Редакция таңдауы
Балаларға базарлық. Мақтаншақ бай
«Балаларға базарлық» жобасының бүгінгі саны мақтаншақ бай туралы. Байдың айдалаға қуып жіберген кәрі сиырын аяп, қамқорлығына алған кедей Зеңгі баба төлінен көп жақсылық көреді. Мұны естіген бұрынғы иесі сиырын қызғанып, дауласа бастайды. Ертегідегі оқиға осы сәтте қыза түседі.
27 Сәуір, 2020
Мемлекеттік комиссия карантин режімін жеңілдетуді қарастырды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
27 Сәуір, 2020
Пульмонолог кеңестері: коронавирустан қалай қорғануға болады?
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова ның айтуынша, COVID-19-дан болатын өлім санының дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі болатындығын дәлелдеді.
27 Сәуір, 2020
42500 теңге келесі айда да беріледі - Президент
Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Бұл туралы Мемлекет басшысының коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтылған.
27 Сәуір, 2020
Президент: Дағдарыстан кейін де біз медицинаны дамытуға баса мән береміз
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтты.
27 Сәуір, 2020
1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан-Алматы арасындағы рейстер ашылады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтты.
27 Сәуір, 2020
Алматыда қайтыс болған 97 жастағы қария КВИ статистикасына қосылмайды
Алматыда індет жұқтырған 97 жастағы қарияның қайтыс болуына ми қан айналымының жіті бұзылуы себеп болып, органикалық дертінің салдарынан беті бері қарамаған. Ал коронавирустық инфекциясы мен басқа да бірқатар ауыр кеселдері жанама аурулар болып табылмақ.
27 Сәуір, 2020
Өткен тәулікте Ресейде 6361 адам коронавирус жұқтырған
26 сәуірде Ресейде індет басталғалы бері коронавирусты жұқтырған 6 361 адам анықталды. Бұған қоса, Санкт-Петербургте екінші дәрігердің вирустың салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.
27 Сәуір, 2020
«Қошқар ата» – улы көл (Қалдықтар қоймасы халықты қажытып тұр)
Кеңестік кезеңде Маңғыстау түтіні будақтап, қазаны бұрқ-сарқ қайнаған өндірістік нысандардың мекені болды.
27 Сәуір, 2020
Жолбарысқамал хан ордасы ма, әлде...
Бүгінгі Жамбыл облысында «Жолбарысқамал» дейтін жер екі бірдей ауданның аумағында кездеседі. Жуалы ауданы, Қошқарата ауылының маңында «Үшқаспа» дейтін жер бар. Білетіндер, бұл жердің ертеден осылай аталатынын айтады. Бұл Боралдай мен Ұзынбұлақтың қосылған жеріндегі алап.
27 Сәуір, 2020
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында Айрауық деген ауыл болған. Қазір картада жоқ. Қазақы қараша ауылды тың игерген жылдары заман соқасы топырағымен қопарып алып, тарихтың терең қатпарына тығып жіберген. Бүгінде бірен-саран ескі көз қариялардың есінде қалмаса, жалпы жұрттың жадында жоқ. – Айрауық, – десең, – А? – дейді. Қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, Жамбылдың жырын хатқа түсірген Қасым Тоғызақов осы Айрауықтың төл перзенті. Қасымның тағдыры да Айрауық секілді. Тірлігінде тауқымет азабын көп тартты. Бірнеше рет Сібірге айдалды. Өмірден үлкен қасірет арқалап өтті. Өлген соң есімі атаусыз қалып, шығармалары оқылмай қалды. Биыл күзде Қасым Тоғызақовтың туғанына 110 жыл толады. Көрнекті қаламгердің мерейтойына орай, ең құрығанда аймақтық деңгейде ғылыми конференция ұйымдастырып, қазіргі Ломоносов ауылдық округін Айрауық деп ауыстырып, елді мекеннің тарихи атауын қайта тірілткен жөн. Облыс орталығынан Қасымға көше берілсе де артық емес. Былтыр Қостанайға келген сапарында алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: «Бұл қалада қолында Алаш арыстарының қаны бар Дзержинский көшесі әлі тұр екен» деп қатты қынжылған еді. Біздіңше, ақынға осы көше лайық. Аруақ разы болмай, тірі байымайды.
27 Сәуір, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында көктемгі егіс науқаны мен шаруаларды қаржыландыру жұмыстарының атқарылу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
27 Сәуір, 2020
Моновалюта дәурені аяқталуы мүмкін бе?
Күнкөрістен артылған қаржыны қандай валютамен сақтаған жөн? Бұл біздің елдің азаматтары жиі бас қатыратын мәңгілік тақырып деуге болады. Дамыған елдерде АҚШ доллары – халықаралық саудадағы айырбас құралы. Ал ұлттық валюта – күнделікті айырбас құралы.
27 Сәуір, 2020
Йеменде тыныштық орнар түрі жоқ
Өткен аптада Йемендегі атысты уақытша тоқтату келісімі аяқталды. Осыған байланысты Сауд Арабиясы бейбітшілік жөнінде жаңа келіссөздер жүргізбек. Алайда хуситтер жағы ұсыныстан бас тартты.
27 Сәуір, 2020
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет белгісі» ордені, «Астанаға 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, мемлекет тарапынан бірқатар Құрмет грамотасымен марапатталған Хамит Біржанов елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінде еңбек еткен еді.
27 Сәуір, 2020
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, ұзақ жылдар бойы еліміздің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болған, қазір зейнетке шыққан Ақсұлтан Аманбаев өзі туып-өскен оңтүстік өңірі жайлы «ұлан-ғайыр қазақтың киелі жері бар қазақтың, арғысы бүкіл түркі әлемінің аяулы мекені, қаймағы бұзылмаған қазақы қонысымыз, ұлтжанды халқымыз ұлттық дәстүрімізді, салт-санамызды ұмыттыруға бағытталған жылдарда дінімізді, тілімізді, ділімізді сақтап қалуға зор үлес қосқан қасиетті мекенде, Әл-Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған, елімізге талай атақты тұлғаларды, ғұламаларды, өнер тарландарын сыйлаған Отырардың қасиетті топырағында өмірге келгенімді мақтаныш тұтамын», – дейді. Осындай өлкеде туып, елінің бар жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен, өмірден өз орнын тауып, ұлт алдында перзенттік борышын адал атқарып, көпшіліктің құрметіне бөленген, мемлекет қайраткері, ғалым-кардиохирург Ақсұлтан Аманбайұлы Аманбаев бұл күндері сексеннің сеңгіріне аяқ басып отыр.
27 Сәуір, 2020
Жеңіл өнеркәсіптің жүгі неге ауыр?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру қажеттігін атап көрсетіп, Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар әзірлеуді, оның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуін, шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырды. Осыған орай, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленді.
27 Сәуір, 2020
Қазақстанда тағы 5 адам жазылып шықты
Елімізде барлығы 682 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
26 Сәуір, 2020
Комиссия шешімі: Алматыдағы 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан болған жоқ
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия 97 жастағы қарияның өлім себебінің коронавирус инфекциясына қатысы жоқ деген шешім қабылдады.
26 Сәуір, 2020
Дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 3 млн-ға жақындады
Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәліметке сәйкес дүниежүзінде барлығы 2 912 421 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
26 Сәуір, 2020