Редакция таңдауы
«Balapan» телеарнасы оқушылардың бейне-сабақ кестесін жариялады
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшеді. Бұл туралы balapan.kaztrk.kz хабарлады.
05 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Әуелде таңсық болды, тіпті сені шектейтін әлеуметтік догма секілді сезілетін, уақыт өте келе өмір сүру образына айналып барады. Аз уақыт ішінде біз соған бейімделіп келеміз. Ал терезе сыртындағы көктем ештеңеге көнер емес.
05 Сәуір, 2020
COVID-19: Елімізде індет жұқтырғандар саны 569 адамға жетті
Қазақстанның 6 облысынан 18 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
05 Сәуір, 2020
ДСМ еліміздің үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын салуды ұсынды
Біздің елімізде қабылданған қатаң карантиндік шаралар коронавирустық инфекцияның таралу қарқынын 28 наурызда 52%-дан кешегі тәулікте 12%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл бізге санитарлық және медициналық қызметтерге шұғыл жүктемені азайтуға және ауырған адамдарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook-парақшасында жазды.
05 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирустан алтыншы адам қайтыс болды
Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген.
05 Сәуір, 2020
Трамп пен Ресейдің мұнай үшін тартысы
Путин АҚШ Президентіне қарымта соққы беру үшін Иран мен Венесуэланы құрбандыққа шалды. Демократтар Мәскеуге мүмкіндік беруі ықтимал.
05 Сәуір, 2020
Коронавирус; Елімізде індетті жұқтырғандар саны 531-ге жетті
Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 531 адамға жетті. Індеттен жазылып шыққандар саны 36 болса, 5 адам ажал құшқан.
04 Сәуір, 2020
Індеттің атауында қандай мән бар?
Телегей тарихта адамзат баласына қауіп-қатер төндірген талай індеттің келгені белгілі. Кералаң кезеңнің тезінен өткен тәжірибе – төтеннен келген тажалға табан астында қарсы тұрар қару табыла қоймағанмен, сақтық шараларын барынша қатаңдату. Қасіреті қалың өткен күннен алған сабақтың бір мысалы – жер жаһанға жайылған жаманаттың COVID-19 деп аталуы.
04 Сәуір, 2020
Белгілі ақын Қорғанбек Аманжол дәрігерлерге арнап жырдан шашу шашты (видео)
Өмір, өмір, ардақты да бағалы, Адам шырқап, өмір әнін салады. Қорғау керек, қолдау керек өмірді, Өмір мәні мәңгібақи жоғары... - деп басталатын өлеңінде ақын Қорғанбек Аманжол дәрігерлердің өлшеусіз еңбегін бағалауға шақырады.
04 Сәуір, 2020
Олимпиадаға 24 жасқа дейінгі футболшылар қатыса алады
Олимпия ойындарына қатысатын футболшылардың жасына байланысты шектеу өзгертілді. Енді айтулы додаға 24 жасқа дейінгі ойыншылар қатыса алады.
04 Сәуір, 2020
Қазақтың қабырғалы ақыны Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерін оқи бастағанда арқаның теңіздей толқып, тебіреніп жатқан ақселеулі даласы, сол даладағы көктем нөсері, күркіреген күннен өре жөнелген бөкен лағы, бір сәт қалықтау күйінде қанатын кере тұрып қалған дала қыраны көз алдыңызға келеді. Енді бірде қараңғы түнді жарып шығып, тау ішін күңірентіп Сәкен салған ән алыстан еміс-еміс естілетіндей. Ғалым Жайлыбай жүйтки аққан жылдарға ен салғандай жемісті еңбек етіп жүрген ақын. Оқырмандар ақынның толғақты, толайым поэмаларын асыға күтіп, ақын салған енінен танығандай өз кітап сөрелеріне еншілеп алып отырады. Дүниежүзілік пандемия, әлемдегі, еліміздегі карантин, үрей мен үміт, қауіп пен қатер қалам ұстаған қай жанды да қамсыз, уайымсыз қалдырған жоқ. Соның бір белгісі – шер толқытып шығарған ой уытындай, ащы көз жасындай осы поэма. «Сұрақ белгісі» – адамның өзіне, қоғамға, әлемге, заманға даты, соның бәрінің адамға даты. Мәңгілік сауал, мәңгілік сауға. Ақының сауалы, ақынның сауғасы. Осының бәрінің жауабын кім береді? Кім бере алады? Поэманың редакциялық нұсқасы газетке жарияланар алдында толық нұсқасын сайтымызда ұсынып отырмыз. Редакциядан
04 Сәуір, 2020
Қазақстандық спортшылар сауапты іске мұрындық болды
Қазақстан спортшылары Нұр-Сұлтан қаласының жалғызбасты қарттарына ыстық тамақ жеткізуді қолға алды.
04 Сәуір, 2020
Елбасы аймақ әкімдерімен не туралы сөйлесті - Баспасөз хатшысы мән-жайды түсіндірді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақ басшыларымен не туралы сөйлескені туралы ақпарат таратты.
04 Сәуір, 2020
COVID-19: Елімізде 35 адам індеттен жазылып шықты
Бүгінде коронавирустан 35 адам жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16, Алматы қаласында – 19.
04 Сәуір, 2020
Түркістан облысында бір адам індеттен қайтыс болды
Түркістан облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды.
04 Сәуір, 2020
Шымкент төтенше жағдай аяқталғанға дейін карантинге жабылды
Шымкент бүгіннен бастап елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанша карантинге жабылды. Осыған қарай қала әкімі Мұрат Әйтенов қалың көпшілікке үндеу жариялады.
04 Сәуір, 2020
Путин мұнайдың арзандауына Сауд Арабиясын кінәлады
Ресей президенті Владимир Путин жаһандық энергетика нарығы жөніндегі жиында ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мұнай өндірудің күнделікті көлемін 10 миллион баррелге дейін азайту керек деп мәлімдеді.
03 Сәуір, 2020
Бір адам коронавирус жұқтырса, айналасындағы жүздеген кісіге қатер төнеді - Б. Уәли
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі ахуал мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыз күні мәлімдемесіндегі міндеттер және осы кездегі әрбір азаматтың міндеті хақында өз пікірін білдірді.
03 Сәуір, 2020
464 науқас: Маңғыстау облысында тағы бір жағдай тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 3, Маңғыстау облысы – 1.
03 Сәуір, 2020
Егеменнен ертегі. Қасқыр мен аю
Салтанат апаларыңыз бүгін сіздерге «Қасқыр мен аю» ертегісін айтып береді.
03 Сәуір, 2020