Редакция таңдауы
Режиссер Абдолла Қарсақбаевты «қазақ балалар киносының классигі» десек, ешкім қарсы дау айта қоймас. Өйткені ол түсірген «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қилы кезең», «Біздің Ғани», «Алпамыс мектепке барады», «Жүйрік болсаң, озып көр», «Даладағы қуғын» сынды фильмдердің қай-қайсысы да көрермен жүрегінен мәңгілік орын алған жауһарлар.
09 Қазан, 2020
Тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар...
Мәскеудің жаңбыры тас бұршақ сияқты. Әйнекті аяусыз ұрғылап жатыр. Терезеге жақын келіп, тұмшалаған қараңғыға үңіліп тұрған ол «тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар» деп күбірледі. Жан-жүрегін тебіренте әлдилеген сағыныштың күйі «Юность» мейманханасындағы жаңбырлы түні ән болып туған еді.
09 Қазан, 2020
Бүгін Алматыдағы «Абылай хан» спорт кешенінде кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Таяуда ғана тұсауы кесілген «Дарын» және «Nev Names» промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отырған айтулы жарыста Қазақстанның бірқатар аймағы және Әзербайжан мен Беларусь елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.
09 Қазан, 2020
Түркістанда "Біздің Бейсен" кітабының тұсаукесері өтті
Қазақ телевизиясының тарланы, журналист Бейсен Құранбек туралы естеліктер жинақталған кітаптың таныстырылымы Түркістан қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Қазақстанда бетперделердің бағасы төмендеді
Қазақстанда медициналық және қорғаныс бетперделерінің шекті бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz
08 Қазан, 2020
Ведомствоаралық комиссия Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі ү. ж. 7 қазандағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты шаралар әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Қостанайда жұмыртқа қымбаттады
Арқалықтағы алпауыт құс фабрикасы карантинге жабылған соң, Қостанайда жұмыртқа қымбаттап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Шымкентте коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр
Пандемияның болжамды жаңа толқынына дайындық мақсатында провизорлық және инфекциялық стационарлар жұмысының үш сценарийі әзірленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
ХОК президентін сайлау келесі жылы Афиныда өтеді
2021 жылдың 12-13 наурызында Халықаралық Олимпиада комитетінде (ХОК) президент сайлауы өтеді деп жазады Olympic.kz.
08 Қазан, 2020
Қазақстандағы "Рамстор" дүкендері жабылады
Бұл туралы "Рамстор Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми сайты хабарлады.
08 Қазан, 2020
Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүретін болды
Ауа-райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елорданың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
KASE таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Мұхтар Тілеуберді Братиславаға жұмыс сапарымен барды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчоктың шақыруымен "Globsec" 15-ші халықаралық форумына қатысу үшін Братиславаға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қазан, 2020
Шымкентте алғаш рет жүрегінде ақауы бар науқасқа стент-графт орнатылды
Шымкентте алғаш рет жүрек тұсында ақауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды. Күрделі операцияны Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері Арипов Марат пен Землянский Виктор жасады. Бұл туралы Egemen.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
08 Қазан, 2020
Димаш БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына қолдау көрсетеді
Димаш Құдайберген «Michael Kors» брендімен серіктестігін жариялады. Мақсат БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы әлемдегі ашаршылық мәселесіне назар аудару. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
08 Қазан, 2020
Елордаға ұшып келген 122 жолаушы стационарға жатқызылды
Нұр-Сұлтанға демалыстан оралған 122 жолаушы карантиндік стационарға орналастырылды. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
08 Қазан, 2020
Толстой «менсінбеген» Нобель (Бүгін – Лев Толстой Нобель сыйлығынан бас тартқан күн)
Бір ғасыр бұрын, яғни 1906 жылдың 8 қазанында орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой әйгілі Нобель сыйлығынан бас тартыпты. Һәм «әлдеқандай керосин сатушы Нобель сыйлығын ұсынады, бұл қалай болды?» деп мысқылдапты-мыс.
08 Қазан, 2020
Төмен жалақыдан құтылудың жолы бар ма?
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауында мемлекеттік жоспарлау жүйесінде адам ресурстарын барынша жұмылдыру мәселесі жан-жақты зерделенген.
08 Қазан, 2020
Көпжақты ынтымақтастыққа төнген қауіп
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымын атқарған Шаши Тарур мақаласында пандемия салдарынан БҰҰ-ның қызметіне орасан нұқсан келгеніне тоқталады. Автор әлем елдерінің жаһандық мүддеден ұлттық мүддені жоғары қойғанына қынжылыс білдіріп, ұйымды реформалау кезек күттірмейтін мәселе екеніне екпін береді. Еуропалық парламенттегі Испания делегациясының басшысы Луис Гарикано бүгінгі мақаласында «Брекситтен» кейінгі Еуропалық одақтағы білім саласының жай-күйі туралы сөз қозғайды. Оның пайымдауынша, жаһандық деңгейге шығу үшін университеттердегі ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы орайда, автордың мақаласы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда «Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді», деген сөзімен үндес шығып отырғанын атап өткен жөн.
08 Қазан, 2020
Ғылыми жұмыстарға субсидия беріледі
Келер жылы ғылыми зерттеулерге басымдық беретін фермерлер субсидия алады. Осы арқылы заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізуде қосымша экономикалық ынталандыру, сондай-ақ бизнес пен ғылымның ықпалдасуы қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
08 Қазан, 2020