Редакция таңдауы
«Нұрлы көш» күнін белгілесек...
Қазақ халқы өз тарихындағы қилы кезеңдерде, әсіресе өткен ғасырдың бас кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қолдан жасалған ашаршылықтың салдарынан қырғынға ұшырап, бір бөлігі бас сауғалап, дүние жүзіне тарыдай шашылып кеткендіктен, Кеңес өкіметі тұсында өз жерінде азшылық болып қалып, ана тілінен, ата салт-дәстүрінен айырылып, ұлт ретінде құрып кету қаупі төнген еді. Оған қоса, кезінде әртүрлі себеппен Қазақстанға қоныс аударылған басқа этностардың өкілдері өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде өздерінің тарихи Отандарына үдере көшкендіктен, еліміздің тұрғындарының саны да азайып, жас мемлекетіміздің адами және экономикалық әлеуеті әлсіреп қалған болатын. Осыны ескерген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығына келісімен жат жұртта атамекендерін аңсап жүрген ағайындарды қарашаңырағымыз – Қазақстанға қайтып оралтып, халқымыздың санын көбейту қамына кіріскені мәлім.
15 Қазан, 2019
Биыл Петропавлда 13 аялдама талқандалған. Бұзақыларға әсемдеп қойған дүниелер ата жауындай көрінетін болса керек, қиратылған павильондардың бәрі де шыныланған, халыққа қолайлы болсын деп әсемделген нысандар. Ал бұзақылар қаңылтырмен қаланған ескі аялдамаларға тимеген, тек жақсыны ғана бүлдіруге тырысқан.
15 Қазан, 2019
Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
Жаяу жүргінші жолағында қандай да болсын жол-көлік оқиғасы орын алса, ең алдымен көлік жүргізушісі кінәлі саналады. Жүргізуші шапшаңдықты асыра сілтеді, жол ережесін сақтамады дегендей. Әрине, бұлай деп әңгіме айтудың да жаны бар. Өйткені алдымен көлік жүргізушісіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алайда жол-көлік оқиғасына біржақты ғана қарау мен себеп пен салдарды жете таразыламау нақты болған жағдайдың ақиқатын қаншалықты ашады?
15 Қазан, 2019
Нағима Байтенова: Діни алауыздықтың алдын алу – қауіпсіздік кепілі
Діни экстремизм мен терроризм жаһандық деңгейдегі өзекті мәселеге айналды. Соңғы жылдары елімізде де лаңкестікке қарсы күрес белсенді қолға алына бастады. Осы мәселе жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нағима Байтеновамен сұқбаттасқан едік.
15 Қазан, 2019
«Кәсіп түбі – нәсіп» деп аталатын жаңа жоба «Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен іске қосылды. Моноқалада кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша арнайы ұсыныстар дайындау мақсатындағы жоба шеңберінде жұмыс тобы құрылды.
15 Қазан, 2019
Қытайда қымыз бен шұбатқа сұраныс жоғары
Бұл туралы кеше елордада өткен «Стандарттау және экспорт: Қытай нарығына шығу» форумында айтылды. Көршілес мемлекетте Ойсылқара мен Қамбар ата төлінің өніміне қызығушылық артып келеді. Алайда ұлттық сусынымызды Қытай нарығына өткізу оңай болмай тұр. Себебі бұл елде сүт өнімдерінің ұлттық стандарты енгізілген. Көрші елдің нарығын жаулау үшін отандық өндірушілерге сол талапқа бейімделуге тура келеді.
15 Қазан, 2019
Тағзым мен тағылым тоғысқан той
Тектілердің талбесігі, құрсағы құтты Маңғыстау даласы даңқы дәуірлеп, есімі елдің есінде сақталған қайраткер ұлының 80 жылдығын атап өтті. Асылын ардақтай білер ағайын арысының арада жоғын өкініш еткенмен, оның еңбегі мен шығармаларын дәріптеуді, өзі жоқ болса да шығар жасын атап өтуді парыз санапты. Жалпы, Маңғыстауда Әбіш тойы басталғалы көп болды және оның қамтылу ауқымы да орасан. Мектеп-колледждердегі түрлі байқаулар, ауыл өнерпаздарының сахналық қойылымдар байқаулары, спорттық жарыстар әрбір аудан, қалаларда, әртүрлі ұйымдарда өткізілді.
15 Қазан, 2019
Біздің белсенділігіміз де маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі түйінді мәселелерді шешудің бағытын айқындаған тың бағдарламалық құжат болды.
15 Қазан, 2019
Әлемдік тәжірибеге сай даму бағдары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлем дамуындағы бүгінгі заманның жаңа нышандары толық ескерілген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің тиімділігі, экономика мен саясат жүйесін қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, жеке тұлға, ұжым және мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының тиімді жолдары, әлеуметтік теңдіктің идеалы мен іске асырылу мүмкіндіктері заманауи әлемдік гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар үшін аса өзекті мәселелер болып отыр.
15 Қазан, 2019
Үкімет делегациясы Ақжайық өңірін аралады
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған, құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов бар Үкімет мүшелерінің бір тобы Батыс Қазақстан облысында болды.
15 Қазан, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы республикалық бюджеттің орындалуы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.
15 Қазан, 2019
Токио-2020: Ұлттық құрама спортшыларының киім үлгісіне байқау жарияланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының киім үлгісіне ашық байқау жариялайды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2019
Н.Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында сөз сөйледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2019
Қазақстан Елшісі Доминикан Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Елшісі Андриан Елемесов салтанатты рәсім барысында Доминикан Республикасының Президенті Данило Медина Санческе сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігнің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2019
Б.Сағынтаев көшкін қаупіне қатысты тұрғындар өтінішін орындады
Алматы қаласы Медеу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша қала әкімдігі Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерінің батыс жақтағы қабырғасын нығайту жұмысын аяқтаған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.
14 Қазан, 2019
Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияда өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО)141-ші отырысы аясында беделді халықаралық ұйымның төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2019
Елбасы Жапония Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2019
Қазақстанда дәнді-дақылдар алқабының 99,2% жиналды - С.Омаров
Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында астық жинау науқанының қорытындылары туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
14 Қазан, 2019
Колумбия университеті кітапханасынан қазақ тарихына қатысты кітаптар табылды
БҰҰ–дағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов кеше әлеуметтік желідегі парақшасында Нью-Йоркте Колумбия университеті кітапханасынан қазақтар жайлы, Қазақстан жайлы әртүрлі жылдарда жарияланған ескі қолжазбаларды, кітаптарды кездесейсоқ көріп қалғанын жазды.
14 Қазан, 2019