесіне беріктік танытуды таңдауы тиіс. М.Леонард қазіргі таңда әлем еуроцентристік көзқарастан бас тартқанын айтады. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуроцентристік көзқарасты сынағаны, оның қазіргі заманғы қажеттіліктерге жауап бермейтінін айтқаны еске түседі. Мұны мақала авторы да мойындайды.
14 Қазан, 2020
Қарағанды облысының аумағында болған қылмыстық оқиғаларға қатысты екі жаңалық өткен аптада елді кәдімгідей елең еткізді. Оның бірі – Сәтбаев қаласында бес жастағы қыз баланы зорлаған деген күдікке ілінген еркексымақ кеншілер астанасындағы тергеу изоляторында асылып өлген екен. Бұл турасында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ресми түрде хабарлады.
14 Қазан, 2020
Әрбір бала бақытты болуға лайықты
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл серіктестерімен бірге көші-қон бағдарламасының нәтижелерін талқылауға арналған онлайн-кездесу өткізді.
14 Қазан, 2020
Әлемді жайлаған пандемия біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Соның салдарынан сақтық шараларының алдын алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде барлық көпшілік шараларға тыйым салынды. Оның ішінде Жеңістің 75 жылдығы да бар.
14 Қазан, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. Принстон университетінің биотехника профессоры Питер Сингер өзінің мақаласында Жер-жаһанды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күресу үшін локдаун енгізу қажет пе, жоқ па деген мәселеге назар аударады. Автордың айтуынша, локдаунның әсерінен індетті біршама ауыздықтауға мүмкіндік туды. Алайда табысы төмен отбасылар бірқатар қиындыққа тап келді. Питер Сингер пандемиямен күресті әлі де жетілдіре түсу қажеттігіне тоқталады. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард халықаралық саясат туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, қазіргі таңда Еуропалық одақ үлкен таңдаудың алдында тұр. Бір жағынан, Трансатланттық келісімді сақтап қалу мақсатында АҚШ билігінің ығына жығылуды немесе өңірлік қауіпсіздікті сақтау үшін өз мүддесіне беріктік танытуды таңдауы тиіс. М.Леонард қазіргі таңда әлем еуроцентристік көзқарастан бас тартқанын айтады. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуроцентристік көзқарасты сынағаны, оның қазіргі заманғы қажеттіліктерге жауап бермейтінін айтқаны еске түседі. Мұны мақала авторы да мойындайды.
14 Қазан, 2020
Нелли Бубэ. Қазақстан петроглифтері
Нелли Бубэ – Ұлы Жібек жолы идеясын тұтастай және ауқымды түрде бейнелеген алғашқы суретші. Оның көшпенділер өмірінің мол поэзиясына қаныққан қолтумаларындағы ескен леп – көптің назарына бірден ілікті. Әрдайым эксперименттер мен ізденістерге әзір суретшінің жұмыстары тақырыптық және техникалық алуандығымен ерекшеленеді. Өзіне ғана тән авторлық стилі Қазақстанда ғана емес, өзге шет мемлекеттерде айрықша қошеметке ие.
14 Қазан, 2020
Бұл жануарлардың «тұяқтылар» аталуы аяғының табаны қалың тұяқпен қапталғандығымен түсіндіріледі. Тұяқтылардың негізгі қорегі – шөптесін өсімдіктер. Сондықтан да бұл жануарлар тауда шөптесін өсімдіктер мол өсетін жерлерді мекен етеді. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тұяқты жануарлардан арқар, бұлан, марал, елік, қабан кездеседі.
14 Қазан, 2020
Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
13 Қазан, 2020
Алматыда карантиндік шаралар күшейді
Бүгін Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан коронавирус инфекциясына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Қазан, 2020
Каспийдегі порттарда 9 ай ішінде 1,6 млн тонна жүк тасымалданды
2020 жылдың 9 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылдың осы кезеңі деңгейінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Қазан, 2020