Редакция таңдауы
«Астана Опера» театры сахнасына жалпыадамзаттық құндылықтарды арқалаған «Дала үні» балеті араға үш жыл салып, жаңа нұсқада қайта оралады. Балетмейстер Патрик де Бананың асыл мұраттарға жетелеген бұл қойылымы заманауи реңктерге боялып, өзгере түсті. Тіршіліктің сан сиқыры, махаббат күші мен бабалар даналығы тығыз өрілген спектакль көпшілікке 18-19 ақпан күндері ұсынылмақ. Осы орайда жаңа кейіпте қайта оралған қойылымның дайындық барысын білуге асықтық.
15 Ақпан, 2023
Ұлттық академиялық кітапханадағы «Кітап музейінде» тарих пен әдебиетке қатысты бірқатар көне қолжазбалар мен кітаптар жинақталған. Сондай құнды дүниенің бірі – Алтынсарыұлы Ыбырай «Өлеңдер жинағы» деп аталған кітап. 1935 жылы Қазақстан көркем әдебиет баспасынан 5000 таралыммен жарық көрген жинақ латын қарпінде басылған.
15 Ақпан, 2023
Бұл тарихи журнал – Абайға арнап шығарылған алғашқы мерзімді басылым. Абай есімін ұрпақ санасында сақтау, еңбектерін нәсихаттау бағытындағы шаруаның бірі – «Абай» журналы (1918) «Қазақ» газетінің жолын жалғастырып, Абайдың рухани мұрасын жұрт жадына сіңіріп, ұлттық бағытпен жүрді. Оқырмандарын Абай көксеген жолға салуға тырысты. «Сарыарқа» газетімен қанаттас, пікірлес болды. «Бірлік туы» (1917-1918), «Жас-азамат» (1918-1919) газеттеріне рухани қолдау көрсетіп отырды.
15 Ақпан, 2023
Бабы келген кемел туындылар болады. Асқан білгірлікпен, талғампаздықпен қалыпталғаны өз алдына, байыптап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен адам емес, құдірет дерсіз. Таңдап алған тақырыбының иін қандырып, суын сығып, сөлі мен нәрін әкеп құя салады кеудеңе. Байыптап үлгермей де қаласыз. Себебі бастаған бойда бір деммен оқып шығасыз да, құмарың қанбай қайта парақтап, ұңғыл-шұңғылын тағы бір мәрте сүзіп шығасың. Әсіресе Тәкен Әлімқұлдың «Көк қаршыға» әңгімесін оқығанда әлгіндей әсер алдық. Жалпы Тәкеннің ән-күйі туралы әңгіме, повестері – атап айтарлық соқталы дүниелер.
15 Ақпан, 2023
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған құнды жәдігерлердің бірі – Айтбай батырдың дулығасы. Көне мұраны мұражайға батырдың ұрпағы Сарыкөл ауылының тұрғыны Мұрат Жанұзақов тапсырыпты.
15 Ақпан, 2023
Бүгін - Шәкен Аймановтың туған күні
Бүгін қазақтың тұңғыш кинорежиссеры Шәкен Аймановтың дүниеге келген күні. Оның қазақ киноөнеріне қосқан үлесі өлшеусіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Ақпан, 2023
Леонардо да Винчи тартылыс заңын Ньютоннан бұрын болжаған
Калифорния технологиялық институтының инженерлері Леонардо да Винчи ауырлық күші туралы тұжырымды ғылыми жаңалық ашылмай тұрып болжағанын айтты. Бұл жөніндегі зерттеу мақала Леонардо журналында жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Ақпан, 2023
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Ақпан, 2023
Ел экономикасы еңсесін тіктей бастады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде орын алған төтенше оқиғаның жай-жапсары кезектен тыс қаралды.
15 Ақпан, 2023
Сайлау алдындағы ахуал қандай?
Саяси дода қарсаңында қоғамдық алаңға мониторинг жүргізген «Адал сайлау үшін» штабы жақында осы сараптаманың нәтижесін жариялады. Сондай-ақ штаб мүшелері алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлау науқаны алдындағы ахуал туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
15 Ақпан, 2023
Қант тапшылығы қалай реттеледі?
