Редакция таңдауы
Еліміздегі 49 жекеменшік IT-мектепте Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мамандарды даярлау басталды. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың білікті IT-мамандарды даярлау бойынша тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып отыр.
18 Қаңтар, 2023
Отандық таксидің мүмкіндігі мол
Осыған дейін өңірлік деңгейде ғана жұмыс істеп келген такси қосымшасы енді республикалық масштабқа шығуы мүмкін. Әңгіме Өскеменде ерекше танымал «Aparu» деп аталатын такси қызметі туралы болып отыр. Қала тұрғындары аталған қосымшаны 10 жылдан бері қолданып келе жатыр. Жақында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Aparu» компаниясының басшысы Ерлан Шаяхметовпен кездесті.
18 Қаңтар, 2023
Mассачусетс университетіне қалай түсуге болады? Гарвардта оқу үшін қойылатын талаптар қандай? Роботтехника саласы несімен маңызды? Америкалық мұнай компаниясында жұмыс тәжірибесінен қалай өтеді? Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері осы сауалдарға жауап берді.
18 Қаңтар, 2023
Биыл ауыл халқының 96%-ы сумен қамтамасыз етіледі
2022 жылдың қорытындысы бойынша қолға алынған жобалардың нәтижесінде қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 98,4%-ға және ауылды жерлерде 94,5%-ға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қаңтар, 2023
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде тағы бір фейк тарады. Бұл жолы зейнеткерлер өздерінің зейнетақы жинақтарының 50%-ын ала алатыны жайлы ақпарат қоғамды дүрліктірді. БЖЗҚ баспасөз қызметі бұған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2023
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды
Өткен жылдың желтоқсанында Электрондық еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны мен 36,6 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс 16%-ға өсіп, ал ұсыныс 27%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
18 Қаңтар, 2023
Сауда сөресіндегі отандық тауардың үлесі
2022 жыл отандық сауда саласы үшін де оңай жыл болған жоқ. Сауда желілеріндегі сөрелер тез босап, ондағы тауарлар бағасы күрт қымбаттап кетті. Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің басты монополисі Ресей еді, ондағы жағдай нашарлаған соң-ақ сөремізді немен толтырарымызды білмей дағдарып қалғанымыз рас. «Кез келген дағдарысты мүмкіндік деп қарау керек» дейтін жаттанды нақылды тағы да іске қосқымыз келеді осы жерде. Мүмкіндік деп қарайтын болсақ, басымыздан талай дағдарыс өтті, соның бірінен сыналап жол тауып, кризисті кері аунатып жіберіп, оңтайлы қырын көрсете жөнелген кейс біздің экономикада бола қойған жоқ.
17 Қаңтар, 2023
Жамбылдық шаруалар ағын судың азабын жазда ғана емес, қыс мезгілінде де қозғап жүр. Мұнысы өзекті мәселе өте тез шешілсе деген ниеттен болса керек. Сарысу ауданының шаруалары бұл жолы өңірге салаға жауапты министрлерді шақырды. Жергілікті халықтың жанайқайын еститін адам бар ма екен?
17 Қаңтар, 2023
Құмар ойынның түбі – құрдым. Мемлекеттің ақшасын талан-таражға салған адамның соңғы аялдамасы теміртор екені даусыз. Талдықорғанда жаға ұстатар жағдай болды. Облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін букмекерлік бәске салып жіберген.
17 Қаңтар, 2023
Қарағанды медицинасы ертеден елге мәшһүр. Кәсібіи әрі жоғары білікті мамандарының атағына сонау кеңес кезінде-ақ шартараптағылар қанық-тын. Бірден-бір танымал тұлғалар талай дертке дауа тапқаны белгілі. Бүгінде сол абырой биігінен Қарағанды өңірінің дәрігерлері бір сүйем де төмен түспеді. Заман талабына сай жаңа техгологиялар көмегімен бір кездері күрделі саналған операцияларды сәтті жасап келеді. Лапароскопия – осы күні қарағандылық дәрігерлер кең қолданатын тәсіл. Тоқішек патологиясы, шап жарығы секілді дерттерді емдеуде лапараскопия тәсілі танымал.
