Редакция таңдауы
Еліміздің жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Қыркүйек, 2024
Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2024
Әлемді әнімен әлдилеп, дүние дидарын үнімен ұйытқан Димаш – Дінмұхаммед Құдайбергеннің әр концерті жанкүйерлері үшін қашан да үлкен оқиғаға ұласып жатады. Елордамыздың төріндегі «Астана Арена» стадионында екі күн қатарынан өткен әншінің «Stranger» шоуы бұл жолы да сол қалыбынан танбады. Жаһанның 80 елінен келген 10 мыңға тарта көрерменіннің басын төр қалада қосқан ғаламат концерт саф өнер тыңдармандары мен әншінің жанкүйерлері үшін шын мәнінде үлкен жаңалық болды.
17 Қыркүйек, 2024
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында жалған ақпар беру ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отырғанына ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы арнайы комиссияның 2 млн ірі қара және 3 млн-нан астам уақ малдың санда бар, санатта жоқ екенін анықтағанын айтып, мұның бәрі мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық деп мәлімдеді.
17 Қыркүйек, 2024
«Салықтың артуы компания табысының өскенін айғақтайды»
Өндіріс үдерісіне үлес қосып жатқан компанияның бірі – өнеркәсіптік сүзгілерді шығарумен айналысатын «Asiafilter». Бас директор Индира Нұрланның айтуынша, компания сапа, сервис тұрғысынан шетелдік бәсекелестерден еш кем түспейді. Осы орайда кәсіпорын басшысымен сұхбат құрып, компанияның ғана емес, осы кәсіптің нарықтағы қазіргі ахуалын зерделеп көрдік.
17 Қыркүйек, 2024
Спорттық бағдарламалау сыни пікірді дамытады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының ұйытқы болуымен Астанада өтіп жатқан 48-інші International Collegiate Programming Contest (ICPC) әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.
17 Қыркүйек, 2024
Атом энергетикасының алғышарты
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергия тапшылығы бізде ғана емес, әлемде күшейіп бара жатқанын айтып, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет деді. Сонымен қатар АЭС құрылысы мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы шешілетінін жеткізді. Таңдаудың бұл түрі елімізде дамыған демократиялық қоғамның орныққанын көрсетеді.
17 Қыркүйек, 2024
«Самұрық-Қазына» қолдауымен қазақ-неміс мектебі ашылады
Астанада қазақ-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсуланы салу рәсімі өтті. Шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орай ұйымдастырылды.
17 Қыркүйек, 2024
Ұлан-ғайыр атырап, сол атырапта кездесетін аң-құстар, өсімдіктер, қыбырлаған жәндіктеріне дейін бәрі-бәрі біздің байлығымыз. Ал байлық дегенді оңды-солды шашпай, өзіміздің, келешектің қамы үшін сақтап, қызғыштай қоруымыз керек. Әсіресе табиғатта жойылудың аз-ақ алдында тұрған жануарлардың халі бізді ғана емес, әлем халықтарын толғандырады. Енді міне, сол табиғатта кездесетін аң-құстарға қызығатын, алаңдайтын тараптардың қолдауымен «Қазақстанның тұмса табиғаты» деп аталатын сайт ашылды.
17 Қыркүйек, 2024
Халық қаһарманы – «Қазақ газеттерінде»
Ақордадағы салтанатты рәсімнен кейін Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев жұбайы, жазушы Сәуле Досжанмен бірге ұлт баспасөзінің қарашаңырағы – «Қазақ газеттері» серіктестігіне арнайы келіп, басшылығымен және журналистермен кездесті.
17 Қыркүйек, 2024
Ортақ Түркі әліпбиі: Декларацияға қол қойылды
Осы айдың 9-11 күндері Әзербайжанның Баку қаласында Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2024
Жанат Элиманов ҚМА төрағасы қызметіне тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2024
Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Үкімет үйі ғимаратында XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарына және жаттықтырушыларға Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2024
Еліміздегі орташа зейнетақының мөлшері жарияланды
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 488,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 783,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 705 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2024
ҰҚК Төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2024
Ғылыми әлеуетті арттыра түседі
Президент биылғы Жолдауында еліміздегі жоғары білім беруді интернационалдандырудың маңызын атап өтті. Бұл қадам еліміздің білім жүйесін дамыту мен оның халықаралық қоғамдастыққа кіруі үшін аса маңызды екені сөзсіз.
14 Қыркүйек, 2024
Парасат биігіндегі өнегелі жол
Азамат ісімен, әрекетімен көрікті. Сондай абзал тұлғаның бірі – ұлағатты ұстаз, абыройлы ғалым, көркем мінез иесі Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов.
14 Қыркүйек, 2024
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның жазу мәшеңкесі сақталған. Бұл бағалы жәдігерді сол жылдардағы ел үкіметі қайраткерлік пен қаламгерлікті тең ұстаған айтулы тұлғаның шығармашылығына 20 жыл толуына орай сыйға тартқан.
13 Қыркүйек, 2024
Бұл да Жаппар мұғалімнің әңгімесінен. Сол жылы қыстың ортасына дейін ауылға көмір жетпей қойды. Бұл осы салаға жауапты аудан, ұжымшар басшылығы кінәсінен бе, жоқ шойын жол мен көмір таситын тауар вагоны жүйесінің бір ақауынан ба – білмедік. Қарашаның қара суығы жетіп келді. Мектепте отын таусылған. Сонда майдангер директор Шәкіржан ағай ауыл ақсақалдары мен аға буынды шақырып, шұғыл мәслихат құрды. Шешім де тез шықты. «Жастау жігіттер мен жоғары сынып оқушылары таудан, тоғайдан отындық ағаш жинайды. Қызуы ұзақ қураған долана, жиде, кәтіреңке кесу – уәжіп!». Тапсырма – осы. Қысқасы, еңбек пен дене шынықтыру сабағы далада өтеді. Ата-анамыз аз-кем тамағымызды қалта-дорбамызға салып береді. Ең қызығы, ер мұғалім атаулы қарап тұрмай, өздері үлгі көрсетуі керек. «Көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, екі аптада тау-тау отын жиналды. Бұған бәріміз мәзбіз. Күзде ерте қас қараяды. Бортты машина келгенше ортаға от жағып, Жаппар ағайлардың әдемі әңгімесін тыңдаймыз.
13 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетті
Астанада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетті. Дүбірлі доданың салтанатты жабылу рәсімі этноауылда өтті, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024