Редакция таңдауы
«Күміс университеттің» берері көп
Әрдайым өзгеріп отыратын заман ағымы бізден үнемі оқуды, ізденуді, дамуды талап етеді. Мысалы, адамның 20 жасында университетте алған білімі 30 жыл өткенде сөзсіз ескіріп қалады. Ал 50-ден енді ғана асқан жан берісі зейнет жасына жету үшін, әрісі күш-қуаты сарқылғанша қоғамнан алыстамай, кәсіби тұрғыда сұраныста болу үшін үздіксіз өзін жетілдіруге талпынады. Осындай талапшыл егде жастан асқандарға күміс университетте оқуға болады.
28 Қараша, 2024
Заң үстемдік құрған, азаматтық қауіпсіздік басты талап етілген қоғамда жастар құқықтық тұрғыда сауатты болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да мәлімдеді. Сонымен, қазіргі жастар өз құқын қаншалықты біледі?
28 Қараша, 2024
Еліміздің Қостанай, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Семей, Петропавл қалаларында облыстық IT-форумдары өтті. 3 мыңнан астам қатысушы жинаған бұл іс-шара өңірлерде цифрлық трансформацияны қолдау мен тәжірибе алмасудың алаңына айналды.
28 Қараша, 2024
Жасанды интеллект негізіндегі стартаптар
Еліміздегі жасанды интеллект саласын дамытуға арналған «AI'preneurs» акселерациялық бағдарламасы сәтті аяқталды.
28 Қараша, 2024
Әмбебап әдісті әуелеткен платформа
«EdTech» кейінгі онжылдықта қарқынды дамып, әлемдік білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Дәстүрлі оқу үдерісін толықтырып қана қоймай, инновациялық шешімдер ұсынды. Оның еліміздегі аяқ алысы да жаман емес. Оған бірден-бір дәлел – «Codiplay» платформасы. Жаһанның 13 еліндегі 300 мектепте жұмыс істеп, 750 мың оқушының IT сауатын көтеріп жүр. 4 жыл бұрын ғана басталған кішігірім стартап, бүгінгі күні 100 млн долларға бағаланып, 20 млн доллар инвестиция тартқан.
28 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
28 Қараша, 2024
Ұлы Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін ұлағаты бар. Жанартаудай жасын жырларымен өз үнін, өз бағытын танытқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынова осы үш қасиетті темірқазықтай берік ұстанды. Қаламгерлігі мен қайраткерлігі қатар өрілген ақын туған елін де, жылы жүрегінен төгілген лағыл өлеңін де аялады. Өзгеге ұқсамайтын талантымен, қайталанбайтын өршіл мінезімен қазақ қыздарының поэзиясын заңғар биікке көтерді.
28 Қараша, 2024
Илон Маск негізін қалаған «Neuralink» компаниясы сал адамдарға мидың имплантын орнату арқылы денесін басқаруға мүмкіндік беретін технологияны зерттеуді бастады.
28 Қараша, 2024
«Егеменмен» достасқаныма да жарты ғасыр болыпты. Ол кезде газет «Социалистік Қазақстан» аталатын. Жұртшылық арасында «СҚ» аталып, өзі де «сықиып» тұрушы еді. «Қазақстан коммунисі» журналы екеуі көрнекі құрал ретінде жұмыс үстелінің үстінде жататын. Мүйізі қарағайдай журналист ағаларымыздың ойлы дүниелерін тұшынып оқитынбыз. Соның әсері болар, газет тігінділерін сақтап қоюды әдетке айналдырдық. Олар әлі күнге дейін үйімнің төрінде.
28 Қараша, 2024
Ясауи феномені – тұтас түркі жұртына ықпал еткен бірегей құбылыс. Аңыз әулие әлі күнге жан-жақты зерделеніп, жаңа қырынан ашылып келеді.
28 Қараша, 2024
Президент білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы айтты
Бүгінде Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды. Бұл ресейлік білім беру стандарттарына сұраныстың көптігін, екі елдің жан-жақты білім және тәжірибе алмасуға мүдделі екенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2024
Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясы ашылады
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі көктемде Астанада «Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы» аллеясын ашу жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары сейіл құратын көрікті орынға айналады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2024
Ресей елімізге 24 млрд доллардан астам инвестиция салды - Президент
Мемлекет басшысының айтуынша, Ресей – Қазақстанның ең басты сауда серіктестерінің бірі және экономикамызға қаржы құйған үш жетекші инвестордың қатарына кіреді. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Келісімдер екі ел экономикасының дамуына серпін береді - Мемлекет басшысы
Президент Қазақстан мен Ресей агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге әлеуетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Елімізде жалпы қуаты 370 МВт болатын жобалар пайдалануға берілді - Президент
Мемлекет басшысы бір жыл бұрын Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын еске салды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Қазақстан мен Ресей Президенттері ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2024
Мәжіліс жаңа Су кодексінің жобасын мақұлдады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірленген Су кодексінің жаңартылған жобасын таныстырды. Құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Мәжіліс Азия Даму Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Құжат 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2024
12,8 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
2024 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 12 835 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 13 673 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024