Редакция таңдауы
Астана - үлкен армандар орындалатын қала - Жеңіс Қасымбек
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қазақстандықтарды елорданың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
06 Шілде, 2023
Астана - Отанымыздың жүрегі: Елордаға 25 жыл
Бүгін Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі. Биыл еліміздің бас қаласы өзінің 25 жылдық мерейтойын тойлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Шілде, 2023
Рас, Астананы елдің орталығына көшіру мәселесіне халық алғашында көп мән берген жоқ. Көп адам мұны талқылаудың кезі келген жоқ деп санаса, кейбіреулер тіпті қажет емес десті.
06 Шілде, 2023
Жыл ілгері жылжыған сайын Астананың көз тартар ғажайып нысандары көбейіп келеді. Әдепкіде зәулім ғимараттарымен таңғалдырса, кейінгі жылдары көрікті саябақтары мен керемет субұрқақтары, сондай-ақ сан алуан демалыс орнымен де көңіл төріне жайғасып, әр жанға мамыражай сезім сыйлауға асығады. Көшелерін көмкерген қызылды-жасылды гүлдері мен жап-жасыл ағаштары сұлулыққа іңкәр сезіміңді одан сайын баурай түседі.
06 Шілде, 2023
АХҚО: Озық тәжірибе тоғысқан платформа
Елді биік мақсатқа, оң өзгерістерге жетелейтін қадам бас қаладан басталады. 25 жыл ішінде Астананы жаһандық деңгейге лайықты, экономикалық өрлеуге қабілетті қалаға айналдыру үшін зор күш-жігер жұмсалды. Соның бір жарқын көрінісі ретінде елордада әлемнің үздік қаржы жүйелерінің тәжірибесі мен заманауи мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей орталықтың құрылуын атап өтуге болады.
06 Шілде, 2023
Өткен маусымның қорытындысы бойынша елімізде күнбағыс тұқымының ішкі сұраныстан асып түскен ұтымсыз қоры 400 мың тоннаның үстіне шықты. Экспортқа қойылған шектеулерге байланысты өндірушілер өнімдерін сата алмай, 100 миллиард теңгеден астам табысты уыстан шығарып алды. Қазақстан астық одағының мәлімдеуінше, жағдай биылғы маусымда да қайталанып отыр.
06 Шілде, 2023
Қант өнеркәсібінің түпкі мәселелері шешілмейінше, импорттаушыларға тәуелділік бола береді. 2021 жылғы мәлімет бойынша республикамызда отандық шикізатты өңдеу есебінен ішкі нарық қантпен небәрі 7%-ға қамтамасыз етілген. Қалғаны – өңдеуге арналған импорттық шикізат пен дайын түйіршіктелген өнім болды.
06 Шілде, 2023
Жаңа тарифті халықтың қалтасы көтере ме?
Қоғам осы сұраққа жауап күтіп отыр. Себебі электр энергиясының жаңа тарифтері үшін күрес шешуші кезеңге аяқ басты. 1 шілдеден кейін Қазақстанның үш өңірінде – Алматы, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында қанатқақты жоба аясында электр энергиясына жаңа тариф енгізіледі. Дәл осы күннен кейін реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеруге мораторий ресми түрде аяқталады. Жаңа қанатқақты жоба тарифтерді саралауды жоюды қарастырады, бірақ әзірге барлығына бірдей емес. Әңгіме бюджеттік ұйымдар, бизнес және халық туралы болып отыр. Алматы мен Астана қаласында өткен қоғамдық талқылауларды сырт көз пікірталастар теке-тіресі деп қабылдады. Қоғам белсенділері, монополияға қарсы және депутаттар тарифтің көтерілуін ашық жақтаса, энергия сататын компаниялардың өкілдері қымбаттатудан өзге жолдың қалмағанын айтты. Жергілікті деңгейде төтенше жағдайға әкелген себептердің өзі туралы мәлімет аз, бірақ Қазақстанда бұл аймақтағы инфрақұрылымның күрт нашарлауы туралы көптен бері айтылып келеді. Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозығы жеткеніне баса назар аударды, бұл көрсеткіштерді кем дегенде 15 пайызға төмендету қажеттігін айтты.
06 Шілде, 2023
Астанада аспанмен таласқан, қалаға көрік беріп тұрған ғимараттар көп. Сәулетшінің қиялы мен құрылысшының қолынан шыққан туындылар жаңа қаланың сәніне айналған. Бас қаланың негізгі символы деп «Хан Шатыр», «Бәйтерек», «Ақорда», «Бейбітшілік және келісім сарайын» айтуға болады.
06 Шілде, 2023
90 жылға жуықтаған өмір өткелінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті екі ғасырдың әр алуан оқиғалары мен күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістерін бастан өткеріп, өзінің тұтас бір тарихын сомдады.
