Редакция таңдауы
Қазақстандағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады - Ералы Тоғжанов
Коронавирус пандемиясына байланысты ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
12 Наурыз, 2020
«Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасы негізінде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Үкімет арнайы алдын ала қолға алу шараларын ұйымдастыратынын және қоғамдық іс-шараларды уақытша тоқтату жөнінде мәлімдеді.
12 Наурыз, 2020
Қазақстанда орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады (видео)
Қазақстанда пандемияға байланысты мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
12 Наурыз, 2020
Еліміздің Бас прокуратурасының ресми мәліметі бойынша 2019 жылы 180 бала өзіне өзі қол салып, 351 жасөспірім өмірмен қоштасуға әрекет жасаған. Бұл 2018 жылға қарағанда 6,7 пайызға көп. Неге кейде бір әулеттің «ішкені алдында, ішпегені артында» дейтін, көзінің ағы мен қарасындай жалғыз баласы, үкілеген үміті, өзін өзі өндірдей жаста өлімге қияды? Қысқасы, бүгінде жасөспірімдер арасындағы суицидте еліміздегі төрт өңір көш бастап тұр.
12 Наурыз, 2020
Тараз маңындағы тұрғын алқаптарының мәселелерін шешу жолдары қандай?
Тараз қаласындағы кейбір шеткі аудандар мен саяжай алқаптарының қордаланған мәселелерін шешу – бүгінгі мәселенің бірі. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мұндағы тұрғындармен кездесулер өткізіп, оларға түйінді мәселелердің жергілікті бюджеттің мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетіндігін ашық түсіндірудің маңыздылығын баса айтқан болатын. Сонымен қатар әкім әлеуметтік мекемелер мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы қомақты қаржыны талап ететінін, дегенмен өзекті мәселелерді шешу үшін кез-келген жағдайда тиісті шараларды қабылдау керектігіне де назар аударған.
12 Наурыз, 2020
Боксшылар Амманнан тоғыз жолдамамен оралды
Иорданияның астанасы – Амманда өткен Азия және Мұхит жағалауы елдері арасында өткен лицензиялық турнирді Қазақстанның боксшылары сәтті аяқтады.
12 Наурыз, 2020
Технология коронавирусқа қарсы қалай күресуде?
Коронавирус тараған сайын әлемде дүрлігу қатты өршіп кетті. Бұл өз кезегінде зор экономикалық зиян тигізетіндіктен, алып елдердің өзі эпидемия пандемияға ұласқан шақта проблемалар мен үлкен мәселелер болатынын алдын ала жобалап отыр.
12 Наурыз, 2020
Қызылағаш ауылы: оқиғадан кейінгі он жыл
Әдетте, Жетісуға көктем ерте келетін. Бірақ сол тұста қыстың ызғары ұзаққа созылып, күн райы қырық құбылды. Толассыз жауған жаңбырдың аяғы қарға айналды. Таудағы қойма мен ойдағы өзендерге жиналған ылғал көлемі көбейіп, қарғын су қатері арта түсті. Бұл 2010 жылдың ызғарлы көктемі болатын. Яғни, осыдан тура 10 жыл бұрын Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылы аумағындағы су қоймасы жарылып, етекте орын тепкен елді мекенді су шайып кеткен еді. Өкініштісі, апаттан адам шығыны болып, тұтас ауылдағы тұрғын үйлер қирап қалды...
12 Наурыз, 2020
Nur Otan басшылығы Жамбыл облысының зиялыларымен кездесті
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саяси ұйымның аймақтарды аралау жоспарының аясында Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің Жуалы ауданы мен Тараз қаласында болып, өңірдің кәсіпкер әйелдерімен, зиялы тұлғаларымен, этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен және білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
12 Наурыз, 2020
Кубада коронавирустың алғашқы оқиғалары расталды. Індет белгілері 9 наурыз күні Гавана әуежайына ұшып қонған 4 итальяндық туристен анықталған.
12 Наурыз, 2020
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Жеті ата» қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көшені анықтау және тарихи қалпына келтіру, туристік нысанның біріне айналдыру мақсатында археологиялық қазба жұмыстары жүруде.
12 Наурыз, 2020
Жетілдірілген нұсқасы талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында ашық талқылау өтті.
12 Наурыз, 2020
Шаһар шырайын сәулеттік жобалар ашады
Шырайлы шаһар үшін биыл жаңалықтарға толы болмақ. Алда Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызда «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Осыған орай көктем ерте келетін Шымкент қаласында дайындық шаралары қызу жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қысқа уақыт ішінде зерттеу-зерделеу жүргізіліп, бірінші кезекте қаланың орталық аудандарының сәулеттік келбетін ретке келтіру қолға алынды. Одан соң қала аумағындағы жаңа шағын аудандардағы құрылыс жұмыстарының сапасы тексеріле бастады. Сондай-ақ әлеуметтік мәселесі күйіп-жанып тұрған елді мекендер мен шағын аудандардың инфрақұрылым жұмыстарының нақты жобалық кестесі жасақтала түсті. Әуелі туристер үшін ретті, таза, сәулетті, мәдениетті қаланың келбетін қалыптастырудағы сәтті қадам деуге болады. Әрі шетелдік инвесторлардың жаңадан тұрғызылған шағын аудандарға деген қызығушылығын арттыру болмақ.
12 Наурыз, 2020
«Астана Балеттің» Атырауға тартуы
Қар көбесі сөгілген көктемнің шуақты күндері Атырауда «Астана Балеттің» гастрольдік сапары басталмақ. Бұл ұжым тұңғыш рет Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.
12 Наурыз, 2020
Музейлерді біріктіретін жаңа орталық
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық музейде «Қазақстан музейлерін дамыту бойынша үйлестіру-әдістемелік орталығының» таныстырылымы өтті.
12 Наурыз, 2020
Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова 16 бала тәрбиелеп отыр. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қала әкімі Жақсылық Омар батыр анамен арнайы кездесіп, «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады.
12 Наурыз, 2020
Тексеріс тиімділігі немесе бюджет қаржысына бақылау орнатылады
Қазір бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыруды бақылаумен Президенттің Жарлығымен құрылған тексеру комиссиясы айналысады.
12 Наурыз, 2020
«Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек...»
Өмірдің ақиқатын шарқ ұрып іздегенде хакім Абайға соқпай өте алмаймыз. Жан жарасы жазылмай кеткен ұлы ақын бойымыздағы барлық мінді қаз-қалпында бүкпесіз айтып кеткен ғой. Сондықтан ба, кезінде ащы шындықты шімірікпей айтқан абыз ақынды айналасындағылар, әсіресе жақындары жабылып жұдырықтады.
12 Наурыз, 2020
Әлемде инфекция жұқтырғандар саны күн сайын артып келе жатқандықтан, елімізде Қытай және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.
12 Наурыз, 2020
Жақында Үкімет қаулысы бойынша елордадағы бірнеше мектепке ұлт зиялыларының есімі берілді. Соның ішінде «Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер» деп ел еркіндігін жырлаған қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының есіміне ие болған №56 мектеп-лицейі де бар. Осындай игілікті істің хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен сәйкес келуі мектеп ұжымына үлкен қуаныш, тың серпін сыйлады. Өйткені біздің әрбір қадамымыз, өркенді ісіміз осы ғұлама қос ақынның есімімен байланысты десек, артық емес.
12 Наурыз, 2020