«2022 жыл несімен есте қалды?» дегенде, көз шығарардай сойдиып тұрған – Ресей мен Украина қақтығысын, іле-шала өзімізде басталған теңге бағамының ыршып кетуін, қазақ мұнайының басына төнген қатерді (КТК-ның тоқтап қалуын) айтамыз. Бір қызығы, қатер төндіру жағынан осылардан бір мысқал кем түспейтін қант тапшылығын да аттап өте алмас едік. Сауда дүкендерінен қанттың бір-ақ сәтте жым-жылас жоғалуы нарықта алапат дүрбелең тудырды. Бұл жағымсыз ахуал елдегі қант өндірісінің қанатын жая алмай тұрғанын, өнімнің тап осы түрі бойынша импортқа тым тәуелді ел екенімізді тағы да есімізге салып өтті.
15 Ақпан, 2023
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қобда ауданының Талдысай ауылында болып, байланыс пен интернеттің сапасын тексерді. Сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
15 Ақпан, 2023
Негізгі тақырып – өңірлердегі әйелдер мәселесі
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының өткен жылғы жұмысы қорытындыланған жиыны өтті. Онда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметіне жасалған мониторинг нәтижелері жарияланды.
15 Ақпан, 2023
Көптің көмегі – бауырластық борышы
Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жібереді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. Ресми көмектен бөлек ел тұрғындары жер сілкінісінен зардап шеккен түрік ағайындарға үш миллион долларға жуық қаржы жинап берді.
14 Ақпан, 2023
Қазақ елінің негізгі бір қазынасы – «қара алтын». Қазір мұнай баррелінің құны біресе қымбаттап, біресе арзандап, қайта-қайта құбылып тұр. Мұнай бағасының тұрақты болмайтыны әуелден белгілі еді. Десек те, бағаның бұлайша құбылуы экономикасының жетекші саласы мұнай-газ өнеркәсібімен байланысты елдер үшін аса тиімді емес.
14 Ақпан, 2023
Аймақтарды зерттеу – маңызды іс
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі тағайындалды. Өкіл ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Асхат Кеңесов бекітілді. Бұл туралы ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өткен жиында институт директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді.
14 Ақпан, 2023
Бейнетінің зейнетін көретін жасқа жақындағанда жұмыссыз қалып, пұшайман күй кешкен азаматтардың ахуалы да мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды. Мұндай келеңсіз жағдайға тап болған еңбекке қабілетті адамдардың көңілін демеген «Күміс жас» жобасы бар.
14 Ақпан, 2023
Қазақ халқының тарихы оны қалыптастырған ру-тайпалардың тарихынан құралады. Бұл ру-тайпалардың кейбірі біздің заманымызға дейін-ақ тарихи деректерден белгілі болса, кейбірі орта ғасырларда тарих сахнасына шыққан. Ол кезде қазіргі моңғол даласы түркі халықтарының отаны еді. Осында қазақтың Найман, Керей, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт, Оңғұт (уақ) секілді іргелі тайпалары өмір сүрді. ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан оларды түгелімен өз қол астына біріктіріп, Ұлы дала жерінде Жошы, Шағатай, Өгедей ұлыстарын құрды. Аталған ру-тайпалардан шыққан талантты, ержүрек ұлдар Шыңғыс қолының алдыңғы шебінде жүріп империяның қанатын кеңге жаюында шешуші рөл ойнады әрі ханға және оның ұлдарына ақылшы, кеңесші болды.
14 Ақпан, 2023
Қазақтың тілдік танымында «тентекті тезге салу» деген тіркес бар. Немесе аталарымыз «Қисықты тез түзейді, бүкірді көр түзейді» деп те айтады. Бұл сөз мағыналық тұрғыдан қоғамда, яғни ел ішінде болатын кейбір қыңыр-қисық, телі-тентектерді жөнге салып, оның мінезіндегі қыңырлықтары мен әрекетіндегі оғаш қылықтарын жөнге келтіру үшін жасалған шаралар екені анық.
14 Ақпан, 2023
Адамзаттың алтын бесігі Алтай, бәлкім, алтын тау, қалай атаса да жарасады. Сақ, ғұн, түріктен қазақ шыққан атажұртымыздың қойын-қонышы бүгінде иен жатқанын білеміз. Ондағы Бөкенбай тауы, Ақсөңке сайы, Қыранжартас үңгірі, Былғары табыт обасы мен Азутау шыңы, Марқакөлді, Қалжыр мен Шүмек өзендерін Астанада отырып қалай таныдық? Жазушы Асқар Алтайдың «Былғары табыт» романынан ұшыраттық. Жердің жайы өз алдына, сол топыраққа қоныстанған жұрт, олармен астаналықтардың қатынасы арқылы өзін танудан қалған қайран қазақтың бүгіні мен болашағын бағамдайсыз. Қайран деген сөздің соңында өкініш бар...
14 Ақпан, 2023