Редакция таңдауы
АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымынан шыға ма?
АҚШ Президенті Дональд Трамп тағы да әлемді дүр сілкінтті. Бұл жолы Ақ үй басшысы қажет жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуға әзір екенін мәлімдеді.
16 Тамыз, 2019
Құты қашқан Кашмир автономиялық мәртебесінен айырылды
Үндістан мен Пәкістанның арасындағы араздықтықты қашаннан қоздырып келе жатқан бітіспес дау – Джамму және Кашмир мәселесі. Жақында Үндістан үкіметі аталған штатты автономиялық мәртебесінен айыру туралы шешім шығарып, шетін жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді.
16 Тамыз, 2019
Темірден түйін түйген шеберлер
Қазаталық Молжігітовтер отбасындағы ағайынды Нұржігіт, Нұрғиса, Нұрқанат бүгінде «Ауылда жұмыс жоқ қой» деп Алматы, астанаға барып, тіпті шетел асып кететін жастарға үлгі болатын азаматтар. Қазір ағайынды жігіттердің ауылда отырып жасаған бұйымдары Алматы, Нұр-Сұлтан, тіпті көрші ел өзбек ағайындардың да сұранысына ие.
16 Тамыз, 2019
Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ең өзекті міндеттерді, шоқтығы биік жалпы ұлттық құндылықтардың насихатталуын алдыңғы қатарға шығарды. Ол – ел мен жердің тарихы, солармен тағдырлас ғұмыр, елдік келбет, азамат ажары, бабалар қағидаттарындағы берік ұстанымдар.
16 Тамыз, 2019
«...Түһ, шіркін! Тоқымдай жерде тоқсан түрлі гүл, ну орман, төбесі көк тіреген шыңдар. Жер бетіндегі жұмақ жер осы шығар», деп таңданған Нұрманбет ақсақал Солдатқұлаған асуынан Бұқтырманы жағалай жатқан елге көз тастады. Арғысы Маңғыстаудан, Оралдан, Ақтөбеден, Түркістаннан, бергісі Алматы, Астанадан келген фотосуретшілер жанталаса жан-жақтарын шырт-шырт еткізіп суретке түсіріп жүр.
16 Тамыз, 2019
Қазақстандық Ник Вуйчич атанып кеткен елорда тұрғыны Әли Тұрғанбеков Түркияның Ыстанбұл қаласында ағылшынның «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен футболдан УЕФА Супер кубогы матчына арнайы шақырылған қонақтардың қатарынан орын алды.
16 Тамыз, 2019
Өңір медицинасының өрісті кезеңі
Бүгінгі отандық медицинада диагностикамен емдеуді бір-бірімен ұштастыра, байланыстыра жүргізе білудің тиімділігі мол. Тек осындай жағдайда ғана денсаулық сақтау саласында оң нәтижелерге жету мүмкіндіктері өсе түспек. Әрине мұндай жетістіктер жалаң қолмен жасалмайды. Яғни, диагностикамен емдеу жүйесі кәсіби шеберлік пен заманауи инновациялық технологияларға арқа сүйеген кезде ғана нәтижелі болмақ. Бұл – шынында іргелі ізденістер мен тиісті қаржыландыру көздерін қажет ететін ауқымы мен өрісі өте кең іс.
16 Тамыз, 2019
Бүгінде ара-тұра газет-журнал бетінде зиялы адам деп кімді айтамыз деген тұрғыда мәселе көтеріліп жатады. Бұл, сөз жоқ, көпшілікті ойландырып, толғандыратын көкейкесті мәселе. Ондай сауалға біржақты жауап беруге болмайды. Зиялы деген ұғымда терең мағына жатыр дер едім. Жалпы, халық ұғымында, ел ішінде ғалымдарды, көрнекті ақын-жазушыларды, жоғары лауазымды танымал тұлғаларды, шенеуніктерді де зиялы қауым өкілі деп жатады. Оқығаны, тоқығаны мол, өмірлік тәжірибесі бай ел ағасы ретінде танылғандарды да зиялы азамат санатына жатқызып жүрміз. Мен соңғы пайымдаумен келісе алмаймын. Үлкен басқосуда, салтанатты мәжілісте «Бүгін осы шаңырақ басында жақсылар мен жайсаңдар, яғни зиялы қауым өкілдері бас қосып отыр» дей келіп, бірнешеуінің аты-жөнін, лауазымын атап жатады.
