Редакция таңдауы
Президент тапсырмасы аясында «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, деп жазады Egemen.kz.
20 Тамыз, 2025
Қазақ-өзбек зиялыларының интеллектуалдық форумы
Астанада Ұлттық музейде Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевалардың қатысуымен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының бірінші форумы өтті. Іс-шара аясында тараптар жаны мен қаны бір бауырлас екі елдің рухани байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.
20 Тамыз, 2025
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
20 Тамыз, 2025
Өткен апта Солтүстік Қазақстан облысының рухани өмірі айтулы оқиғаларға тол болды. Ол Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Туризм және спорт пен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Түрік мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының басшылары т.б. қатысқан халықаралық жиындар еді.
20 Тамыз, 2025
Әйгілі жазушы Әлібек Асқаровтың кезінде екі жүз мыңнан асатын таралыммен «Егемен Қазақстанда» қос-қос бетке қайта-қайта басылған «Көккөл», «Шындығатай», «Мұзтау», «Шабанбай», «Марқакөл-Шанағаты», «Аспантау», «Қазығұрт» сияқты сырлы сафарилерінің бәрінің бел ортасында Ерен Жұмағұлов жүреді. Өзінің Қатонқарағайындағы сапар атаулыны ұйымдастырады, біз ұйымдастырған Нарынқол, Қазығұрт сапарларына қатысады.
20 Тамыз, 2025
Астанадағы LRT стансалары қалай аталатыны белгілі болды
Мәслихат депутаттары Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) стансаларының ресми атауын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын жүзеге асыру бойынша Цифрлық штаб отырысын өткізді.
19 Тамыз, 2025
Берік сенімге негізделген бауырластық
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы Ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.
19 Тамыз, 2025
Парламентаралық байыпты байланыс
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты.
19 Тамыз, 2025
Аляскада жүздескен Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөзі 3 сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылды. Анкоридждегі әскери базада АҚШ басшысы Ресей президентін қызыл кілем төсеп, құрметпен қарсы алды. Кездесуде екі тарап Украинадағы соғыста тоқтату туралы нақты келісімге келмесе де, АҚШ-Ресей қарым-қатынасы жақсара түскендей болды.
19 Тамыз, 2025
Жастарға баспана сыйлаған бағдарлама
Қалаға жұмыс бабымен қоныс аударып, тұрақтап қалуды ойлаған жастарды ең әуелі баспана мәселесі алаңдатады. Олардың жұмысқа деген ынтасы зор болғанымен барлығының бірдей үйлі болуға қаражаты жете бермейді. Міне, осындай тұрақты жұмысы бар жастарға, жас отбасыларға 2019 жылдан бастап сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беріле бастады.
19 Тамыз, 2025
Айналдырған алты жыл ішінде Қазақстан электролиз зауытының белді қызметкеріне айналып үлгерген Елдос Жұмабеков бүгінде металлургия саласының туын абыроймен желбіретіп келеді.
19 Тамыз, 2025
Абылай аспас сары бел – Арқаның құт мекеніне айналған Баянауылда төрт асылдың торқалы тойы өтті. Мойылдыбұлақ жанындағы жазық далада 80-ге жуық киіз үй тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрі көрсетілді.
19 Тамыз, 2025
Араб елдері қызығушылық танытып отыр
Еліміз туризм саласында араб елдеріне жақсы танымал бағыттардың қатарына еніп келеді. «Khaleej Times» зерттеуі бойынша, Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының 60%-ы жазғы маусымда шетелге саяхаттайды. Олардың көпшілігі отбасылық демалысқа ыңғайлы, визасыз бағыттарды таңдайды.
19 Тамыз, 2025
Келер жылдан бастап салық режімдері жеңілдейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық салудың жаңа режімдері қолданысқа енгізіледі. Олар бұрынғыдан әлдеқайда қарапайым, икемді әрі түсінікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2025
Тұлпармен түн қатқан шекарашылар
Картасын найзамен сызған бабалардың бізге қалдырған аманатын күзету – армен қорғалатын абыройлы міндет. Туған жердің тыныштығын қадағалау, әрбір қадамына қырағылық танытып, мемлекеттің берік қалқаны болу – әр сарбаздың басты борышы. Осынау мәртебелі қызметтің маңызын түсіндіретін мысалдар Түркістан облысы, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы полковник Асқар Болатов басқаратын шекара заставаларының қызметінен анық аңғарылады.
18 Тамыз, 2025
Бүгін Қазақстанда ел тыныштығын тәулік бойы күзететін Шекарашылар күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке мемлекет шекарасының тұтастығын күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге арналған, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2025
Жұртшылық аманаты назарға алынады
Шымкент қаласына сапармен барған Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы аймақтағы құрылыс барысымен танысты.
16 Тамыз, 2025
Кәсіпорындар қызметіне ЖИ енгізіледі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мәселелері бойынша жиын өтті.
16 Тамыз, 2025
Озық білімді, жаңа технологияны игерген елдің ұпайы түгел
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекеттік орган өкілдері, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар жиналған алқалы жиында былтырғы оқу жылының нәтижелері қорытындыланып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер айтылып, тиімді, жемісті педагогикалық тәжірибелер көрсетіліп, ұрпақ тәрбиелеу, оқыту ісіндегі үздіктерді Президент марапаттады.
16 Тамыз, 2025