05 Шілде, 2023
Маңғыстаудағы МАЭК (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) мәселесі – тұрғындар үшін біраздан бері бас ауруға айналып, айтыла-айтыла жауыр болған, Үкімет енді ғана назар аудара бастаған мәселе. Назар нысанның кетеуі әбден кетіп болған соң кеш аударылды ма, МАЭК-ті оңалту оңайға түспей тұр. «Шықпа, жаным, шықпа» деп МАЭК-тің тілеуін тілеп қыстан аман шықтық, алайда қыс қайта оралмайды емес. Бірақ МАЭК-ті жаңғырту, оңалту жағдайы мандымай тұр.
05 Шілде, 2023
Ширек ғасыр бұрын ел астанасын Алматыдан Арқа төсіне көшіріп, қазақ елінің жаңа елордасы – Астананы жаһан жұртына таныстыру қаншалықты қайырлы қадам болса, алабота басқан, азынаған желдің өтінде орналасқан қаланың айналасына орман егу де соншалықты көреген шешім болды. «Астананың төңірегіндегі жер қолайсыз, балшық пен батпаққа орман өспейді» деп қарсылық танытқандардың қателескенін дәлелдеу үшін аса көп уақыт қажет бола қойған жоқ. Бүгінде елорда айналасындағы жасыл белдеудің аумағы 100 мың гектарға жетті. «Орманы бардың қорғаны бар» дейді қазақ. Шаһар ауасының тазалығын қамтып, ыстықтан сая, суықтан пана болып тұрған орман – бүгінде басқаланың қорғаны.
05 Шілде, 2023
Медициналық туризм орталығының мүмкіндігі
Елордада қала күні мерекесі қарсаңында «Астананың 25 жылдығы: Астана – болашақ қаласы» атты форум өтіп, оның аясында «Медициналық туризм» панелдік сессиясы ұйымдастырылды. Оған медициналық туризмнің жаһандық нарығын дамытуға атсалысып жүрген білікті сарапшылар қатысты. Қатысушылар Қытай, Түркия, Өзбекстан, Израиль, Әзербайжан, Ресей және Беларусь елдерінен келді. Сондай-ақ қатысушылар арасында республикалық жетекші медициналық ұйымдар, оның ішінде JCI (Joint Commission International) халықаралық сапа сертификатымен аккредиттелген мекемелер бар.
05 Шілде, 2023
Елордада ем алатын шетелдіктер көбейді
Егемендік алған тұста елімізде медициналық көмектің сапасы көңіл көншітерлік деңгейде емес-тін. Дерті асқынып, жанына дәру іздегендер Алматыға ағылатын. 1998 жылы еліміздің бас қаласы Астана ауысқалы әлеуметтік-экономикалық салалармен қатар медицинаға ерекше көңіл бөліне бастады. Ширек ғасыр шеңберінде Ұлттық медициналық орталықтар ашылып, ондағы жұмыс жылдан-жылға ширады. Қазір, тіпті ел түгілі, алыс-жақын шетелден келіп емделетін науқастар саны артты.
05 Шілде, 2023
Ширек ғасырда ерекше екпінмен дамыған елорданың бүгінгі келбеті кім-кімді де таңғалдырмай қоймайды. Осынау жас қаланың асқақ Астана болып қалыптасуына әрбір тұрғынының, әсіресе, халықтың басым бөлігін құрайтын жастардың үлесі зор. Арман қуып, үмітін үкілеп, Астанаға жиналған жастар өзін дамыту арқылы елорданың, елдің дамуына әсер ететіні анық. Бұл ретте бас қалада жастардың жолын ашып, жан-жақты қолдайтын мүмкіндік мол.
05 Шілде, 2023
Астана қаласының 25 жылдығына орай «Наз» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» атты мерекелік концерті өтті.
05 Шілде, 2023
Жұртым деген жұдырықтай жүректер
Алыс-жақын жұрттарда тұратын бауырлардың балаларына арналған, жиырма жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты халықаралық олимпиада биыл да ойдағыдай ұйымдастырылды. «Дарын» орталығының ұйымдастырылған бұл шара Астана қаласының 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткен аталған білім сайысында алты мемлекеттен келген жоғары сынып оқушылары алғашқы күні елдік туралы эссе жазса, екінші күні таңдап алған тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады. Үшінші турда талапкерлер шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, музыкадан, шығармашылық ұмтылыстарынан, шама-шарықтарына қарай сахналық қойылымдарын қазылар алқасының сарабына салды.
05 Шілде, 2023
Қазақстанда Астана есімді қанша адам бар?
Ұлттық статистика бюросы Астана есімді қазақстандықтар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Шілде, 2023
Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Шілде, 2023
Астана бүкіл әлемге мәдени орталық ретінде танылды - Президент
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» монументі, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, «Хан шатыр» кешені және басқа да бірегей нысандар қаланың көркін аша түскенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Шілде, 2023