16 Тамыз, 2019
«Әкең келе жатыр» немесе бүгінгі әкелердің отбасындағы орны қандай?
Балаларының алды мектепке барып қалған, ең кішкентайы 2-3 жас шамасындағы үш балалы жас отбасымен бірге ауданнан қалаға дейін сапарлас болдық. Көлік қозғалған сәттен балалар әкесінің алдына отыруға таласып, ең кішкентайы «жеңіске жетіп», әкесінің тізесіне қонжиды.
16 Тамыз, 2019
Маңғыстаудың үздік кәсіпкерлері марапатталды
Ақтау қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2019» өңірлік көрме-байқауы өтті. Шараға аймақтағы 45 кәсіпорын қатысты. Оның 20-сы көрмеге өнімдерін шығарды. Биылғы байқауда танымал кәсіпорындармен қатар кәсібін жаңадан бастаған тауар өндірушілердің де өнімдерімен танысуға мүмкіндік туды.
15 Тамыз, 2019
Аз қамтылған отбасылардың балалары «Жас аула» жобасында тегін оқи алады
Алдағы волонтерлар жылына арналып «Жас аула» жобасы жарияланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
15 Тамыз, 2019
Халықаралық Әскери ойындарда Қазақстан қоржыны үш алтын медальмен толықты
Қазақстан құрамасы Халықаралық Армия ойындары шеңберінде өткізілген «Артиллериялық атыс шеберлері», «Сұңқар салу» және «Сенімді қабылдау» сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп, алтынды қанжығасына байлады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Тамыз, 2019
Арыс қаласында 2 мектеп пен 16 балабақша қалпына келтірілді
Арыс қаласында негізгі қалпына келтіру жұмыстары 6977 ЖТҚ және КПТҮ нысандарында аяқталды, оның ішінде 14 үй нөлден бастап күрделі жөндеуден өтті,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
15 Тамыз, 2019
Қазақстандық «Ник Вуйчич» Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады
Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 Тамыз, 2019
Жарық дүние есігін ашқан әрбір оныншы сәби – 15 жасқа толмаған қыздардың перзенті. Көкшетау қаласында 2018 жылы 15 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектердің 2965-і жыныстық ауруларға шалдықса, 2019 жылы олардың саны 3528 адамға жетті. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 9214-ке жетіп отыр.
15 Тамыз, 2019
«Астаналықпын» дегенді ауыз толтырып айта алсақ...
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін урбанизация деген сөзді естісек, оны тек шетелдермен байланыстыратын едік. Бізде ондай болмағандықтан, өзімізге қатысы жоқ сөзге балайтынбыз. Қазақша, жалпақ тілмен айтқанда халықтың қалаға ағылуы деп ұғылатын бұл процесс кейін өз басымызға да келіп, әлі де жүріп жатыр.
15 Тамыз, 2019
Қазылған көшелер қолайсыздық тудыруда
Жыл сайын жаз мезгілі келісімен Тараз қаласындағы барлық көшелерді қазу жұмыстары басталады. Әсіресе шаһардың негізгі көшелері қазылған уақытта өмірі болмаған көлік кептелісі орын алып, тіпті жаяу жүргіншілердің жүруіне де мүмкіндік болмай қалады.
15 Тамыз, 2019
Тұрғын үй сертификаттары бастапқы жарнаның 90 пайызын құрайды
Таяуда еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй сертификаттарын беру мен бөлудің басты қағидаттарын бекіткенін екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Бұл – ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның басым бөлігін жабу үшін азаматтарға жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін қаржылай көмек.
15 Тамыз, 2019
Жалақының өсуі жауапкершілікті арттырады
Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері ұмыт болған көне дәстүрді жаңғыртып, ананың толғағын жеңілдету әдістерін қолданысқа енгізген. Яғни, жергілікті дәрігерлер әжелеріміздің үш уықты түйістіріп, киіз үйдің шаңырағына ілінген арқан арқылы босану тәсілін жетілдірген. Мамандардың айтуынша, арқанмен босану әдісі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вертикальды босану техникасына сәйкес келеді екен.
15 Тамыз, 2019
Газетіміздің кешегі санында «Тамыз кеңесінен не күтесіз?» деген тақырыпта жарияланған мақалаға орай, редакциямызға педагогтардан түрлі пікірлер мен ұсыныстар келіп түсуде. Соның бір легін жариялағанды жөн көрдік.
15 Тамыз, 2019