Редакция таңдауы
Ежелгі грек мифологиясында ұйқы құдайы Гипнос пен өлім құдайы Танатос егіз болған деседі. Расында, «қазақ ұйқы – кіші өлім» деп жатады. Баба танымында адам ұйықтаған уақытында рухы жер-көкті шарлап жүреді-міс. Қалай десек те, ұйқы құбылысының мәні ерек, түбі тұңғиық.
17 Қазан, 2024
Қасиетті Рамазан айы қашан басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қазан, 2024
Астықтан рекордтық өнім жиналған өңір анықталды
Қарағанды облысында биыл 1 млн 300 мың тонна астық жиналды. Өнімділіктік жоғары болуының негізгі факторларының бірі мемлекеттік қолдау, ауыл шаруашылығы техникасын уақытылы дайындау, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, агротехнологияларды сақтау және отынмен қамтамасыз ету болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қазан, 2024
Шетелдік банк филиалдарын ашуға қойылатын талаптар өзгереді
Бүгін мәжілісмендер қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
16 Қазан, 2024
БҰҰ-ға әлемдік қауымдастықтың қолдауы қажет - Берік Уәли
ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс түскенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
16 Қазан, 2024
«Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» беру тәртібіне өзгеріс енгізілді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алып, мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп жазады Egemen.kz.
16 Қазан, 2024
2025 жылға арналған діни күндер кестесі жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 2025 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
16 Қазан, 2024
Павлодарда балабақшаларға азық-түлік жеткізумен айналысатын компаниялар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) бағасын 300%-ға дейін қымбаттатып ұсынған.
16 Қазан, 2024
Әлемдік фитохимия: Арқа жусаны
«Дәрілік заттар химиясы» халықаралық қоғамы Қарағандыға қоныс аударады. Себебі Италияда өткен ғылыми конференцияда ұйымның президенті болып академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Серғазы Әдекенов сайланды. Мұның игілігі көп. Бастысы, отандық дәрі өндірісінің әлеуеті артады.
16 Қазан, 2024
Есірткіге қарсы күрес толастамайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында есірткіге қарсы күрестің маңызына тоқталып: «Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады», деді.
16 Қазан, 2024
Орталық ғылыми кітапхана қамқорлыққа зәру
Ғасырға жуық тарихы бар Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың қазіргі жай-күйі сын көтермейді. Бұл – соңғы он жылдан астам уақытта мамандарды толғандырып отырған түйткілді мәселе. Бастауында академик Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, М.Әуезов сынды ғалымдар тұрған кітапхананың қоры бүгінде 6 млн-нан асады. Өкінішке қарай тарихи, мәдени маңызы зор осынау ауқымды қорды сақтаумен небәрі 40-қа жуық кітапханашы айналысып келеді. Олар мардымсыз жалақыға жұмыс істей жүріп, күрделі жөндеу жұмыстарының жайсыздығына қарамастан, оқырмандарға уақтылы қызмет көрсетіп отыр. Мұрасы мол ғылыми орталықтың келешегіне алаңдаған халық қалаулылары да мәселенің мән-жайын Парламентте көтерген болатын.
16 Қазан, 2024
Ілгерілеу бар, іркіліс те жоқ емес
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылу барысы мен вегетациялық кезеңнің өту қорытындылары қаралды.
16 Қазан, 2024
Сергей Есенин және Төле би кесенесі
Сергей Есенин десе, жылы жүзді орыс ақыны және біздің Мұқағали Мақатай, Есенғали Раушан, Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай сынды ақтангерлеріміздің өзі де, сөзі де ойлы осы шайырға арнаған жырлары еске түседі.
16 Қазан, 2024
Жарық дүниеге сүйіспеншілігі жер басып жүрген тірілерден артық ұлы ақын-жазушылар болғаны неткен бақыт. Баяғыда сүйегі қурап қалса да бір құдайдың құдіретімен олардың рухы күн сөнгенше тірі. 300 жыл бұрын бүтін бір елдің бағына жаралған аруақты ер Мақтымқұлы (1724-1807) өзі жырға қосқандай, «хақ тағала көзі түскен ер жігіт». Әлемде өлең мен көркем сөзден артық, одан асыл не болсын. «Ақын – Құдайдың дауысы» (Орхан Памук).
16 Қазан, 2024
Асуды азулы қарсылас күтіп тұр
Бұл күндері барша қазақ жанкүйерлері 19 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 245 турнирін тағатсыздана күтіп отыр. Сол кеште аса жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев Бразилия спортшысы Матеус Николаумен күш сынасады.
16 Қазан, 2024
Олжас Бектенов Пәкістан Премьер-министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Исламабад қаласына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
«Жанжал сыраға бола басталмаған»: ІІМ тосын мәлімдеме жасады
Алматыда 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі бойынша БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция өтті. Марқұмның өліміне әкеп соққан жанжал сырадан басталған жоқ. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Полиция Шерзат Болаттың өлімі бейнеленген кадрларды жариялады
Ішкі істер министрлігінің өкілдері 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан қайғылы оқиға бейнеленген видеоны көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды
Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024