Редакция таңдауы
Министр медициналық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан азаматтар медициналық тексерістен тегін өтетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
18 Наурыз, 2024
Тарбия Айдымбаева: Ұлттық киім адамға рух береді
Осыдан 4-5 жыл бұрын «әлемге әйгілі бренд ретінде танытуға әлеуеті жететін ұлттық киіміміз ұмыт болып барады, өзіміздікін елемей, өзгенікін өнегелеп жүрміз» деп жиі шағымданатынбыз. Ала шапанды ағайынды айтып, доппысын басынан тастамай дәріптеп жүргеніне қызыға, қызғана қарайтынбыз. Ал бір туған қырғыз жұрты, жылдардың дүрмегінде «айыр қалпағынан» ажырап қалмады, тіпті мемлекеттік мәртебе беруге дейін барды деп талай тамсанғанбыз... Айта-айта қазаққа да «ұлттық дресс-код» дәуірі туып келеді, деп жазады Egemen.kz.
18 Наурыз, 2024
Елімізде егістік алқаптарының 70 пайызы су көздеріне зәру. Суару құрылғыларының тозығы жетіп, заманауи су үнемдеу технологиялары көптеген шаруа қожалықтары үшін қолжетімсіз болып отыр. Satbayev University ғалымдары әзірлеген технология суармалы аймақтардағы осындай мәселені шешуге ықпал етеді. Топырақты құрғақшылықтан, тозудан сақтайды.
18 Наурыз, 2024
Ресейдегі президент сайлауы: Дауыс берудің соңғы күні
Ресейде үш күнге созылған президент сайлауының соңғы дауыс беру күнінде сайлаушылардың белсенділігі алдыңғы күндердегіден біршама арта түсті. Ресей Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, ел аумағындағы алғашқы күнгі дауыс беру қорытындысында сайлаушылардың небәрі 38-ақ, ал сенбі күні 58 пайызы сайлау учаскелеріне келсе, кеше бұл көрсеткіш қашықтан электронды дауыс беруді есептемегенде 64,99 пайызға жетті.
18 Наурыз, 2024
Еліміз халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандықтан, басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяған емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетіліп отыр.
18 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 17 наурыз Шаңырақ күні болып белгіленген. Осы күні Тарбағатай ауданында «Алтын шаңырақ, күміс кереге» атты салтанатты іс-шара өтіп, үлгілі отбасылар қатысты. Шаңырақ көтергендеріне 40-50 жыл болған данагөй ақсақалдар, ақжаулықты аналар көпшіліктің қолдау қошеметіне бөленді.
17 Наурыз, 2024
Адамға есімнің өзі тегін қойылмаса керек. Тәрбия ныспысын иеленген бүгінгі кейіпкеріміздің барлық өмірлік мақсаты да негізінен осы бір асыл мұратпен астасып жатқандай. Жиырма бес жылдан аса ғұмырын қазақтың ұлттық киімін ұлықтауға арнаған Тәрбия Айдымбаеваны бүгінде қазақты айтпағанда, алыс-жақын шетелдік сәнсүйер қауымның бәрі біледі, тегіс таниды десек, артық айтқандығымыз емес.
17 Наурыз, 2024
15 Наурыз – қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікке шақыру күні. Бұл күні Шымкенттегі 10216 мен 55652 әскери бөлімдерінің қызметшілері көру қабілеті жеңіл және ауыр бұзылған балаларға арналған №33 «Ақбота» түзету балабақшасына арнайы ат басын бұрды. Ондағы мақсат – балалармен патриотизм туралы әңгіме өрбітіп, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту ету.
17 Наурыз, 2024
Қарағандыда тұңғыш рет Амал күні тойланды. Арқа мәдениетінің ақсарайы атанған Сәкен театрында ұйымдастырылған «Амал деген айыңыз…» атты өнер жәрмеңкесінде ел-жұрт есендік сұрасып, арқа-жарқа болды. Ұлттық құндылығымыз шеру тартқан көрме де, Көрісу күні көрініс тапқан театрландырылған қойылым да ерекше әсер сыйлады. Сәні мен салтанаты келіскен кештен көпшіліктің жаны жадырап, рухы аспандап тарқасты.
17 Наурыз, 2024
Рудныйда Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық салт-жоралғыларын көрсетіп, олардың мән-мағынасын ашып әңгімелеп берді.
17 Наурыз, 2024
Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күніне орай Тараз қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Анаға тағзым» орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы – ел тірегі» тақырыбында іс-шара өтті.
17 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Шаңырақ күні аталып өтті. Осыған орай өңір басшысы Нариман Төреғалиев 50, 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан отбасылармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
17 Наурыз, 2024
Шаңырақ күні дүниеге келген сәбилердің аналарына сыйлық табысталды
Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
17 Наурыз, 2024
Семейде төтенше жағдай жариялау ұсынылды
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2024
Қазақ әйелдерінің ерендігі ұмыт болмауы керек – кілем бетіне сурет салған Ассоль
Әсел Сабыржанқызының қолынан туған портреттер желі қолданушылары арасында кеңінен танымал. Суретші қаламынан Бауыржан Момышұлы, Батырхан Шүкенов, Геннадий Головкин сынды ел жақсыларының бірталай суреті шыққан. Алдымен жеке блогын жүргізіп, кейін дүйім көпшілікке «кілемдегі суреттерімен» танымал болған қазақ қызы өнер әлеміне тың туындылар алып келмекші. Айтпақшы, кілем жайын өзінен сұрап білдік.
16 Наурыз, 2024
Президент атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді
Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді. Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Наурыз, 2024
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындықты қазірден бастауымыз керек – Президент
Келесі жылы әлемде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы еліміздегі теңдессіз тарихи орындарды қорғауға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі теңдессіз тарихи нысандарды сақтап қалу бойынша құзырлы орғандарға тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2024
Қ.Тоқаев: Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу
Бүгінде ақпараттық технологияның пайдалы жағын алып, зиянды жағынан сақ болған абзалырақ. Ашығын айтсақ, интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Қазір балалар түгілі, ата-аналар да әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені Ұлттық құрылтай барысында қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2024
Құрылтай – той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес - Президент
Атырауда Президенттің төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
15 Наурыз, 2024