17 Қаңтар, 2023
Сцинтиграфия – емдеудің қолайлы әдісі
Сцинтиграфия – бұл изотопты қанға жіберу арқылы дененің не дене мүшесінің ішкі құрылысын көрсететін суретті шығару әдісі. Бұл медицинада дұрыс диагностика жүргізуге қолайлы. Бүгінде сцинтиграфияның көмегімен миокардты диагностикалау емдеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
17 Қаңтар, 2023
Халықаралық шарттың көмегі көп
Қазақстан қылмыстық-құқықтық салада 34 мемлекетпен 72 екіжақты шарт жасасқан. Олар – қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, қылмыскерлерді ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы құжаттар.
17 Қаңтар, 2023
Сананы улаған синтетикалық есірткі
Өткен жылы өңірде есірткі бизнесіне қатысты 314 қылмыстық іс тіркелді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл бағытта жүргізілген тергеу амалдарының үштен бірі синтетикалық есірткіге қатысты болған. Мамандар аса қауіпті қоғамдық індеттің, әсіресе жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқанына алаңдап отыр.
17 Қаңтар, 2023
Теріден жасалатын ішік қазақта ежелден бар. Бұл киім ненің терісінен тігілгеніне байланысты: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік деп аталады. Елтірі ішік дегеніміз – жаңа туған қозының терісі болса, сеңсең ол күзде жетіліп, тоқты болған қозының терісі. Мұндай терінің жүнін аталарымыз «тірі жүн» деп атаған. Ал қасқыр, түлкі терісі екі бастан белгілі.
17 Қаңтар, 2023
Кино сәнді трендке айнала бастағалы аталған саладағы баяу қозғалатын тетіктерге жан бітіп, бар қуатымен қызметіне кірісуді мұрат тұтқан белсенділігі байқалады. Кинематографтың өркендеп, әрі қарай дамуы үшін тетіктердің серпінді жұмыс істеуі қажет те.
17 Қаңтар, 2023
Оның кейіпкерлері әлемнің әр түкпірінде нәзік түпкі сенімі мен көзге көрінер-көрінбес үміт жібіне ілініп өмір сүріп жатады. Шыбын кеп қонса, шырт етіп сынып түскелі тұрған қылдан жіңішке, бәлкім қылыштан өткір болуы мүмкін адамзаттың түпсенімі. Әйтпесе, күнделікті өмірде кісі баласының сенбейтіні жоқ. Тіпті түпкі сенімді діни, я болмаса басқаларымен шатастыруға болмайтын шығар.
17 Қаңтар, 2023
Оңтүстікке көктем ерте келер еді. Әлсін-әлсін ауа дірдек қағып, ақшулан белдер масатыдай құлпырып сала беретін. Әсіресе он жеті-он сегіз жастағы біздей студент үшін көктемнің келуі мерекемен бірдей еді. Құйқылжыған нәурізек құс айналаны әсем үніне бөлеп, жан дүниеде ақүлпек үміт пен махаббат иірімдері бірге толқитын.
17 Қаңтар, 2023
Бәрімізге сүйікті жазушы Шыңғыс Айтматовтың бір кейіпкері – Исабеков секілді біз де бұл жазуды неден, қалай бастарымызды білмей ұзақ толғандық. Дүниенің азабы екен, қағаз бетін қызыл сөзге айналдыру бір сәрі, жазда жауған ақ жауындай жып-жылы сезімді, жо-жоқ, ынтыққан ыстық сезімді жеткізу қандай қиын. Бәлки, «Қызыл алманы» бірінші рет оқып, алғашқы әсермен тамсанып отырсақ, жөн екен дерсіз. Қырық бес рет парақтап, әр оқыған сайын ішің жылып, көңілің толқыса да қағазға бір тәуір сөз түсіре алмау – неткен сұмдық. Бар жан-тәніңді еліткен шығармадан бір үзік сыр айта алмай, осыншалық тұралайтын бұл қаламға да кейде күмәнданасың.
17 Қаңтар, 2023
Кейінгі бір жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 3 үшем, 78 егіз бала дүниеге келген. Ал жаңа жылдың алғашқы күндері жарық дүние есігін ашқан Айназ, Айзада, Айдана облыстық перинаталдық орталықтан аман-есен шығып, енді үйіндегі ата-әжесін қуантады.
17 Қаңтар, 2023